161
Металлды суднаның көлемі үлкен, ұзақ мерзімге қолдануға жарамды және
залалсыздандыруға қолайлы (сур. 79 а).
Үрлемелі резеңкелі судноның сипаты: көлемі кішірек, көп қолданғанда өзінің беріктік
қасиетін жоғалтады, пациенттің астынан алып шыққанда ішіндегі зәр төгіліп қалуы мүмкін.
Дегенмен ұзақ жылдар бойы жағдайы ауыр науқастарда
тері ойылуының алдын-алу
мақсатында қолданылды (сур. 79 б).
Соңғы жылдары пластикті судна қолданылады, олар өте жеңіл,
залалсыздандыруға
ыңғайлы және «жылы материал» әсері бар, яғни пациенттің терісіне тигенде тез жылынады
(сур. 79 в).
а б в
Сурет 79.
Науқастарға арналған судналар
а – металлды, б – резеңкелі, в – пластикті
Зәр қабылдағыштар сопақ пішінді, созыңқы тесігі бар металл және шыныдан жасалған
түтік тәрізді ыдыс. Түтіктің пішіні арқылы әйелдерге және еркектерге арналған болып
ерекшеленеді (сур. 80 а, б). Соңғы жылдары бір рет қолданатын зәр қабылдағыштар жиі
қолданылады (сур. 80 в).
а
б
в
Сурет 80.
Зәр
қабылдағыштар
а – еркектерге арналған, б –
әйелдерге арналған,
в – бір рет қолданылатын
Достарыңызбен бөлісу: