Джакупова Жанар Ерекеевна Неизвестно 4 Шапекова Нэля Лукпановна Декан факультета Əзірлеуші: Колпек Айнагүл, -неизвестно hoa 3213 Химияны оқыту əдістемесі пəні бойынша оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы


Дәріс №11 Химиялық реакция туралы ұғымның дамуы Ерітінділерді және



Pdf көрінісі
бет37/90
Дата31.01.2023
өлшемі2,22 Mb.
#166960
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   90
Байланысты:
umkd 3

Дәріс №11 Химиялық реакция туралы ұғымның дамуы Ерітінділерді және 
электролиттік диссоциациялану теориясының негіздерін оқыту 
 
Жоспар: 
 
1.
Ерітінділермен алғашқы таныстыру. 
2.
Электролиттер теориясының орта мектеп курсындағы орны және оқыту 
әдістемесі. 
3.
Электролиттік диссоциациялану теориясының негізгі ұғымдарын қалыптастыру. 
4.
Қышқылдар мен негіздер туралы білімнің дамуы. 
5.
Тұздардың ион алмасу реакцияларын түсіндіру. 
6.
Электролиттік диссоциациялану туралы білімнің дамуы. 
1.
Химиялық реакция ұғымының мазмұны. 
2.
Химиялық реакция ұғымының атом- молекулалық ілім тұрғысынан дамуы. 
3.
Электрондық көз-қарас тұрғысынан химиялық реакция ұғымының дамуы. 
4.
Иондық теория тұрғысынан химиялық реакция ұғымының дамуы. 
5.
Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары туралы ұғымның қалыптасуы. 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Оқу әдістемелік кешен 
Алтыншы 
басылым 
Химиялық реакция ұғымының мазмұны
. Зат және химиялық реакция- химия 
ғылымының анықтамасына кіретін іргелі ұғымдар, өзге аса маңызды ұғымдар осы екеуінен 
туындайды. Заттар химиялық элементтердің қосылыстары болып табылатындықтан, бұлардың 
қатарына химиялық элемент ұғымын да жатқызады. ХІ тарауда қарастырғанымыздай, 
химиялық реакциялар кезінде бастапқы заттар реакция өнімдеріне айналады. Бұл айналулар 
элемент атомдарының арасында жүзеге асады. Орта мектептің химия курсының алғашқы 
сабақтарында заттар және олардың қасиеттері жөнінде түсінік берілісімен химиялық реакция 
туралы ұғым қалыптастырылады. Содан соң зат және реакциятуралы білім, элкмент және атом 
ұғымдарын енгізу үшін пайдаланылады. Бұдан кейінгі оқу материалдарында осы үш ұғым 
жарыса қалыптасып, бірін- бірі толықтырып, кеңейтіп және өрбітіп отырады. 
Химиялық реакциялар туралы күрделі ұғым жүйесіне кіретіндер: заттардың реакцияға 
түсу бейімділігі, реакцияның басталуы жүру жағдайлары, реакцияның сыртқы белгілері, 
реакцияның жылдамдығы, реакцияның мәні және жүру механизмі, реакцияның жүру 
заңдылықтары, химиялық рекциялардың жіктелуі, химиялық реакциялардың сандық 
көрсеткіштері, химиялық реакциялардың зерханада және өндірісте пайдаланылуы, реакцияның 
энергетикалық эффектісі. 
Бұлардың бәрі бір-бірімен тығыз байланысты және әрқайсысы жеке ұғымдарға 
жіктеледі. Реакциялаушы жүйе деп аталатын бастапқы заттар агрегаттық күйіне қарай біртекті 
және әртекті деп жіктеледі. Мұның өзі гомогенді және гетерогенді реакциялар типін ажыратуға 
себепші болады. Бастапқы заттар кез-келген реакцияға түсе бермейді, белгілі бір заттармен ғана 
әрекеттесуге бейімділігін танытады. 
Бұл бейімділік заттың құрамы мен құрылымына тәуелді. Заттың құрылысы арқылы 
реакцияның мәні мен жүру механизмі түсіндіріледі. 
Химиялық реакциялардың басталуы мен жүруі реакцияласушы жүйенің күйіне, ондағы 
заттардың құрылысына байланысты. Кәдімгі жағдайда кесек күйіндегі заттар бір-бірімен 
әрекеттеспейді, реакция басталу үшін қажетті жағдайлар тудырылуы керек, олар заттарды 
майдалау немесе еріту арқылы жанасу беттерін ұлғайту, қыздыру, жарық және электр 
энергиясын беру т.б. 
Химиялық реакциялардың жүргені сыртқы белгілерінен білінеді, олардың ең бастысы – 
жаңа заттары түзілуі. Жаңа заттардың пайда болғаны агрегаттық күйінен, түсінен, иісінен және 
жылу мен жарық шығыуынан білінеді. Бұл табиғи таңбалар жүйесіне белгілердің мағанасы 
реакциялық мәні мен миханизімі түсіндіріледі. 
Химя тарихында реакцияның мәні тәжірибе – аналитикалық, химиялық атомистика, 
термодинамикалық көзқарастар, атом құрлысының теориясы және иондық теория, электрондық 
теория тұрғысынан түсіндірілген болатын. Орта мектептің химия курсында реакция ұғымының 
даму қисынын айқындағанда осы теориялық кезеңдер ескеріледі. 
Алдымен тәжірибелер жасау арқылы бастапқы заттардан жаңа заттар түзілгені немесе 
химиялық құбылыс туралы ұғым беріледі. Содан соң оның мәні атом – молекулалық ілім 
тұрғысынан түсіндіріледі. Бұдан кейін химиялық реакциялардың энергетикасы, кинетикасы 
және химиялық тепе-теңдік өтіледі. Ақырында химиялық реакциялардың мәні мен миханизімі 
электрондық және иондық теориялар тұрғысынан талданады. 
Химиялық реакциялардыңжүру жылдамдығы заттардың табиғатына, әрекеттесуші 
заттардың қанықпасына, температураға тәуелділігін көрсететін заңдылықтар тұрғысынан 
оқылады. 
Химиялық реакциялардың сандық көрсеткіштері құрам тұрақтылық заңы, масса сақталу 
заңы, көлем қатынас заңы, Авагадро заңы және реакциялардың жылу эффектісімен 
сипатталады. Бұл сипаттау халқаралық өлшемдер жүйесі – моль және т.б. ұғымдарымен тығыз 
байланысты түрде жүзеге асады. 
Химиялық реакциялардың жіктелуі айтылып өтілген ұғымдардың бәріне негізделеді. 
Реакцияның әр типінің бірнеше түрлері болуы ытимал, мысалы алмасу реакциялары 
бейтараптану, гидролиз, т. б. болып жіктеледі. 
Химиялық реакциялардың сандық көрсеткіштері немесе масса сақталу заңына, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет