Дәріс №9
Д.И.Менделеев периодтық заңның периодтық жүйесін және атом құрылысын
оқып - үйрену методикасы Зат құрылымы, валенттілік және тотығу дәрежесі туралы
ұғымдардың қалыптасуы
1.
Химиялық байланыс және зат құрылымын оқып, үйренудің маңызы,
орны және әдістемесі.
2.
Валентілік ұғымының қалыптасуы және дамуы.
3.
Тотығу дәрежесі туралы ұғымның қалыптасуы.
4.
Валенттілік,тотығу дәрежесі, химиялық байланыс және зат
құрылымы ұғымдарының арасындағы өзара байланыстар.
5.
Периодтық заң және атом құрылысы – мекттептегі химия курсының негізі
6.
Тақырыпты оқып-үйренудің методикалық тәсілдері
7.
Оқушыларды периодтық заңды өтуге әзірлеу
8.
Периодтық заңды оқуды қорытындылау
9.
Атом құрылысы туралы берілетін мәліметтер
10.
Периодтық жүйедегі заңдылықтарды атом құрылысы тұрғысынан түсіндіру
11.
Химиялық байланыс және заттың құрылымы теориялары
тұрғысынан оқушылардың периодтық заң туралы білімін қорыту
Периодтық заң және атом құрылысы – мекттептегі химия курсының негізі.
Д.И.Менделеев ашқан периодтық заң – табиғат дамуының жалпы заңдарының бірі. Ол
химиялық элементтер және олардың қосылыстары туралы білімді бір жүйеге түсіруге,
түсіндіруге және батыл болжамдар жасауға мүмкіндік берді. Атомның құрылысын анықтауға,
жаңа элементтерді ашуға және синтездеуге жол-жоба көрсетті. Периодтық заңның негізінде
атомдық физика, геохимия және басқа да жаратылыстану
ғылымы жедел дамыды.
Периодтық заң және периодтық жүйе – орта мектептегі химия курсының теориялық
негізі. Бұладың негізінде құрылған химияның мазмұны ғылыми жағынан шынайы, жүйелі және
түсінікті болып келеді.
|