Джакупова Жанар Ерекеевна Неизвестно 4 Шапекова Нэля Лукпановна Декан факультета Əзірлеуші: Колпек Айнагүл, -неизвестно hoa 3213 Химияны оқыту əдістемесі пəні бойынша оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет18/90
Дата31.01.2023
өлшемі2,22 Mb.
#166960
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   90
Байланысты:
umkd 3

Дәріс №2 
 
Химияны оқыту әдістері мен құралдарының сипаттамалары мен ерекшеліктері. 
Оқыту әдістерінің классификациясы: білімді алу көздеріне; оқушылардың 
ақыл-ой әрекетінің сипаты; білім беру процестерінің негізгі буындарын анықтау 
 
Жоспар: 
 
1.
 
Орта мектептерде химияны оқытудың мақсаттары мен міндеттері. 
2.
 
Химияны оқыту әдістемесінің міндеттері. 
3.
 
Оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптастыру. 
4.
 
Химияны оқыту барысында оқушылардың ақыл-ойын дамыту. 
 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Оқу әдістемелік кешен 
Алтыншы 
басылым 
Орта мектептерде химияны оқытудың мақсаттары. 
Жеке оқу пәндерінің 
мақсаты қоғамның мектеп алдына қойған әлеуметтік талабы бойынша анықталады. Ол 
мақсат-әр жақты жетілген, өз ісіне сенімі күшті, қоғамдағы түбірлі өзгерістерді жүзеге 
асыруға 
қабілетті кісіні тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жету үшін мектеп жас өспірімдері табиғат, 
қоғам және адам және оның еңбегі туралы білім жүйесімен қаруландырады, ақыл-ой 
адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесін береді, ғылыми және ізгілік 
көзқарастарының, қабілеттерінің барынша дамуына қажетті жағдайлар жасайды. Мектеп 
жасөспірімінің 
бойына азаматтық борыш, елі мен жері үшін жауапкершілік қасиеттерді 
сіңіреді, шығармашылық пен еңбек етуге, өзін-өзі басқаруға әзірлейді. 
Осы жалпы мақсатқа сәйкес әр пәннің алдына ғылым негіздерінен білім беру, 
тәрбиелеудегі жинақты тәсілді жүзеге асыру, оқушыларды әр жақты дамыту мақсаттарыда 
қойылады. Химия пәні де оқушыларға табиғат туралы және технологиялық білім беру, 
олардың бақылау, қабылдау, түсіну және ойлау қабілетін дамыту мақсаттарын көздейді. 
Бұл мақсаттар химияны оқыту барысында одан әрі салаланып жүзеге асады, олар; 
1.
Химия ғылымының негізін оқушыларға игерту арқылы үздіксіз білім алуға
сарамандық істерге араласуға әзірлеу, политехникалық дайындық беру; 
2.
Химия зертханасында, өндірісте, табиғатта және күнделікті өмірде байқалатын 
сапалық өзгерістерді бақылауға және түсіндіре білуге үйрету; 
3.
Химиядан алған білімді басқа пәндерден алған біліммен байланыстырып 
табиғат туралы ғылыми материалистік көзқарас қалыптастыру; 
4.
Заттармен, құралдармен, көрнекі құралдармен жұмыс істей білудің 
біліктері мен дағдыларын игерту; 
5.
Білім, білік және дағдыны оқу барысында, өмірде қоғамға пайдалы еңбекте 
қолдана білуге үйрету; 
6.
Оқушыларды білім мен білік алу инициативасына, дербестікке және 
табандылыққа тәрбиелеу; 
7.
Оқушылардың химияға құштарлығын және қабілеттілігін дамыту, кәсіптік бағдар 
беру. 
Химия пәнінің мақсаттары әр сыныптың химия курсында, олардың жеке 
тақырыптарында, тақырыптар бойынша өткізілетін сабақтарда нақтыланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет