Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Оқу әдістемелік кешен
Алтыншы
басылым
Жіктеудің негізі ретінде оқыту барысының дидактикалық міндеттері,
оқыту әдістері,
материалдық мазмұны, оқушының таным әрекетінің тәсілдері алынады.
Химиядан сабақ беру әдістемесінде дидактикалық міндеті бойынша химия
сабақтарын 5 типке бөледі:
1.
жаңа білім мен білікті игеру;
2.
теориялық білім мен білікті жетілдіру және қолдану;
3.
білім қорыту және жүйеге түсіру;
4.
бақылау-есепке алу;
5.
аралас сабақтар
Өзге әдістемелерді сабақтың типі үшке дейін ықшамдалған.
1-
тип.
Жаңа материалды оқып үйрену сабақтары.
Негізгі
дидактикалық буыны-
оқушылардың жаңа білімді қабылдауы, қалғандары соған сәйкес жүзеге асырылады.
2-
тип.
Оқушылардың білімі мен білігін жетілдіру сабақтары.
Бұған оқушылардың
алған білімін қайталау және бекіту, қортындылау және жүйеге түсіру сабақтары кіреді.
3-
тип.
Оқушылардың білімі мен білігін тексеру, есепке алу және бағалау
сабақтары.
Мұнда жоғарыда келтірілген оқу барысының соңғы буындары жүзеге асады.
Сабақтың типі оқыту әдістері бойынша түрге және нұсқаға жіктеледі. Жаңа материалды
оқып үйрену
сабақтары дәріс сабағы, әңгіме сабағы кітаппен жұмыс істеу сабағы,үйлестіріліп
берілетін материалдармен жұмыс істеу сабағы болып бөлінеді.
Одан әрі дәріс сабағының
нұсқаларын-хабарлама баяндау және мәселелерді баяндау,
кітаппен жұмыс істеуге, оқу және
түсіну
сабақтарына жауаптар іздеу, жоспар және қысқаша мазмұн құру,
сызба-нұсқа және
кестелер жасау т.б. жатады.
Сабақтың екінші типіне оқушылардың алған білімін жетілдіру сабақтарын қайталау,
қорытындылау, жүйеге түсіру және сарамандық сабақтар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: