Джакупова Жанар Ерекеевна Неизвестно 4 Шапекова Нэля Лукпановна Декан факультета Əзірлеуші: Колпек Айнагүл, -неизвестно hoa 3213 Химияны оқыту əдістемесі пəні бойынша оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет35/90
Дата31.01.2023
өлшемі2,22 Mb.
#166960
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   90
Байланысты:
umkd 3

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Оқу әдістемелік кешен 
Алтыншы 
басылым 
шешу жолдарына көңіл аудару. 
5.
Түйінді мәселлелерді оқытуды жүзеге асыру. Периодтық заңның қалай 
ашылғанына, оны пайдалана білу жақтарына назар аудару. 
6.
Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын жиі және тиімді ұйымдастыру: 
қосымша әдебиеттерді оқуға ұсыну; элементтердің карточкаларын әзірлеу және олармен жұмыс 
жасау; кестелер және сызбанұсқалар сызу; тәжірибелер жасау, т.б. 
7.
Зерттеу әдістерін жиі қолдану; периодтық заңдылықты қорытып шығару; 
оқылмаған элементтер мен қосылыстардың қасиеттерін болжау. 
Тақырыпты оқып үйренудің жиі қолданылатын жоспары: 1. Химиялық элементтерді 
жіктеудегі алғашқы әрекеттер. 2. Асыл газдардың, сілтілік металдардың және 
галогендердің табиғи топтары. 3. Д. И. Менделеевтің периодтық заңы, элементтің реттік 
нөмірі және ядро заряды. 4. Атом ядроларының құрамы. Изотоптар. 5. Атомдардың 
электрондық қабығының құрылысы. 6. Химиялық элементтердің Д. И. Менделеев жасаған 
периодтық жүйесі және оның құрылымы. 7. Периодтық заңның маңызы. 
Д.И.Менделеевтің өмірі мен еңбектері. 8. Қайталау және қорыту. 
 
 
Дәріс №10 Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары туралы 
ұғымдардың қалыптасуы 
Жоспар: 
1.
Оқу - тәрбиелік маңызы және орны. 
2.
Оқу материалының орналасуы және берілетін білімнің көлемі. 
3.
Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары жөніндегі білімді қорытындылау. 
4.
Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс. 
5.
Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары туралы ұғымның дамуы. 
Оқу-тәрбиелік маңызы және орны. 
Миллиондаған қосылыстарды ортақ белгілері 
бойынша санаулы кластарға біріктіру арқылы оқып-үйренеді. Бейорганикалық 
қосылыстар құрамына қарай төрт класқа жіктеледі: оксидтер, қышқылдар, негіздер және 
тұздар. Бұлар туралы оқу материалы зат және химиялық реакция жөніндегі алғашқы ұғымдары 
тереңдетіп, одан әрі дамытады. 
Оқушылар заттардың құрамы, жіктелуі, табиғатта таралуы, алынуы және қолданылуы 
жайында нақтылы ұғымдар алады. Әр класқа жататын заттардың жалпы және жеке 
қасиеттерімен тәжірибе жүзінде танысады. Денеге, киімге бүлдіре әсерін тигізетін 
қышқылдармен, сілтілермен және басқа заттармен жұмыс істеуге үйренеді. Эксперимент 
жасаудың білімі мен дағдысына машықтанады. 
Химиялық реакциялардың жүру жағдайлары, белгілері, механизмі және типтері туралы 
алған білімдерін жетілдіреді, реакцияның жаңа типтерімен танысады. 
Атом- молекулалық ілімнің негізгі қағидалары жөніндегі білімді заттардың қасиеттерін 
болжау, түзілетін заттардың құрамын бағдарлау, химиялық реакциялардың бағытын және қалай 
жүретінін түсіну үшін пайдаланады. 
Химиялық элемент, жай зат және күрделі зат ұғымдары жаңа сатыға көтеріледі. 
Бейорганикалық қосылыстар кластарының арасындағы генетикалық байланыстарды ашу 
арқылы периодтық заң мен жүйені саналы игеруге әзірленеді. 
Оқушылардың химиялық тіл туралы білімі тереңдейді. Заттардың құрамы мен қасиеттері 
тұрғысынан терминдерді, оксидтер, қышқылдар, негіздер және тұздар номенклатурасының 
негіздерін үйренеді. Валенттілік, химиялық формулалар және теңдеулер құрастыру жөніндегі 
білімі мен біліктері нығаяды. 
Заттар мен құбылыстарды салыстыру, ұқсастығы мен айырмашылығын табу, себеп-
салдар байланысын ашу, жеке деректерден қорытынды жасау, жалпы заңдылықты нақтылы 
жағдайда қолдана білудің қисынды тәсілдерін меңгереді. Заттардың сан алуандығы мен бірлігі, 
бір-бірімен шарттастығы, құрамы мен қасиеттеріндегі қайшылықтары, санның сапаға ауысуы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет