(болды да партия, әуремін мен тыя),
тармақтар ара-
сында да (соңғы тармақтағы толықтауыштарды қараңыз)
пайда болып тұр. Осы арқылы ақын бұл сияқты өлеңдердегі
лирикалық геройдың іс-әрекетіне назар аудартады әрі инвер-
сия өлеңге шорт кеспе (резкость) реңк беріп, оның эмоциялық
әсерін күшейтеді. Логикалық екпін түскен сөйлем бөлігін басты
тармақ етіп орналастырғанда, ол кейде әсіресе синтаксистік
тұтастық екіден көп жолдарға орналасқанда, сол тұтастықтың
тірегі, арқауы іспетті рөл атқарады. Мысалы:
Есіңде бар ма жас күнің,
Көкірегің толық, басың бос.
Қайғысыз, ойсыз мас күнің?
Кімді көрсең, бәрі дос (І,228), –
335
дегенде бірінші тармақ – 4 жолдық тұтас шумақтың, яғни бір
шумақта берілген синтаксистік тұтастықтың каркасы (арқауы):
қалған үш жол –
жас күн
дегенге қатысты инверсияланған
анықтауыштар немесе анықтауыш сипатындағы құрылымдар.
Мұндай каркастық қызмет атқаратын конструкцияны шумақ
басына шығару Абайда едәуір жүйелі түрде келеді. Мысалы,
жоғарыдағыдай тұтас тармақ болмайтын арқаулар да кезде-
седі, бірақ олар да инверсияланып, негізгі айтылмақ тұтас
ойдың басына орналасып, ұйымдастырушы қызмет атқарады:
Дос алады,
бермесең – бұлт берем деп,
Жауыңа қосылуға сырт берем деп,
Бұзылған соң мен оңай табылмаспын,
Не қылып оңайлықпен ырық берем деп (I, 28).
Бұл жердегі синтаксистік тұтастықтың ұйытқысы – «дос
алады» деген конструкция. Қара сөз тәртібінде бұл
деп-ке
біткен құрылымдардың бәрі жинақталып, ең соңында берілер
еді. Оның инверсияға ұшырап, шумақ басына шығарылуы –
біріншіден, каркастық қызмет атқарса, екіншіден, негізгі ойға
(достың да алармандардың бірі екендігіне) екпін түсіру, на-
зар аудару міндетін атқарады (одан кейін орналасқандар сол
тұжырымның – достың да аларман екендігінің – неліктен,
қайтіп, қашан екендігін ғана баяндайды, ақын үшін негізгі
логикалық ой – бұлар емес, «достың да алатындығы»).
«Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» деп басталатын ау-
дарма өлеңінде де анаформа ретіндегі «мен көрдім» шумақ
басындағы топтаушы тірек болып берілген:
Мен көрдім
ұзын қайың құлағанын,
Бас ұрып қара жерге сұлағанын...
Мен көрдім
ойнап жүрген қызыл киік
Кеудесіне мылтықтың оғы тиіп... (II, 114).
Екі тармақта берілген бір сөйлемнің басты бөлігі (тұрлаулы
мүшелері немесе басыңқы сөйлемі) бұрын орналасуы осы
принципке бағындырылған. Және бұл принциптің жүйелі
түрде келуі – қазақ поэзиясы синтаксисінің жаңа сапаға
көшкендігінің белгісі әрі бастамасы. Оның иесі мен бастаушы-
сы Абай екендігін көреміз.
336
Жалпы инверсияны, оның ішінде, бастауыш пен баяндау-
ыштың орын алмасуын сөз еткенде, жол-жолай көңіл аударатын
және бір жайт бар. Ол – етістіктен болған мүшенің (көбінесе
баяндауыштың) жалпы өлеңдегі тұратын орны, тұлғасы және
олардың өлең мазмұнына (идеясына, сипатына) қатысы туралы
мәселе.
Етістіктен болған мүшелер көбінесе баяндауыш болатыны
мәлім, сонымен қатар көсемше тұлғалы етістіктер тұрлаусыз
сөйлем мүшесі (пысықтауыш) болып та қолданылады. Ең ал-
дымен, етістік баяндауыштар туралы. Қазақ поэзиясында,
оның ішінде Абайда да тиянақты сөйлемнің етістіктен болған
баяндауыштары екі түрлі тұлғада қолданылады: ашық рай-
да және
-ып
жұрнақты көсемше тұлғасында (ал бағыныңқы
сөйлемнің баяндауышы прозадағыдай көсемше, есімше, шарт-
ты рай, тұйық етістік тұлғаларымен келетіндігін ескертуге бо-
лады).
Тиянақты сөйлемнің баяндауышы ашық райда қолданыл-
ғанда, біздің байқауымызша, өлеңнің мазмұндық сипатына
қарай орын талғайтын тәрізді. Егер өлеңде оқиға динамикалық
күйде суреттелсе, ашық райдағы баяндауыш негізінен тар-
мақ соңына келтіріліп, ұйқас құрауға қатысады. Мұндай шу-
мақтарда баяндау сипаты (повествовательный характер) басым
болады. Бұл тәсіл әсіресе адамның іс-әрекеті мен оқиға, жорық
т.т. баяндайтын өлеңдері мен поэмаларында қолданылғанын
көреміз. Мысалы, қысты кәрі шал – адам етіп суреттеген
өлеңде («Ақ киімді, денелі, ақ сақалды») ақын іс-әрекетті
динамикалық түрде береді, яғни қыстың суықтығы, бораны,
бұлты т.т. мен қыстыгүнгі мал мен малшылардың хал-жайы
статикалық күйінде емес, қимыл, әрекет арқылы баяндала-
ды, сондықтан мұнда
келіп қалды, әлек салды, ажарланды, үй
шайқалды, теріс айналды
тәрізді ашық райдағы етістік баян-
дауыштар тармақ соңына келтірілген. Ал көктемді суреттеген
осы қатардағы екінші өлеңін («Жазғытұры қалмайды қыстың
сызы») ақын басқаша сипатта ұсынған: мұндағы көріністер
динамикалық қозғалыс үстінде емес, статикалық күйінде, яғни
суреттеу арқылы берілген. Ол үшін де автор ашық райдағы
етістік баяндауыштарды алады, бірақ олар орын талғап,
тармақтың ішіне кеткен, демек, ұйқасқа қатыспайды:
337
Жазғытұры
қалмайды
қыстың сызы,
Масатыдай
құлпырар
жердің жүзі.
Жан-жануар адамзат анталаса,
Ата-анадай
елжірер
күннің көзі (І,122).
Әрине, ашық райдағы етістік баяндауыштар тармақ соңын-
да – өз орындарында тұрып, ұйқасқа қатынасқан өлеңдердің
барлығы түгелімен тек іс-әрекетті қимыл-қозғалыс үстінде
баяндау болып келмей, ішкі портрет болуы да мүмкін, бірақ
мұнда да сол портрет геройдың қылығы, іс-әрекеті арқылы
беріледі, сондықтан да баяндауыш ұйқастар өлеңге баяндау си-
патын береді. Мысалы, «Көңіл қайтты достан да, дұшпаннан
да» өлеңінде байлар, саудагерлер, естілер, ессіздер, телі-
тентектер, құда-тамыр, дос-жарандар т.т. портреттері бір-бір
шумақта беріледі және бұл портреттер солардың іс-әрекеті,
қылығымен суреттеледі, сондықтан да ақын баяндау стилін
қолданып,
жүр
сөзі рефрен ретінде келген етістік ұйқастарды
алады:
Естілер де ісіне
қуанбай жүр,
Ел азды деп надандар
мұңаймай жүр.
Ала жылан, аш бақа күпілдектер
Кісі екен деп үлкеннен
ұялмай жүр
(I, 33).
Абайдың көптеген өлеңі – лирикалық геройдың ішкі жан
дүниесін білдіретін суреттеу сипаттағы дүниелер, сондай-ақ
енді бір тобы – жағымды-жағымсыз замандастарының ішкі-
сыртқы портретін беретін өлеңдер, қалған тобы өмір, табиғат,
дін, білім-ғылым, адамзаттың мінез-құлқы туралы толғанған
өлеңдерін қамтиды. Бұлардың барлығында да динамикалық
іс-әрекет жоқ, бұларда белгілі бір құбылыстың, жай-күйдің
қалыпты күйі (статикалық күйі) суреттеледі. Осыған орай
бұларда етістік баяндауыштар тармақ ортасында не басында
келеді. Бұған аталған топтарға жататын кез келген өлеңінен
мысал келтіруге болады. Бір ғана мысал: жастық, жас кездегі
семья, жас жігіттің өз басының қадір-қасиеті туралы жырлаған
«Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» деген өлеңінде етістік
баяндауыштар (кейбір бұйрық рай мен
-ар
тұлғасы түрлерінен
басқасы) барлық шумақта тармақ ішіне жіберілген:
338
Шын көңілмен
сүйсе екен,
кімді сүйсе,
Бір
:
сөзімен
тұрса екен,
жанса, күйсе.
Қырмызы қызыл жібек бозбалалар
Оңғақ бұлдай
былғайды,
бір дым тисе...
Шу дегенде
көрінер
сұлу артық,
Көбі көпшіл
келеді
ондай қаншық,
Бетім барда бетіме кім шыдар деп,
Кімі паңдау
келеді,
кімі тантық... (I, 38, 39).
Етістік баяндауыштар инверсияланып келгенде, өлеңге ба-
яндау сипатынан гөрі, суреттеу мәнін беретіндігін (орыс по-
эзиясында) Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңін талдаған акад.
Л.В.Щерба көрсеткен болатын
117
. Қазақ өлеңінде де тиянақты
етістік баяндауыштар өз орындарында тұрмай, инверсияланып
келгенде, іс-әрекеттің өзін баяндау емес, сол іс-әрекетті орын-
даушы затты, құбылысты суреттеу сипатын беретіні байқала-
ды.
Сөйтіп, өлеңдегі етістік тұлғалы мүшелердің, оның ішінде
баяндауыштың орын талғауы (инверсияға түсу-түспеуі) және
оның тұлғасы көп сәттерде өлеңнің мазмұнына, сипатына
тікелей қатысты болып келетінін Абай шығармалары айқын
танытады. Бұл да – стильдік таңдаудың, әдеби талғамның бір
түрі және жетілген жазба әдеби тілдің талабы мен белгісі деп
табамыз.
117
Щерба Л. В.
Избранные работы по русскому языку. - М., 1957. - С. 43.
339
Достарыңызбен бөлісу: |