Джакупова Жанар Ерекеевна Неизвестно 4 Шапекова Нэля Лукпановна Декан факультета Əзірлеуші: Колпек Айнагүл, -неизвестно hoa 3213 Химияны оқыту əдістемесі пəні бойынша оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет34/90
Дата31.01.2023
өлшемі2,22 Mb.
#166960
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   90
Байланысты:
umkd 3

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Оқу әдістемелік кешен 
Алтыншы 
басылым 
Периодтық заң және атом құрылысы туралы оқу материалы элементтер және олардың 
қосылыстарының қасиеттері периодты түрде өзгеретіні және оның себептері жөнінде ұғым 
қалыптастырылды. 
Оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптасуына периодтық заң және периодтық жүйенің 
маңызы зор. Басқа ғаламшарлар мен жердің, жердегі, тірі табиғатпен өлі табиғаттың 
материалдың бірлігіне оқушылардың көзі жетеді. Бұларда кездесетін заттардың барлығы 
санаулы ғана химиялық элементтердің қосылыстары болып табылады. Басқа ғаламшарлардан 
әкелінген тапырақты зарттеуден жерде кездеспейтін химиялық элемент табылған жоқ. 
Периодтық заң, атом құрылысы оқу материалын игеру барысында оқулар өте көп 
салыстырулар жасап, қисынды ойлау барысын ұштай түседі. 
Периодтық заң және периодтық жүйе тақырыбының орта мектеп курсындағы орны 
үздіксіз өзгеріске ұшырады. Ең алғашқы үлгі бағдарламаларда химия курсының соңына 
орналастырылды. Одан кейінгі кешендік бағдарламада шығып қалды. Химиялық тұрақты 
бағдарламаларындағы орны жөнінде екі пікір үстем болды. 
Біріншісі бойынша периодтық заңдылықты түсіну үшін оқушылардың деректі 
материалдардан едәуір үлкен әзірлі болуы тиіс. Осы көз қарасқа сәйкес периодтық заң 9- класта 
галогендер, оттекке ұқсас элементтер және сілтілік металдар өтілгеннен кейін оқылды. 
Екінші пікірді қолдаушылар периодтық заң мен жүйені ертерек өтіп, химиялық 
элементерді солардың негізінде оқып үйренуі тиімді деп есептеледі. Осы пікірге сәйкес 
бұл тақырып 8-класта оқылды. 
Тақырыпты оқып-үйренудің методикалық тәсілдері. 
Периодтық заң және атом 
құрылы туралы оқу материалын қарастырудың үш тәсілі қалыптасты. 
Бірінші тәсіл химия ғылымының даму қисынына негізделеді. Ғылымды алдымен 
периодтық заң ашылып, периодтық жүйе жасалды, соңынан периодтық жүйедегі 
заңдылықтарды түсіндіретін атом құрылысы туралы мәліметтер анықталды. 
Д.И.Менделеев периодтық заңды тәжірибелік білімге сүйеніп қорытты, ішкі мәнісін 
түсіндіре алмады. Бірақ оның болашақта дамитынына, жаңа көзқараспен толысатынына кәміл 
сенді. Сондықтан Д.И.Менделеевтің данышпандығын, жалпы заңды ашудағы ғылыми ерлігін 
көрсету үшін алдымен периодтық заң және периодтық жүйе толық өтілді. Содан соң атом 
құрылысы қарастырылып, периодтық заң және периодтық жүйе электрондық теория 
тұрғысынан қайтадан оқытылды. 
Екінші тәсіл – біріншіге керісінше жүзеге асырылады. Алдымен атом құрылысы туралы 
оқу материалы өтіледі. Соның тұрғысынан периодтық заңдылықтар қорытылып шығарылады. 
Үшінші тәсіл бойынша периодтық заң мен атом құрылысы бір мезгілде өтіледі. Жаңа 
бағдарлама бойынша оқыту тәсілге негізделген. Преиодтық заң және атом құрылы 
туралы негізгі мәліметтер 8-класта қарастырылады да 11-кластағы жалпы химия курсында 
кеңейтіледі. 
Оқушылар периодтық дейін химияның алғашқы ұғымдарымен танысады. Екі химиялық 
элементті (оттегін және сутегін), олар түзетін жай және күрделі заттарды оқып үйренеді. 
Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары – оксидтер, қышқылдәр, негіздер 
және тұздар жөнінде едәуір толық ұғым алады. Заттардың жіктелу негіздерімен танысады. 
Бұларға қосымша кейбір элементтердің табиғи топтары туралы алғашқы түсініктер 
элементтерттердің қасиеттері салыстырмалы атомдық массалардың артуына қарай өзгеретіні 
жөнінде білім алады. Осының бәрі периодтық заңды саналы қабылдауға негіз болады. 
Сонымен периодтық заң және периодтық жүйе туралы материалды ойдағыдай игеру 
шарттарына мыналар жатады. 
1.
Атом, элемент, салыстырмалы атомдық масса, жай және күрделі зат, заттардың 
физикалық және химиялық қасиеттері, амфотерлілік ұғымдарын жетік білу. 
2.
Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары жөніндегі білімді тиімді 
пайдалану. 
3.
Тарихи негізді орынды жүзеге асыру. 
4.
Оқытудың диалектикалық сипатын қамтамасыз ету, қайшылықтарға оларды 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет