181
5. Калориясы төмен
КТД калориясы төмен
диета)
8, 8ас, 9а, 10с
Механикалық және химиялық қорғайтын
диетаның стандартты варианты
Қолдануға көрсеткіш: Жедел гастрит, қышқыл ортасы сақталған немесе жоғарылаған
созылмалы гастрит, шамалы өршу сатасы. Асқазан және он екі елі ішектің ойық жарасы,
өршу және тұрақсыз ремиссия кезеңі. Гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы.
Шайнау
аппараты қызметінің бұзылуы. Жедел панкреатит, өршу сатысының басылуы. Созылмалы
панкреатит, өршу сатысы. Жедел инфекциялық аурулар және операциядан кейінгі (ішкі
мүшелерге емес) жазылу кезеңі.
Аталған диетаның бұл варианты М.И.Певзнер бойынша диетаның келесі түрлерінің
орнын басады: 1б, 4б, 4в, 5п (1-ші вариант).
Ақуыз мөлшері жоғары
(жоғары ақуызды диета) стандартты диетаның варианты
Қолдануға көрсеткіш: ойық жара ауруы бойынша асқазан резекциясынан кейінгі 2-4
айда демпинг синдромы, холецистит, гепатит. Асқорыту мүшелерінің
функциональды
жағдайының бұзылуымен жүретін созылмалы энтерит. Глютенді энтеропатия. Созылмалы
панкреатит, ремиссия кезеңі. Созылмалы гломерулонефрит, бүйректің азотты шығару
қызметінің сақталуымен. 1 және 2 типті қантты диабет, семіздіксіз және бүйректің азотты
шығару қызметінің бұзылуынсыз. Ревматизм белсенділік үдерісі шамалы, қанайналым
белгілерінің бұзылуынсыз.
Ревматизм, өршу сатысы. Өкпе туберкулезі. Іріңді үдерістер.
Әртүрлі этиологиялы анемия. Күйік аурулары.
Аталған диетаның бұл варианты М.И.Певзнер бойынша диетаның келесі түрлерінің
орнын басады: №4э, 4 а,г, 5п (2 вариант), 7в, 7г, 9б, 10б, 11, 1Р.
Ақуыз мөлшері төмен (төмен ақуызды диета)
стандартты диетаның варианты
Қолдануға көрсеткіш: Созылмалы гломерулонефрит бүйректің азотты шығару
қызметінің шамалы бұзылуымен, шамалы азотемия.
Аталған диетаның бұл варианты М.И.Певзнер бойынша диетаның келесі түрлерінің
орнын басады: №7б, 7а.
Калориясы төмен (төменгі калориялы)стандартты диетаның варианты
Қолдануға көрсеткіш:Арнайы тамақтану режимін қажет ететін асқорыту, жүрек-
тамыр және басқа да жүйелердің аурулары бойынша
асқыныстар жоқ алиментарлы
семіздіктің әртүрлі дәрежесі. Семіздікпен жүретін 2 типті қантты диабет. Артық дене
салмағы бар адамдардағы жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары.
Аталған диетаның бұл варианты М.И.Певзнер бойынша диетаның келесі түрлерінің
орнын басады: №8, 8а, 8-0, 9а, 10с.
Арнайы диета
Медицина тәжірибесінде М.И.Певзнер бойынша емдік диетаның номенклатруасына
кірмейтін және «Емдеу-алдын-алу мекемелерінде емдік тамақтандыруды ұйымдастыру
бойынша инструкциялар» қолданылады.
182
Емдік тамақтандыру әртүрі аурулардың емдеу комплексіне медикаментті терапиямен
қатар бір сатыға кіреді, ал кей жағдайда адамның толық жазылуына маңызды әсер етеді,
сондықтан науқас адам үшін дұрыс және теңестірілген тамақтану режимін ұйымдастыру
өте маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: