6.3 Емдік тамақтандыру
Емдік тамақтандыру әртүрлі аурулардың комплексті емінің құрамына міндетті түрде
кіреді. Емдік тамақтандыру (диетотерапия) – емдік әсер беретін және ингредиенттердің
сандық және сапалық қажеттіліктерін қанағаттандыратын тамақтану [6, 7, 16, 29].
Науқасты тамақтандырудың келесі түрлері бар:
•
Пероральды (кәдімгі) тамақтану.
•
Энтеральды (зондпен) – зонд арқылы, асқазанға енгізу.
•
Парентеральды – қоректік заттарды тамырға енгізу.
Диета – сырқаттану кезінде және аурудың алдын-алу мақсатында пациентке арналған
тамақ рационы (тағамның тәуліктік мөлшері). Диетаны құру үшін тамақ құрамын, оның
калориясын, тәуліктік рационды (тағамның жалпы мөлшерін) және ингредиенттің санын:
ақуыз, май, көмірсулар, минералды заттар, дәрумендер және судың мөлшерін білу қажет.
Диетаны тағайындау кезінде аурудың даму механизмі, зат алмасу жағдайы, тамақтың
сіңірілуі ескеріледі. Диетаның қажеттілігі және оны қолдану мерзімін дәрігер анықтайды,
палаталық мейірбике парционник құрайды, онда әртүрлі диеталық үстелдің нөмірі және
жеңілдетілген диетаның түрі көрсетіледі. Мәзірді құру, тамақтың сапасын бақылауды
дәрігер-диетолог немесе диеталық мейірбике жүзеге асырады [25, 26, 32].
Қазақстан Республикасының емдеу тәжірибесінде М.И.Певзнер бойынша емдік
диетаның нөмірлік жүйесі қолданылады, бұл жүйе әртүрлі сырқаты бар науқастардың
диетотерапиясын арнайы және жеке тұрғыда қамтамасыз етеді.
М.И. Певзнер бойынша емдік үстелдің
(диетаның) сипаттамасы
Көрсеткіш: Қатты тағамды қолдау мүмкін болмаса және қиындаған жағдайда
қолданады. Бұндай жағдай асқазан-ішек жолдарына операция жасалғаннан кейін, есі
бұзылғанда, мысалы инфекциялық ауруларда және қызба кезінде.
Жалпы сипаттамасы: диета сұйық, желе тәрізді тамақтан тұрады, қайнатпалар, жеңіл
ет сорпасы, кисель және т.б.
Тамақтану режимі: тамақты аз мөлшерден жиі береді. Диета бірнеше күнге созылады.
Диета №1а .
Көрсеткіш: Бұл үстел асқазанға механикалық, химиялық және температуралық
агрессияның максимальды түрде шектеу үшін ұсынылады. Бұл диетаны асқазан жарасы,
қан кету белгілерімен, жедел гастрит кезінде тағайындайды.
Жалпы сипаттамасы: диета ақуыз, май, көмірсудың физиологиялық мөлшерінен, ас
тұзының шектелуінен және асқазан және он екі елі ішекті механикалық және химиялық
тітіркендіруден сақтайды. Барлық тағамдар суға немесе буға пісірілген, сұйық және ботқа
тәрізді консистенциялы.
Тамақтану режимі: тамақты тәулігіне 5-6 рет береді.
Диета №1б .
Көрсеткіш: бұл үстел №1а үстелге ұқсас, асқазанға механикалық, химиялық және
температуралық агрессияның шектеу үшін ұсынылады. Бұл үстел асқазан және он екі елі
ішек жарасы ауруының шамалы өршуінде, созылмалы гастрит кезінде қолданылады.
174
Жалпы сипаттамасы: диета ақуыз, май, көмірсудың физиологиялық мөлшерінен, ас
тұзының шектелуінен және асқазан және он екі елі ішекті тітіркендіруден сақтайды.
Жараның, эрозияның жазылуына әсер етеді, қабыну үдерісін басады.
Тамақты пюре түрінде, сүт және сүт өнімдерін көп мөшерде беріледі. Барлық тамақтар
суға немесе буға пісірілген түрде дайындалады.
Тамақтану режимі: тамақты тәулігіне 6-7 рет береді.
Диета №1
Көрсеткіш: Асқазан және он екі елі ішек ойық жарасының өршу кезеңінің басылу
сатысында, ремиссия немесе жазылу кезеңінде (диеталық емнің ұзақтығы 3-5 ай), жедел
гастриттің жазылу кезеңі немесе реконвалесценция фазасы, секреторлы жеткіліксіздігі бар
созылмалы гастритің өршу сатысы, қалыпты және жоғарғы секрециялы созылмалы гастрит.
