Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Оқу әдістемелік кешен
Алтыншы
басылым
Әр түрлі күрделілену сатысындағы заттарды, олардан түзілетін табиғи және жасанды
денелерді жаратылыстану ғылымы зерттейді. Химия солардың бірі ретінде заттардың бір- біріне
айналу өзгерістерін атом-молекулалық деңгейде қарастырады, өзінің зерттеу зерзаты жағынан
физика мен биологияның арасында орналасады.
Бұлармен физикалық химия, ядролық химия,
геохимия, биохимия, т.б. ғылымының жүйесін түзеді.
Химиядан орта білім берудің екінші міндеті – пәнаралық байланысты жүзеге асыру.
Химия заттардың химиялық қасиеттерін зерттеу және түсіну
саласында физиканың
әдістері мен теориялық көзқарастарын пайдаланады. Жер туралы ғылымдар (геология,
минерология және т.б.) минералдар мен тау жыныстарының өзгерістерін олардың құрамына
кіретін заттар деңгейінде қарастырып, түсіндіруге тырысады.
Организмдердегі тіршілік
әрекеттерінің мәнін физика мен химияның заңдылықтарына сүйене отырып молекулалық
биология зерттейді. Бұл ғылымдар арасындағы байланыстар алуан түрлі, яғни аитылғандармен
ғана шектелмейді. Химияны оқыту барысында келтірілген сызбанұсқаға сәйкес осы ғылымдар
арасындағы өзара байланыстың мәнін ашып көрсету керек.
Химиялық орта білім берудің үшінші міндеті – табиғаттың тұтастығы, онда жүзеге
асасатын құбылыстардың бір-бірімен байланыстылығы,
шарттылығы жөніндегі ғылыми
көзқарас қалыптастыру. Өлі табиғатты құрайтын минералдар мен тау жыныстары, тірі
табиғатты құрайтын организмдердің денесі заттардан тұрады. Заттардың өзі жүзге жуық
химиялық элементтердің атомдарынан, ал атомдар санаулы ғана қарапайым бөлшектерден
тұрады.
Химиядан орта білім берудің төртінші міндеті – орта мектептегі химияның негізіне
кіретін заттар туралы оқу материялын іріктеу. Қазір үш милоннан астам заттар белгілі,
олардың саны үздіксіз артуда. Осы миллондаған заттардың
ішінен қайсысын және қандай
дәрежеде өту қажеттігін шешу – аса жауапты міндеттердің бірі. Заттар туралы білім
ұғымдардан тұрады, олардың негізгілері – химиялық элемент, химиялық реакция, химиялық
өндіріс.
Достарыңызбен бөлісу: