Джакупова Жанар Ерекеевна Неизвестно 4 Шапекова Нэля Лукпановна Декан факультета Əзірлеуші: Колпек Айнагүл, -неизвестно hoa 3213 Химияны оқыту əдістемесі пəні бойынша оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет26/90
Дата31.01.2023
өлшемі2,22 Mb.
#166960
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   90
Байланысты:
umkd 3

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Оқу әдістемелік кешен 
Алтыншы 
басылым 
есептері, химиялық аспаптарды пайдалана отырып, шығарылатын есептер. 
Эксперимент есептерін шешу үшін сынау және қателесу, есте қалғаны бойынша шығару, 
жорамал жасау, аналлиз және синтез тәсілдері қолданылады. Сынау және қателесу тәсілі 
оқушының білімі жеткіліксіз болғанда пайдаланылады. Тиісті нәтиже алғанға дейін тәжірибені 
қайталап жасай береді. Есепте берілген мәліметтер оқушыға бұрыннан таныс, есте сақталғаны 
бойынша шығарылады. Берілген мәліметтер толық болмаса, оқушы алдымен жорамал жасайды, 
содан соң тәжірибе арқылы оның дұрыс-бұрыстылығын тексереді. Эксперимент есептерін 
шығарудың ең тиімді кең таралған тәсілі- анализ және синтез. Оқушы есептің шартын нақтылы 
талдау арқылы шешу жоспарын жасайды да, соған сәйкес іс-әрекетерді жүзеге асырады. 
Эксперимент есептерінің орны және шығарту әдістемесі. 
Эксперимент есептері 
химияны оқыту сарамандығына отызынгшы жылдарда енгізіледі. Эксперимент есептерін 
шығарудың алдымен көрнекі көрсету, содан соң зертханалық, ақырында сараманддық 
әдістері 
қалыптасады. 
Әдістерінің бұл реті қазіргі кезде де қолданылады. Алғашқы кезеңде берілген есеп 
теория жүзінде талқыланады. Мұғалім оқушылармен әңгімелесе отырып, жоспар құрады, 
қажетті тәжірибелерді анықтайды да бір оқушы немесе мұғалімнің өзі көрнекі көрсетеді. Екінші 
кезеңде есепті шығару жоспары көпшілік оқушылармен бірлесіп талқылау арқылы жүзеге 
асырылады да, тәжіриибелер зертханалық түрде жасалады. Үшінші кезеңде арнайы сарамандық 
сабақтарда оқушылар эксперимент есептерін өздігінен шығарады. 
Химияның бағдарламасы мен оқулықтарында эсперимент есептерінің типтерін енгізу 
реті көрсетілген. Оны мұғалімнің өзі анықтайды. 
Озат мұғалімдердің тәжірибесінде эксиеримент есептерін енгізу оттегі тақырыбынан 
басталады. Алғашқыда оттегін алу, оттегін жинайтын құрал құрастыру, оттегін анықтауға 
байланысты қарапайым есептер шығаррылады. Сутегі тақырыбын өткенде есептердің мазмұны 
кеңейіп, жаңадан затқа тән реакцияны жасау, тұз алу, қоспаның құрамын анықтау және бөлу 
есептері қосылады. 
Есептің қиындығын біртіндеп арттырылады. Мәселен, оқушылар алдымен 
оттегін анықтауды, содан соң берілген екі газдың, ақырында бірнеше газдың ішінен 
оттегін ажыратып тануды үйренеді. Есепті шешу тәсілін нақтылы үйрету үщін оқушы 
жүзеге асыратын қимылдардың алгаритімін бастапқыда дайын күйінде беру керек. 
Оттегін ажыратып тану есебін шешу ретіне мысал келтірейік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет