Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Оқу әдістемелік кешен
Алтыншы
басылым
3) элементтердің масса үлесін анықтау;
4) моль ұғымымен байланысты есептеулер;
5) газдардың тығыздығын табу;
6) химиялық
формула табу есептері және т.б. Теңдеулер және ерітінділер бойынша
есептеулердің түрлері жеке кластар бойынша қарастырылады.
Дәріс №7
Орта мектепте химияны оқытуда оқу жұмысын ұйымдастыру формалары
Жоспар:
1.
Оқу жұмысын ұйымдастыру формаларының негізгісі – сабақ.
2.
Химия сабақтарының жіктелуі.
3.
Химия сабақтарының құрылымы.
Оқу жұмысын ұйымдастыру формаларының негізгісі – сабақ.
Мектептегі оқу
жұмысын ұйымдастыру формаларына сабақ, факультативтік сабақтар, топсеруендер,
сыныптан тыс жұмыстар, өндірістік оқу сарамандығы және т.б. жатады. Осылардың ішіндегі ең
негізгісі-сабақ.Химияны оқытудың білім мен тәрбие беру, оқушыларды дамыту міндеттері, ең
алдымен, сабақта шешіледі, содан соң басқа формаларында жетілдіріледі және тереңдетіледі.
Оқу барысы тұрғысынан қарағанда сабақ үшінші басқышта тұрғанымен өзі күрделі
дидактикалық жүйе құрайды.Сондықтан қазіргі дидактикада сабақ оқыту барысының
барлық ерекшеліктері айқын білінетін бір бөлігі деп есептейді.
Шынында да, сабақта оқыту барысының нақтылы мақсаттары мен міндеттері, мазмұны
жүзеге асатыны, оларды жүзеге асыру үшін оқытудың алуан түрлі құралдары мен әдістері
пайдаланылатыны талас тудырмайды.
Сабақ ұғымының негізгі белгілері:оқушылардың тұрақты құрамымен, оқу жоспарына
сәйкес жасалған сабақ кестесімен өткізіледі; уақыты келісімді 45 минут; оқу бағдарламасына
сәйкес дидактикалық міндеттерді шешеді. Өткізу әдістері алуан түрлі.
Бір сыныпта оқитын оқушылардың жасы,физиологиялық және психикалық жетілуі
шамалас, оқу жоспарында белгіленген мерзімде химияның бағдарланған курсын толық
меңгеру мүмкіндіктері бар.Химия курсы жеке сабақтарға жүктеліп оқытылады, олардың
жалпы саны - 303,VIII сыныпта - 105 сабақ, IX сыныпта - 85 сабақ, X сыныпта - 68, XI
сыныпта - 68 сабақ өткізіледі. Бұл біртұтас сабақтар жүйесін құрайды, бұл жүйеде әр
сабақтың орны, өзіндік атқаратын қызметі бар.
Кез-келген сабақ мақсаты, мазмұны, типі, құрылымы, құралдары және әдістері
арқылы ерекшеленеді.Сабақ білім мен тәрбие беру және дамыту міндеттерін
шешетіндіктен оның алдына жалпы педогогикалық, дидактикалық және әдістемелік
мақсаттар қойылады.
Сабақтың жалпы педогогикалық мақсаты қоғамның жалпы орта білім беретін
мектептерге жүктеген әлеуметтік сұранысы бойынша анықталады. Қазіргі кезде халыққа
білім беру саласын қайта құру оқушылардың дербестігін арттыруды, алған білімін
өздігінен және творчествалық тұрғыда қолдана білуді үйретуді қажет етіп отыр.Сабақтың
дидактикалық мақсаты оқыту барысының буындарына сәйкес анықталады,оларға
жататындар: а) оқушыларды жаңа білімді қабылдауға дайындау; ә) жаңа білімді қабылдау;
б) алынған білімді қорытындылау; в) білімді бекіту және жетілдіру; г) білімді қолдану; д)
білімді тексеру және бағалау.
Сабақтың әдістемелік мақсаты қарастырылатын деректерді,ұғымдарды, заңдарды
және теорияларды нақтылайды.
Достарыңызбен бөлісу: |