Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған


ҰЙҚАС ЖӘНЕ ӨЛЕҢ СИНТАКСИСІ МЕН СТИЛІ



Pdf көрінісі
бет147/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

ҰЙҚАС ЖӘНЕ ӨЛЕҢ СИНТАКСИСІ МЕН СТИЛІ
Аяққы ұйқасқа алынған сөздердің атқаратын рөлін зерт-
теушілер айрықша атап көрсетеді. Ұйқастың өлең табиғатына 
сай өзге рөлдерімен (мысалы, ырғақты күшейтіп, тармақ 
жіктерін ажырататын т.б.) қатар, оның көркемдік-бейнелеу 
құралы ретінде де мәні бар екендігі, яғни өлеңдегі негізгі 
айтылмақ ойды білдіретін сөздер ұйқастырылатындығы айты-
лады. Дәлірек айтсақ, ұйқастырылған сөздерге интонациялық 
екпін түседі де ол сөзге оқушының көңілі аударылады
126

сондықтан ақын «эң мықты, салмактуу, уккулуктуу сөздерин 
рифма системасына қийирып, толук дабыштык үндөштүкта 
құруға умтулушат»
127
. Зерттеушілердің барлығы дерлік В.Мая-
ковскийдің ұйқасқа ерекше мән бере жазған: «...Я всегда ставлю 
самое характерное слово в конец строки и достаю к нему риф-
му во что бы то ни стало» деген сөздерін цитат етіп келтіреді.
Демек, біздің бұдан түйетініміз – ұйқасқа алынатын сөздер 
кездейсоқ болмайтындығы, олар шумақтың немесе өлең бөлік-
терінің негізгі мағынасын аша түсетін сөздер болуға тиісті 
екендігі. Яғни ұйқастың өлең мазмұнына, идеясына, стиліне 
тікелей қатысты екендігін біз де баса көрсетеміз. Соған 
орай ұйқастырылатын сөздердің сипаты (қай сөз табы) мен 
тұлғасының қандай екендігінің үлкен мәні бар және ұйқасқа 
алынған сөздердің өлең синтаксисіне тікелей әсері бар. Бұл 
жайт қазақ филологиясында (тіпті өлең құрылысы жайын-
да жазылған біз танысқан өзге түркі филологиясында) мүлде 
арнайы сөз болған емес. Егер тиіпқашты сөз болса, ол етістік 
ұйқастар жайында болып келеді. Біз Абай өлеңдерінің негізінде 
ұйқастық өлең синтаксисіне және өлең стиліне тікелей 
қатысын талдамақпыз. Бұл мәселе, бір жағынан қарағанда, 
жеке қаламгер талғамын тану саласына да жатады, өйткені 
ұйқас пен өлең мазмұнының гармониясын кез келген ақын кез 
келген шығармасында принцип етіп ұстана бермейді.
126
 Тимофеев Л. 
Стих и проза. - М., 1938. - С.157; 
Ахметов 3.
Көрсетілген кітап. 
111-123-б.; 
Хамраев М.
Основы тюркского стихосложения. - Алма-Ата, 1963. - 
С.25.
127
 Рысалиев К.
Қырғыз ырларының түзулушу. - Фрунзе, 1965. - 61-б.


357
Абай да айтпақ ойы үшін «ең салмақты», яғни
образды 
сөзді тармақ соңына шығарып, қалған тармақтарды соған ұй-
қастырады. Мысалы, ұлы ақын бірқатар шығармасының кей-
де түгел өн бойында, кейде жеке шумақтарында кейбір заман-
дастарының жағымсыз бейнесін суреттеген. Адам баласының 
мінез-қылығын жағымсыз жақтан көрсететін сөздердің бір 
тобы – еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер немесе солардан 
жасалған туынды сөздер. Сондықтан Абай «Қазағым, қалың 
елім, қайран жұртым» тәрізді өлеңін бастан-аяқ 
қыртың, 
бұртың, қиқым, тырқың, жыртың 
сияқты жағымсыз об-
разды сөздердің ұйқасына құрады, «жібі түзу» мәнді сөздер 
(жұртым, ұртың, мұртың, құлқың, жылқың 
т.т.) алдыңғы об-
разды сөздерге ұйқастырылып алынады, сөйтіп, өлеңнің негізгі 
идеясына – «жақсы мен жаманды айырмаған», «ұстарасыз ау-
зына мұрты түскен» замандастарының жағымсыз сипатын 
көрсетуге ұйқасқа алынған сөздер де қатысып тұр. Өлеңнің өн 
бойына созылған моноұйқаста (бірөңкей ұйқаста) бейнелеуші 
сөздердің дәйім келіп отыруы осы сөздерге оқушы назарын ау-
дартады, өйткені бұлар тармақ соңында тұрғандықтан, пауза 
жігіне сай келіп, оларға интонациялық екпін түседі. 
Тағы бір мысал келтірейік. Еліктеуіш, бейнелеуіш сөздерден 
жасалған етістіктерді көсемше тұлғасына қойып ұйқасқа 
қатыстыру арқылы автор «Болыс болдым, мінекей» өлеңінде 
өз тұсындағы болыс, ояз, пысықтардың жағымсыз портретін 
әсерлі етіп дәл береді:
Күн батқанша шабамын,
Әрлі-берлі 
далпылдап.
Етек кеткен жайылып,
Ат к... 
жалпылдап.
Оязға жетсін деген боп, 
Боқтап жүрмін 
барқылдап. 
Кейбіреуге таяғым 
Тиіп те кетті 
бартылдап.
Пысықтың көбі бұғып жүр
Беттесе алмай 
шаңқылдап...
Елі жөнді болыстар 


358
Мақтанып жүр 
тарқылдап...
Елің бұзық болған соң,
Ояз жатыр 
шартылдап.
Табаныңнан тозасың
Құр жүгіріп 
тарпылдап 
(I, 80, 81).
Тек бейнелеуіш сөздер емес, семантикасында «жағымсыз» 
реңкі бар өзге сөздер де мәлім. Мысалы, 
ыржақтау, далақтау, 
бос салақтау, бұтып-шату, Құдай ату 
т.б. сөздер «оңған» 
қылықты білдірмейді. Абай «Қыран бүркіт не алмайды салса 
баптап» және «Байлар жүр жиған малын қорғалатып» деген 
өлеңдерінде осы сөздерді ұйқасқа алады. Біреуінде «өзі алмай-
тын, қыранға алдырмайтын» күйкентайын қияға қоса жіберіп 
жүрген, «басқа сая, жанға олжа» дәнеңесі жоқ замандастарын 
бейнелесе, екіншісінде «сұм-сұрқия, қу, білгіш атанбаққа Құдай 
құмар қылып қойған» замандастарын суреттейді. Екеуінде де 
ақын образды дәл, әсерлі етіп беруге ұйқасқа алынған сөздерді 
қатыстырған.
Әрине, тек жағымсыз образдарды жасауда ғана емес, өзге 
көп сәттерде Абайдың ұйқасқа алынған сөздері мен өлең (не-
месе оның жеке бөліктерінің) мазмұны (идеясы) сай түсіп жа-
тады. Мысалы, «единица – жақсысы, ерген елі – бейне нөл, 
единица кеткенде, не болады өңкей нөл?» деген идеяны бір 
өлеңнің өзегі еткен Абай, алдымен, орыстың осы сөзін 
(ноль) 
образ-стилема етіп қазақ әдеби тіліне енгізеді, құр енгізіп 
қоймайды, оған негізгі ой екпінін түсіруді көздейді, сондықтан 
да оны екі рет тармақ соңына шығарып, 36 жолдық тұтас 
өлеңнің бастан-аяқ ұйқасын осы сөзге құрады. Сөйтіп, 
нөл 
сөзі 
ерекше таныла түседі, өлең идеясының өзегін таныта түседі.
Тағы бір мысал. Абай философиялық ұғымдарды сөз ет-
кен бірқатар өлеңдерінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет