С. М. Кабиева, А. Т. Туймебаева, Н. Т. Абильдина, С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



Pdf көрінісі
бет142/150
Дата02.02.2023
өлшемі3,59 Mb.
#167139
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   150
Байланысты:
2 5305267080033996255

6.2 Тамақтану режимі 
Тамақтану режимі бір күндегі тамақтану санын көрсетеді; әрбір тамақтану 
арасындағы тәуліктік рационның бөлінуі; тамақтану уақыты және тамақтану аралығындағы 
интервал; тамақтану кезіндегі адамның өзін ұстауы. Тамақтану ретті, ырғақты және аз 
мөлшерде болуы қажет. Күнделікті белгілі бір уақытта тамақтану асқазан сөлінің бөлінуіне 
шартты рефлекстің пайда болуына әсерін тигізеді. Тамақтандыру ережесін ұйымдастыру 
асқорыту мүшелерінің қызметін реттейтін және қолдайтын фактор болып табылады, 
тамақтың ағзаға сіңірілуге ең ыңғайлы кезде түсуін қамтамасыз етеді. Ретсіз және мерзімсіз 
тамақтану асқорыту аппаратының физиологиялық ырғағын және асқорыту бездерінің 
қызметін бұзады, тағамның сіңірілуін төмендетеді, әртүрлі ауруларды тудырады[7, 30].
Ересек адам үшін ең ыңғайлы рационалды тамақтану тамақты 4 мезгіл қабылдау
бірақ 3-ке дейін шектеуге болады. Тамақты қабылдау санын қысқарту кезінде ағзадағы 
ақуыздар қолданылады, адам өзін нашар сезінеді. Егде жастағы және семіздікке бейім 
адамдарға тәулігіне тамақты 5-6 рет ішу ұсынылады. Тамақты қабылдау арасындағы уақыт 
жалпы күн тәртібіне байланысты. Тәуліктік рационды келесіде бөлген ыңғайлы:
- тамақты бірінші қабылдау (таңғы ас) жұмысқа шығар алдында дұрыс толық 
тамақтану қажет және тәуліктік калорияның 30% -ын құрайды; 
- екінші таңғы ас (жұмыста) – 15-20%; 
- түскі ас – шамамен 35-40%; 
- кешкі ас – 10-15%. 
Тәуліктік рацион осылай таралғанда таңертең ағза ас қорыту мүшелеріне күш 
түсірмей энергияның және пластикалық материалдың жақсы қорын алады. Екінші таңғы 
ас өте аз мөлшерде болуы тамақтың жақсы қорытылуына және бірінші таңғы ас пен түскі 
астың арасындағы интервалды ұлғайтады. Түскі ас жұмыс жасау кезіндегі ағзадағы 
энергияның орнын толтыру қажет. Кешкі асты ұйықтар алдында 1,5-2 сағат бұрын 
қабылдау дұрыс. Бұл уақыт аралығында асқазандағы ас ішекке түсіп үлгереді, сондықтан 
адам тыныш ұйықтайды, себебі ішектегі ас асқазандағы асқа қарағанда орталық жүйке 
жүйесін аз тітіркендіреді.


173 
Сондықтан тамақтану режимін дұрыс сақтау салауатты өмір сүрудің және рационалды 
тамақтанудың маңызды себебі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет