ơėǂÊƥÈȁÅƨÈǠÌǧÊǁÈȁÅƨÈƥƢÈȀÈǷÈȁƢÅǸȈÊǜÌǠÈƫÈȁƢÅŻÊǂÌǰÈƫÈȁƢÅǨȇÊǂ ÌnjÈƫ ÈǮÈƬÌȈÈƥÌƽÊǃōǶÉȀōǴdzơ
ÉǾōƴÈƷÌǺōǸÊǷÉǾÈǸōǜÈǟÈȁÉǾÈǷōǂÈǯÈȁÉǾÈǧōǂÈNjÌǺÈǷ ŏƣÈǁƢÈȇÌƽÊǃÈȁ
ơėǂÊƥÈȁÅƨÈǠÌǧÊǁÈȁÅƨÈƥƢÈȀÈǷÈȁƢÅǸȈÊǜÌǠÈƫÈȁƢÅŻÊǂÌǰÈƫƢÅǨȇÊǂ ÌnjÈƫÉǽÈǂÈǸÈƬÌǟơÈȁ
Оқылуы:
Лә илаһа иллаллаһу уахдаһу лә шәриикә ләһу,
ләһул-мүлк уә ләһул-хамд уә һууә ғала күлли
шәйин қадиир. Ағұзу би-раббил-бәйти мин әл-күфри
22
Қажылық
уәл-фақри уә мин азаабил-қабр уа диқис-садр салаллаһу
ғала сәйидинә Мухаммәдин уә ғала әәлиһи уә сахбиһи
уә сәлләмә аллаһумма зид һәзәл-бәйтә тәшриифән
уә тәкриимән тағзиман уә мәһәәбәтән уә рифғатән
уә бәррән уә зид йә рабби мән шәррәфәһу уә аззамаһу
миммән хажжәһу әу иғтәмәрәһу тәшриифән уә
тәкриимән уа тағзиман уә мәһәәбәтән уә рифғатән уә
бәррән.
Мағынасы:
Алладан басқа құдай жоқ. Ол – жалғыз. Оның
серігі жоқ.
Бар байлық та Одан, мақтау да Оған. Ол бәрінен де
құдіретті.
Үйдің (Қағбаның) Иесінен кәпірлікке ұрын-бауды,
кедейшілікте болмауды, қабір азабын тартпауды,
кеудені қуыс қылмауды сұраймын.
Біздің пайғамбарымызға, оның әулетіне, сахабала-
рына (серіктеріне) Алланың шапағаты жаусын.
Я, Алла! Бұл Үйіңді сый-сияпатқа, құрметке,
қадірлікке, қошеметке, ұлылыққа, мәртебеге, жақсы-
лыққа толтыр. Жаратқан Ием! Сондай-ақ қажылық, не
ұмра жасағанның да сый-сияпатын, құрметін, қадірін,
қошеметін, мәртебесін, игілігін арттыр.
23
جحلا كسانم
ТАуАф
Тауаф – қажылықтың негізгі бөлігінің бірі. Ол
Қағбаны жеті рет айналатын салт дәстүр.
Тауаф – арабтың «айналу» деген сөзі. Қажылық
кезінде қажы бұл әдет-ғұрыпты үш рет орындайды:
Қажылықтың басында орындалатын тауафты «Тауаф
әл-құдым» дейді, Құрбан айтының бірінші күні орын-
далатынды «Тауаф әл-ифада», ал қажы атанып, Мекке-
мен қоштасып елге қайтар кезде орындайтынды «Тау-
аф әл-уадағ» дейді.
Тауаф әл-құдымның негізгі мақсаты – Мәсжид
Харам мен Қағбаға сәлем беру, сондықтан оны кейде
«тауаф әт-тәхия» «сәлем беру тауафы» деп те атайды.
Тауаф әл-құдымды Меккеге келгеннен кейін кез кел-
ген уақытта орындауға болады. Тауаф кезінде ихрам
киімінің рида кесегін сол иыққа жауып алады. Оң иық
ашық болуы тиіс.
24
Қажылық
Сонымен тауаф әл-құдым қасиетті Қара тасты
сүюден, яғни тақбилден басталады. Ал егер қажылар-
дың көптігінен Қара тасты сүю мүмкін болмаса, онда
Қара тасқа қарап, алақандарды тигізуге ишарат қылып,
сосын қолдарын еріндеріне тигізеді, оны «истилам»
дейді. Одан кейін былай деп айтады:
Достарыңызбен бөлісу: |