С. М. Кабиева, А. Т. Туймебаева, Н. Т. Абильдина, С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



Pdf көрінісі
бет140/150
Дата02.02.2023
өлшемі3,59 Mb.
#167139
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   150
Байланысты:
2 5305267080033996255

Минералды заттар 
барлық мүшелер мен жүйелердің қалыпты өмір сүруіне қажетті 
адам тамағының негізгі компоненті болып табылады. Менделеевтің периодты жүйесінің 
106 элементінен адам ағзасында үнемі болатын 62 түрі анықталды, оның ішінен 25-і 
қалыпты өмір сүруге қажетті, 18 - абсолютті түрде қажетті, ал 7-і пайдалы.


169 
Минералды заттар макроэлементтер және микроэлементтер болып екіге бөлінеді. 
Макроэлементтер тіннің құрылуына қатысады, ағзаның қышқыл-негіз жағдайын және су-
тұз алмасуды реттейді. Микроэлементтер ферменттер, гормондар, дәрумендердің әсерін 
белсендендіреді және алмасу үдерістеріне қатысады. Макроэлементтерге кальций, фосфор, 
калий, магний, натрий, хлор, күкірт кіреді. Микроэлементтерге темір, мыс, марганец, цинк, 
кобальт, йод, фтор, хром, молибден, ванадий, никель, олово, кремний, селен жатады.
Көптеген минералды заттардың ішінен тәуліктік рационда 6 элемент қарастырылған: 
Ca, P, Mg, Fe, Zn, I. 
Кальций сүйек, бұлшықет тінінің құрамына кіреді, қанның ұюына, жүйке 
импульстарының өткізгіштігін, бұшықеттердің жиырылуын қамтамасыз етеді, тамыр 
қабырғасының өткізгіштігін төмендетеді. Ересек адамдарда кальцийге қажеттілік тәулігіне 
800 мг құрайды. Жүктілік кезінде – 1200 мг, ал әйелдерде 50 жастан кейін, ер адамдарда 60 
жастан кейін тәулігіне 1000 мг құрайды.
Кальцийдің негізгі көзі – сүт және сүт өнімдері, кальцийдің көп мөлшері жемістер мен 
көкөністерде: қырыққабат, сәбіз, көк шөпте, қауында, алмада, алмұртта, цитрустарда бар.
Кальцийдің жеткіліксіздігі ас қорыту жүйесінің ауруларында байқалады (энтерит, 
панкреатит, өт жолдарының аурулары), гармондарды ұзақ уақыт қолданғанда байқалады. 
Кальций жетіспесе парестезия, бұлшықеттің тартылулары, остеоартроз дамиды. Кальций 
шамадан тыс көп болса кальций ішкі мүшелерде (әсіресе бүйректе), бұлшықеттерде, 
тамырларда жиналады.
Фосфор сүйек тінін түзуге, бұлшықет тінінің, бауыр және бүйрек зат алмасуына 
қатысады, жүйке импульсінің өткізгіштігіне, гормондардың түзілуіне, қышқыл-сілті тепе-
теңдігінде рөл атқарады.
Ересек адамдарда фосфорды қолдану деңгейі тәулігіне 1200 мг, ал жүкті әйелдер мен 
жасөспірімдерде - 1800 мг құрады, сондықтан бұл элементтің жеткіліксіздігі сау адамдарда 
кездеспейді.
Фосфор ірімшікте, сүзбеде, жұмыртқада, етте, балықта, уылдырықта көп кездеседі. 
Фосфор жеткіліксіздігінде
бұлшықетте, сүйектерде ауырсыну, жиі суық тию, бауыр 
жұмысының бұзылуы, зат алмасуда күрделі өзгерістер, қан құйылулар, жүректе ақаулы 
өзгерістер, остеопороз, иммунитеттің төмендеуі байқалады.
Фосфордың көп мөлшерде болуы
сүйектен кальцийдің шығарылуын үдетеді, ал 
бүйректе, сіңірлерде, жүрек бұлшықетінде және қолқада кальцийдің жиналуын тудырады.
Магний фосфор-кальций алмасуға қатысады, сүйектің және жұмсақ тіндердің 
құрамына кіреді, көмірсу алмасуын реттейді, ішектің қозғалыс қызметін күшейетеді, 
тартылуға қарсы әсер береді. Тәуліктік қажеттілік - 400 мг. 
Магний қажетті мөлшерде өсімдік текті тағамдарда, нанда, бұршақта, бидайда, 
кептірілген жемістерде болады.
Магний 
жеткіліксіздігінде 
бұлшықеттің 
тартылулары 
тахикардия, 
есту 
галлюцинациясы байқалуы мүмкін.
Магний көп мөлшерде
орталық жүйке жүйесінің тежелу үдерістерінің күшеюі, 
остеопороз, қан қысымының төмендеуі, парестезия байқалады.
Темір қан түзуді және ағзадағы тіннің тыныс алуын қамтамасыз етеді, бұлшықеттегі 
миоглобиннің құрамына кіреді. Ағзадағы темірдің 60% -і гемоглобиннің құрамында 
болады. Сонымен қатар темір ферменттердің құрамында болады. Темірге тәуліктік 
қажеттілік әйелдерде - 18 мг, ал еректерде - 10 мг. Жүктілік және бала емізу кезінде бұл 
қажеттілік жоғарлайды.


170 
Темір көзі ет тағамдарында, жармада, нанда, жұмыртқада, аз түрде көкөністерде 
болады.
Темір жеткіліксіздігінде
анемия (қаназдық) дамиды. Темірдің құрамы рационда 25 
мг-нан жоғарлағанда ішекте басқа элементтердің сіңірілуі нашарлайды, әсіресе фосфор 
және цинктің.
Цинк ағзадағы бірқатар биологиялық қызметті атқарады: 200-ден ас ферменттің 
түзілуіне қатысады, генетикалық аппараттың қызметіне әсер етеді, қалыпты өсу, жыныстық 
жетілу және жыныс мүшелерінің қызметіне, қан түзуге, иіс сезу және дәм сезудің 
қалыптасуына әсер етеді. Zn-тің тәуліктік қажеттілігі ересек адамдарда және егде жастағы 
адамдарда 15 мг құрайды.
Цинк көзі сиыр, қой, құс етінен жасалған тағамдарда, жұмыртқада, саңырауқұлақта, 
жармада кездеседі.
Цинк жеткіліксіздігінде 
көптеген бұзылыстар және аурулар пайда болады: өсудің 
тоқтауы, терінің зақымдалуы, жүйке және психикалық бұзылыстар, анемия, иммунитеттің 
төмендеуі байқалады. 
Цинк көп мөлшерде
болса бауыр, ұйқы безі және аталық без 
қызметінің бұзылыстары дамиды.
Калий және натрий ағзаның өмір сүруінде маңызды рөл атқарады. Бұл элементтердің 
негізгі рөлі – қышқыл-сілті тепе-теңдігін ұстап тұру. Калий ағзадан сұйықтықтың шығуын 
ал натрий судың ұсталуына әсерін тигізеді.
Калий жүрек бұлшықетінің жиырылуын реттейді. Сонымен қатар ақуыз синтезіне, 
жүйке импульстарының өткізілуіне қатысады, бауыр, бүйрек және ішектің қалыпты қызмет 
істеуін қамтамасыз етеді. Калийге тәуліктік қажеттілік 2-3 г.
Теңестірілген тамақтануда оның мөлшері жеткілікті. Адам калийді негізінен өсімдік 
текті тағамдардан алады: бұршақ, фасоль, картоп, мейіз, шабдалы, теңіз қырыққабаты, 
банан, қызнақ, ананаста және т.б.
Калий жеткіліксіздігінде
бұлшықеттерде әлсіздік пайда болып, бүйрек үсті безінің 
қызметі төмендейді, кіші дәреттің жиілеуі, қан қысымының жоғарлауы, жүрек ырғағының 
бұзылуы, жүрек жеткіліксіздігі, психикалық күйзелу және т.б. байқалады. Калий көп 
мөлшерде болса (адам үшін токсикалық дозасы 6 г, өлім туғызатын дозасы – 14 г) жүйке-
бұлшықеттерде бұзылыстар, тіпті қаңқа бұлшықеттерінде салдану дамиды, жүрек ырғағы, 
ішек жұмысы бұзылады, диабеттің дамуына қауіп туады.
 
Натрий. Ағзада су балансын реттеуден басқа натрий жүйке импульстарының 
өткізгіштігін жақсартады, қанның құрамына кіре отырып қан көлемін реттейді, қан 
қысымын қалыптандырады, асқорытуды жақсартады. Натрий тағамдарда аз мөлшерде 
кездеседі. Негізінен ағзаға ас тұзымен түседі. Натрийге қажеттілік – 6 г, ал ас тұзына 
тәуліктік қажеттілік 5–6 г.
Натрий жеткіліксіздігінде 
сусыздану белгілері байқалады (салмақтың төмендеуі, 
құсу, шөлдеу, терінің серпімділігінің төмендеуі), жүйке жұмысының қызметі бұзылады 
(апатия, кома, психиканың бұзылуы, есінің шатасуы), жүректе (тахикардия, артериалды 
гипотензия), бүйректе (олигурия, анурия, азотемияның күшеюі).Натрийдің шамадан тыс 
көп мөлшерде болуы ісіктерді туғызады, қан қысымын жоғарлатады, жүрек және бүйрекке 
күш түсіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет