4. Өзің өмір сүріп жатқан ортадағаламдық проблемаға айналған мәселелер бар ма? Ғаламтордан өзгерек, Өзің барсың ұмытпа! Тек пайдасын жаратқын, Пайдасызын құлыпта. (Мира Сембайқызы) Ғаламтор жүйесіндегі әлеуметтік желілер бүгінде адам өмірінде елеулі орынға ие болды.
Өмірімізге дендеп еніп, біздің қарым-қатынас құруымыз үшін шексіз мүмкіндік беруде.
Дегенмен, ғасырымыздың «ҒАЛАМТОР» атты тамаша жетістігі ғаламдық проблемаға айналып
отырғаны жасырын емес. Жастарымыздың тәрбиесіне кері әсерін тигізіп, өмірлеріне қауіп
төндіріп отыр.
Әлеуметтік желілер қазіргі уақытта ақпарат алмасудың таптырмас көзі болумен қатар,
жастар өміріне де орасан зор зиянын тигізуде. Қылмыстың бірқатарына ғаламтор желісі арқылы
танысу себеп болуда. «Жақында Алматы қаласында 19 жасар Аяжан Еділованың әлеуметтік
желі арқылы танысқан қанішер маньяктың қолынан аяусыз бөлшектеліп, мерт болғаны
көпшілікке белгілі». (https://kz.oqu.news/zho-alyp-ketken-ajazhan-edilova-li-k-jinde-tabyldy/
Мінеки, жастарымызды жыртқыштардың аузына өзіміз апарып бергенімізді байқамай қалдық.
Осындай сұмдықтар мен арандатушылықтардың жиі қайталануынан Түркияда YouTube пен
Twitter парақшасына тыйым салынды, бізде де «Байланыс туралы» Заңға енгізілген жаңа
түзетулер арасында осындай норма қарастырылып отыр. Ел қауіпсіздігіне қауіп төндіретін
әлеуметтік желілерге сот шешімінсіз тыйым салынбақ. («Заң» газеті. 16.04.14.) Мен бұл заңды
дер кезінде және дұрыс қабылданған шешім деп есептеймін.
Арандатушылық демекші, әлеуметтік желілер халық арасында іріткі салудың бірден-бір
құралы болып отыр. «Желіде радикалды, ұлтаралық араздықты тудыратын, адамзаттық
құқықтық құндылықтарды таптайтын, теріс идеяларды тарататын арнайы топтар мен
қауымдастықтар тым белсенді».(Құрманәлі Қалмахан «Егемен Қазақстан» 27 Шілде, 2018) Ел-
елдегі ереуілдерді естіп, етек-жеңді жиюдың орнына желідегі желіккендерге еріп, қаншама
отбасы бүлініп, қаншама білімді жастар экстремистік топтарға өтіп жатыр.
Қорыта айтқанда, ғаламтор жүйесіндегі әлеуметтік желілердің адамзат үшін зияны көп,
пайдасы шамалы. Қоғам сайқымазақ, жауыз, анайы сайттардың жағымсыз әсерінен қорғануды
үйренуі қажет. Менің қазіргі замандастарыма айтарым: жастық шағымызды босқа өткізбей,
саналы басты бір құралға тәуелді етпейік, желідегі желіккендермен емес, жанымызда жүрген
шынайы жандармен дос болайық! (261 сөз.)