Джакупова Жанар Ерекеевна Неизвестно 4 Шапекова Нэля Лукпановна Декан факультета Əзірлеуші: Колпек Айнагүл, -неизвестно hoa 3213 Химияны оқыту əдістемесі пəні бойынша оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет24/90
Дата31.01.2023
өлшемі2,22 Mb.
#166960
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   90
Байланысты:
umkd 3

Оқыту әдістерінің жіктеліуі. 
Оқыту әрекетінің бір бөлігі болғанымен, оқыту 
әдістерінің өздері күрделі жүйе құрайды. Олар жалпы әдістер тобы жәнек жеке әдістер 
болып жіктеледі. Жалпы әдіс одан әрі оқушының таным әрекетінің сипаты бойынша 
түсіндірме- иллюстративті, іздестіру (эвристикалық) және зерттеу әдістеріне тарамдалады. 
Бұлардың әрқайсысы білімнің бастауларына, басқаша айтқанда оқыту құралдарына қарай 
сөз әдістерінің тобы, сөз-көрнекі сарамандық әдістер тобына бөлінеді. Әдістер тобы одан 
әрі жеке әдістерге жіктеледі. 
1.
Түсіндірме – сурет бойынша түсіндіру жалпы әдістің сөз әдістері тобына 
мына жеке әдістер жатады: а) баяндау (дәріс әңгіме); ә) әңгімелесу; текспен өздігінен 
жұмыс. 
Түсіндірме – сурет бойынша түсіндіру әдісі – мұғалімнің екі негізгі іс-әрекетін жаңа 
білімді баяндап түсіндіруін көрсетеді. Мұғалімнің оқу материалын баяндауының 
үштүрі белгілі: монологтық, диалогтық және көрсетілімді пайымдау тәсілі. Бұл әдіс 
негізінен үш топқа бөлінеді. 
2.
Сөз-көрнекі әдістер тобына жататын жеке әдістер: а) көрнекі құралдарды 
көрнекі көрсете отырып баяндау; ә) көрнекі құралдарды көрнекі көрсете отырып 
әңгімелесу; б) текс және көрнекі құралдармен өздігінен жұмыс. 
3.
Сөз-көрнекі-сарамндық әдістер тобына: 
а) оқушылардың үйлестіріп берілген материалдарымен жұмысы;
ә) химиялық тәжірибиелерді орындау; 
б) құралдар құрастыру, модельдер жасау; 
в) жазбаша және графикалық жұмыстар орындау жатады. 
Іздестіру (эвристикалық) жалпы әдісінің мынадай әдістері бар. 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Оқу әдістемелік кешен 
Алтыншы 
басылым 
1.
Сөз әдістер тобы: а) әңгімелесу (дискуссия, семинар), ә) текспен өздігінен жұмыс. 
2. Сөз-көрнекі әдістер тобы: а) көрнекі құралдарды пайдаланып, эвристикалық әңгімелесу; 
ә) көрнекі құралдар және текспен өздігінен жұмыс. 3. Сөз-көрнекі-сарамандық әдістер тобы 
жеке әдістерінің тізбесі осының алдындағыға ұқсас, одан айырмасы оқушылардың таным 
әрекеті эвристикалық сипатта болады. 
Зерттеу жалпы әдісінің сөз әдісі: оқу және ғылыми-көпшілік әдебиеттермен 
оқушылардың өздігінен істейтін жұмысы; сөз көрнекі әдісі: әдебиеттермен және көрнекі 
құралдармен өздігінен жұмыс; сөз көрнекі-сарамандық әдістер тізбесі сөз әдістеріндегідей, 
бірақ оқушылардың іс-әрекеті зерттеуге, субъективті жаңалық ашуға бағытталған. 
Оқыту әдістерінің жалпы логикалық жағынан алғанда индукция және дедукция, 
анология деп жіктейді. 
Химия ғылымының зерттеу әдістерін химияны оқытуға қолданғанда оқыту әдістерін 
бақылау, химиялық эксперимент, модельдеу, суреттеу, теориялық түсіндіру, 
теориялық болжаулар әдістері деп жіктейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет