Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Оқу әдістемелік кешен
Алтыншы
басылым
в) Сөз-көрнекі-сарамандық әдіс.
3.
Іздестіру және зерттеудің жалпы әдістері
4.
Жаңа технология әдістері
Оқыту әдістері туралы түсінік.
Әдіс-іс-әрекетті жүзеге асырудың бір жолы.
Әдіс терминінің мағынасы өте кең. Ол кез-келген адамның сарамандық және
теориялық іс- әректінде белгілі бір мақсатқа жетудің қажетті мүмкіндіктерін игерудің
тәсілі. Оқыту әдісін тек оқытушының ғана қызметі деп қана түсінуге болмайды. Ол
оқушымен мұғалімнің бірігіп, мақсатқа жету жолындағы ізденіс, іс-әрекеті болып
табылады.
Әдістің мәнін ашу үшін ең алдымен оқытудың мақсатын және мұғалім мен
оқушының іс- әректін ескереді. Оқытудың әдістері дегеніміз – белгіленген оқу мақсатына
жету үшін мұғалімнің іс-әрекеті мен оқөушы іс-әрекетінің үйлесу түрлері, тәсілі.
Оқытудың мақсаттары мен құралдары тұрғысынан алғанда оқыту әдістері
мұғаліимі оқушыларын білім және білікпен қаруландыратын, адамгершілік көз-қарас
қалыптастыратын құралдары мен тәсілдерінің жиынтығы. Оқытудың мақсаты мазмұнын
игеру арқылы жүзеге асады. Оның әдістері, құралдары, іс-әрекеті осы мазмұнды
меңгеруге бағытталған. Бұл тұрғыдан қарағанда химияны оқыту әдістері химия
ғылымының мазмұнымен анықталады, өйткені әдіс дегеніміз-мазмұнның ішкі қозғалысы.
Келтірген анықтамалардың біреулері дұрыс, екіншілері бұрыс деп айта алмаймыз,
өйткені әдістің мәнін ашу үшін оқыту әрекетінің жеке жақтары пайдаланылған. Солардың
бәрінің басын қосып, оқыту әдістері дегеніміз-белгіленген мақсатқа сәйкес анықталған
мазмұнды игеру үшін мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің үйлесу формалалары (тәсілдері)
деген анықтамаға келеміз.
Химияны оқыту әдістері ғылыми зерттеу әдістерімен ұштасып жатады,
оқытушылардың химия объектілерін танып, білу әрекетінің ерекшеліктерімен де
сипатталдады.
Достарыңызбен бөлісу: