С. М. Кабиева, А. Т. Туймебаева, Н. Т. Абильдина, С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



Pdf көрінісі
бет133/150
Дата02.02.2023
өлшемі3,59 Mb.
#167139
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   150
Байланысты:
2 5305267080033996255

5.2.10 Шаш күтімі 
Өзін күте алатын науқастар шаштарын өздері күтеді. Ол үшін күнделікті шашын тарап 
отыру керек (өзінің жеке тарағымен шашын тарау қажет) және аптасына 1 реттен кем емес 
сусабынмен жуу қажет.
Жағдай ауыр науқастардың шашына медицина қызметкері немесе туыстары күтім 
жасайды [7, 30].
Ер адамдардың жеке гигиенасын сақтау мақсатынды шашын өте қысқа етіп қияды, ал 
әйелдердің шашын күнделікті тарап отырады. Инфекциялық аурулары бар науқастардың 
шашын олардың келісімімен тақырлап алып тастайды.
Жатқан науқастың шашын тарау үшін оның басын алдымен бір жағына одан кейін 
екінші жағына бұрады. Шашты тістері жиі тарақпен жұлмай тарайды, шаштың түбінен емес 
ұшынан бастап тарайды және біртіндеп түбіне қарай көтеріледі.
Шатысқан шашты тарау үшін тістері сирек тарақ қолданылады. Ондай тарақтар басты 
зақымдамайды және ауырсыну тудырмайды. Тарақтарды таза ұстау керек, спиртпен, сірке 
қышқылымен сүрту және ас содасы немесе нашатыр спиртімен тазалау қажет (сурет 71 а). 


155 
а
б
Сурет 71 
а – науқастың шашын тарау, б – кереуетте науқастың басын жуу 
Жағдайы ауыр науқастың басын 7-10 күнде 1 рет төсегінде жуады. Ол үшін науқастың 
басын арта шалқайтып төсектің бас жағына қойылған шараға шашын батырып жуады. 
Кейбір ауруханаларда бұл мақсатта арнай арнай кереуеттер қолданылады - арқасы 
көтерілетін (сурет 71 б).
Жабдықтар: жылы суы бар суқұйғыш. Таза шара, жайма, сусабын, сүлгі, шаш 
кептіргіш, шаш тарайтын тарақ, медициналық қолғап, алжапқыш, қоқыс салатын қап.
Емшараны орындау: 
1. Орындалатын емшараның барысын пациентке таныстыру.
2. Қолды жуу, алжапқыш және қолғапты кию.
3. Пациенттің басын қарап, шашын дұрыстау. 
4. Пациентті шалқасынан жатқызып, жастығын алып, желке-мойынның астына 
жапқыш төсеу. 
5. Пациенттің иығының астына басын көтеретін жастықша салу және шара қою. 
6. Науқастың басын шалқайтып шараның үстіне қарай жақындатады. 
7. Басына суқұйғышпен жылы су құйып шашын сулайды. 
8. Шамалы сусабын тамызып басын шашын көпіртіп жуады. 
9. Құлақтарының артын және шашын мұқият жуады. 
10. Басына таза су құйып сабын көпіршіктерін жуады. 
11. Шашын таза сумен шаяды. 
12. Шашын, құлағын таза сүлгімен сүртеді. 
13. Шаш кептіргішті қолданып шашын кептіреді. 
14. Жай және абайлап шашын тарайды. 
15. Шараны алып, жайманы жинайды, суды төгіп сүлгіні кір жаймаларға арналған 
қапқа салады. 
16. Таза тыс кигізілген жастыққа науқасты жатқызады. 
17. Алжапқыш пен қолғапты сүртіп қоқыс салатын қапқа тастайды.
18.
Қолды жуады.
Жағдай ауыр науқастарды күту бойынша заманауй технологиялар пациенттің 
жағдайын және медициналық емшараларды орындауды едәуір жеңілдетеді. 
Пациенттің басын жуу бойынша осындай әдістерді қолдану сусыз арнайы 
сусабындарды қолданумен жүзеге асырылады. Сусабынның құрамында бас терісін және 
lib.podelise.ru 
lib.podelise
.
ru
lib.podelise
.
ru
lib.podelise
.
ru
lib.podelise
.
ru
lib.podelise
.
ru


156 
шашты тазартатын белсенді заттар бар. Бұл сусабынды шашқа жаққаннан кейін 2-3 
минуттан соң ерітіліп оңай сүртіледі. Осыдан соң шашты құрғақ сүлгімен сүртеді.
Бұдан басқа су қолдану арқылы төсекте басты жууға арналған арнайы үрленген 
қауызшалар бар. Қауызшалар тез үрленеді пациенттің басын бір қалыпты ұстап тұрады, 
иыққа күш түсірмейді, оның мойынға арналған арнайы ойығы бар (сур. 72-73). 
Сурет 72 Сурет 73
Басты жууға арналған үрленген қауызшаларды қолдану 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет