Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Оқу әдістемелік кешен
Алтыншы
басылым
Дәріс тезистері
Дәріс №1
І бөлім. Химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері ғылым ретінде
химия оқыту әдістемесі және оқу пәні
Жоспар:
1.
Химияны оқыту әдістемесінің зерттейтін мәселелері
2.
Химияны оқытуды әдістемесінің зерттеу әдістемесі және басқа
ғылымдармен байланысы.
3.
Химия оқыту әдістмесінің қалыптасуы және дамуы.
4.
Қазақстан Республикасының білім беру реформасы аясында химияны
оқыту.
Химияны оқыту әдістемесінің зерттейтін мәселелері.
Қазіргі дейін химияны
оқыту әдістемесі – ғылым ретінде танылып келеді. Сондықтан да химия пәні
мұғалімдерін
дайындайтын жоғары оқу орындарының
оқу жоспарына химияны оқыту
әдістемесінің курсы енгізіледі.
Химияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым әрі оқу пәні. Химия –
заттардың бір- біріне өзгеруін зерттейтін ғылым. Демек, химияны оқыту әдістемесі
мектептің химия
курсындағы осындай заңдылықтарды оқушыларға үйрету
жолдарын, түсіндіру
тәсілдерін зерттейтін педагогикалық ғылым деп түсінуіміз керек.
Химияны оқыту әдістемесі мұғалімнің оқу материалдарын оқытуы мен
оқушылардың химиялдық
білімді саналы меңгеруін, алған бюілімдерін іс жүзінде
қолдану ерекшеліктерін және дағдыларын дамыту әдістері мен құралдарын айқындап
береді.
Химияны оқыту әдістемесі әрі ғылым, әрі оқу
пәні ретінде оқытудың мазмұнын,
оқыту
әдістерін
тәрбие
жұмыстарымен
тығыз
бірлікте,
өзара
байланыста
зерттейді.Оқытудың заңдылықтарын ашу мен қатар,
оқытудың мазмұн-мақсатын,
әдістерін, оқыту формалары мен құралдарын, оқытушының
іс-әрекетін бір-біріне
ажыратпай біртұтас қарастырады.
Химияны оқыту әдістемесінің зерттейтін обьектісі – сол пәнді оқыту әрекеті.
Оқыту, педагогика, дидактика және әдістеме ғылымы тұрғысынан түсінуге болатын
күрделі әрекет болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: