Кім біледі,
сен кәпір
Баяндыдан сөндің бе? (I, 176)
Білмеймін,
тойғаны ма, тоңғаны ма? (I, 71)
Көнбеді жұрт,
не лажы
(І,141).
Қыстырма сөздер, әсіресе, Татьянаның хаты сияқты адамның
ішкі сезімін баяндайтын шығармаларында, жалпы аударма
өлеңдерінде жиірек кездесетінін көрсетеміз. «Татьянаның хат-
тарынан»:
Амал жоқ,
қайттім білдірмей...
Сау болмас ем,
әлбетте...
Қожам сенсің,
не керек...
353
Қылды мазақ,
не шара...
Құп білемін,
сізге жақпас...
Одағайлар да модальдық қызмет атқарып, айтылған ойға
автордың әр алуан қатынасын білдіретіні мәлім. Қазақ өлеңін-
де одағайлардан әсіресе қаратпа реңк беретін
әй, ей
тәрізді-
лері жиі қолданылып келген болатын. Мысалы, эпостық жыр-
лар мен XV-XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының өлең-
деріндегі:
Ай,
Абылай, Абылай...
Уа,
сен Қанжығалы Бөгембай...
Ей,
айтшы, Алланы айт... (Бұхар жырау).
Әй,
қыңыр ер, қыңыр ер (Жиембет жырау).
Ей,
Қатағанның хан Тұрсын (Марғасқа).
О,
Барақ жас, Барақ жас (Дулат).
О,
Кеңесбай мырза, сөз тыңда (Дулат).
Ау,
қызғыш құс, қызғыш құс...
Әй,
Махамбет, жолдасым (Махамбет), –
т.б. жолдар қаратпа одағайлармен келген. Бұлардың қаратпа-
лық реңкі қаратпа сөздермен қатар келгенінен де танылады.
Ал қалған одағайлардың өлеңді сөйлемде келуі бұрын кемде-
кем болатын.
Абай бұл салада да оқшау тұрады. Ол әртүрлі көңіл-күйін
білдіретін
япырмау, япырмай, хош, ойбай, Құдай-ау
тәрізді
одағайларды едәуір жиі қолданған да, керісінше, жоғарғы
көрсетілгендей қаратпа одағайларды сирек пайдаланған.
Абайдың қаратпа сөздері әрдайым дерлік одағайсыз беріледі.
Біздіңше, сірә,
әй, ой, ай, ей
тәрізді одағайларды қаратпа сөзбен
қатар келтіру – ауызша толғанатын әдебиетке тән тәсіл. Жыр-
лаушы тыңдаушының назарын аудару үшін ерекше интонаци-
ямен айтылатын одағайларды немесе одағай типтес «бұлғыр,
бұлғыр, бұлғыр тау», «ауан, ауан, ауан су» тәрізді қайталама
тіркестерді сөз басына келтіреді.
Уа
одағайын қоспай-ақ, «Сен,
қанжығалы Бөгембай» деп бастаса да, буын саны да дұрыс
келер еді, айтылмақ ой да бұзылмас еді. Бірақ ертеден, ауыз
әдебиетінен дәстүрге айналған тәсіл – одағайды тіркеп көңіл ау-
дарту тәсілі жеке ақындар тілінен де орын алған. Одағайлардың
354
кейде буын өлшеміне қатысатын сәттері болады. Мысалы,
«Әй, Махамбет, жолдасым» дегенде,
әй
одағайы назар аудар-
тумен қатар, буын санын жетеуге жеткізу міндетін атқарып
тұр. Жаңа жазба әдеби тілдің үлгілерін ұсынған Абай бұл көне
тәсілді, яғни ауызша айтып, «құлақша» тыңдату тәсілін әдейі
пайдаланбағанға ұқсайды. «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де
түзел» деген сөзін ұлы ақын тыңдаушыдан гөрі оқушыға ар-
найды.
Әй, ай-
ларсыз-ақ негізгі айтылмақ ойға оқушы назары
өлең мазмұны арқылы аударылатынына Абай сенген тәрізді.
Бұл да – Абайдың ауыз әдебиеті дәстүрлерінен ілгерілеген,
алшақтаған, жаңа жазба әдеби тіл тәсілдерін іздеген сәттерінің
бірі болса керек.
Оңашаланған айқындауыш мүше формальдық классифика-
ция бойынша оқшау сөздерге жатпаса да, біз осы жерде Абай
текстерінде бір-екі жерде кездесетін бұл категорияны талдай
кетелік.
Жалпы оңашаланған айқындауыш – қазақ әдеби тілінде, біз-
дің байқауымызша және кейбір мамандардың топшылаулары
бойынша
125
, синтаксистік категориялардың ішіндегі кейінгі
кезде ғана өріс алған амалдардың бірі, өйткені қазіргі қазақ
тілінің нормативтік грамматикасын баяндаушылар бұл кате-
горияның қазіргі әдеби тілімізде бар екенін жан-жақты көр-
сеткенмен, оның даму тарихын еш жерде айтпайды, ал берілген
мысалдар үнемі дерлік проза тілінен, оның ішінде де көбінесе
көркем әдебиет емес, өзге стильдерден екені байқалады» Біз
осы категорияны іздеп, Абайға дейінгі қазақ поэзиясын шо-
лып өткенімізде, оны таба алмадық. Абайдың өзінде де бұл тек
аударма өлеңдерінде орыс тілі синтаксисінің ізімен берілгені
көрінеді. Лермонтовтан аударылған «Жалау» өлеңінде:
Қарашы ол,
бүлік,
Құдайдан
Сұрайды дауыл күні-түн (II, 144), –
деген жолдары орысша:
А он,
мятежный,
просит бури,
Как будто в бурях есть покой (Лермонтов. I, 306), –
деген жолдардан алынған. Мұндағы
ол
деген есімдіктің
бүлік
де-
125
Қазіргі қазақ тілі. - Алматы, 1961. - 128-б.
355
ген сөз арқылы айқындала түсуі – бұрынғы қазақ синтаксисіне
тән емес, ол
он, мятежный
деген орысша құрылымның ізімен
беріліп тұр. Сол сияқты «Бородинода»:
Ондағы біздің адамдар
Сендердей
емес,
балаңдар
(II, 70), –
дегенінде
балаңдар
сөзі –
сендер
сөзінің оңашаланған ай-
қындауышы. Орысша
«вы, нынешнее племя»
дегеннің аудар-
масы. Прозамен берсек: ондағы адамдар
сендер, балаңдар
емес
(немесе
сендердей, балаңдардай емес)
болар еді.
Оңашауланған айқындауыш категориясын Абай қабылдау
потенциясын батыл түрде көрсеткен дей аламыз. Кейін, соңғы
30-40 жыл ішінде, әсіресе әдебиеттің өзге жанрлары дамыған
кезде және орыс тілінен аударма тәжірибесінің күшейген
тұсында, бұл категорияның тілімізде нормаға айналғанын
айтуға болады.
356
Достарыңызбен бөлісу: |