Жалпы сипаттамасы: диета ақуыз, май, көмірсудың физиологиялық мөлшерінен, ас
тұзының (10-12г) шектелуінен және асқазан және он екі елі ішектің шырышты қабатын
шамалы механикалық және химиялық тітіркендіруден сақтайды. Тамақты үгітілген, суға
немесе буға пісірілген түрде дайындайды. Балық және жұмсақ етті кішкене кесекпен беруге
болады. Суық және ыстық тағамдар берілмейді.
Тамақтану режимі: тамақты тәулігіне 5-6 рет береді.
Ұйықтар алдында с.т, кілегей беріледі.
Диета №1Р (кеңейтілген).
Көрсеткіш: Зат алмасуы бұзылған ауыр ағымды жара ауруы. № 1Р диетасын
жазылғанша қолдану керек.
Жалпы сипаттамасы: Диета ақуыз, май, тағам талшықтарына, А, С және В тобының
дәрумендеріне өте бай. Тағамдар суға және буға пісірілген, суға пісірілген көкөністер.
Тамақтану режимі: тамақты тәулігіне 6-7 рет аз мөлшерден береді.
Диета №2
Көрсеткіш: секреторлы жеткіліксіздікті созылмалы гастрит, жедел гастриттен жазылу
кезеңі, созылмалы энтериттер және өршуден кейінгі колиттер.
Жалпы сипаттамасы: диета физиологиялық толық, асқазанның секреторлы қызметін
қоздыру үшін химиялық тітіркену сақталған, асқазанды химиялық тітіркендірмейді.
Асқазанда ұзақ уақыт ұсталынатын, қиын қорытылатын, шырышты қабатты және асқазан-
ішек жолдарның рецепторлы аппаратын тітіркендіретін тағамдар берілмейді; сұйықтық
көлемі -1,5л, ас тұзы - 15г-ға дейін.
Тамақтану режимі: тамақты тәулігіне 5-6 рет береді.
Диета №3
Көрсеткіш: іш қатумен жүретін ішектің созылмалы аурулары. Диета ішек
перистальтикасын күшейтуге бағытталған, рационға механикалық, химиялық және
175
температуралық тітіркендіргіштерді енгізу арқылы ішекті босату мақсатына арналған.
Дұрыс тамақтанбау салдарынан болатын, ішектің тітіркену белгілерінсіз байқалатын іш
қату кезінде қолданылады.
Жалпы сипаттамасы: физиологиялық толық, ішектің моторлық қызметіне
механикалық және химиялық стимуляторларды енгізу, ішекті босату және оның қозғалыс
қызметін күшейтетін диета түрі (көкөністер, жаңа піскен және кептірілген жемістер, нан
өнімдері, сүт қышқылы шырындары). Ішекте ашу және шіру үдерісін күшейтетін, өттің,
асқазан және ұйқы безі секрециясын бөлінуін күшейтетін, бауыр және өт шығару
жолдарының қызметіне кері әсер беретін тағамдар шектелінеді (эфир майларына,
холестеринге бай тағамдар, қуырылған тағамдар). Тағамды суға немесе буға пісіреді.
Көкөніс және жемістер шикі немесе суға пісірілген түрде.
Тамақтану режимі: тамақты тәулігіне 4-5 рет береді. Таңертең бал қосылған су немесе
шырындар, жатарда –айран, компот, жемістер.
Диета №4
Көрсеткіш: Қатты іштің өтуі байқалатын ішектің созылмалы ауруының өршу сатысы,
ішекке операция жасалғаннан кейінгі жағдай.
Жалпы сипаттама: физиологиялық қалыпты мөлшердің төменгі шекарасындағы және
қалыпты мөлшердегі ақуыз құрамы, асқазан-ішек жолдарының рецепторлы аппаратын
және шырышты қабатын механикалық, термиялық және температуралы тітіркендірмейтін
диета түрі. Ішекте ашу және шіру үдерісін күшейтетін, өттің, асқазан және ұйқы безі
секрециясын бөлінуін күшейтетін, бауыр және өт шығару жолдарының қызметіне кері әсер
беретін тағамдар шектелінеді тағамдар сұйық, қоймалжың, үгітілген, суға немесе буға
пісірілген.
Тамақтану режимі: тамақты тәулігіне 5-6 рет аз мөлшерден береді.
Диета №4г
Аглютенді диета. Глютенді энтеропатиясы бар науқастарға тағайындалады, яғни ағза
ішектің шырышты қабатының эпителийінде арнайы пептидазаның болмауынан глютенді
(ақуыз түйіршіктері) қорыта алмайды, осының нәтижесінен глютеннің құрамындағы
глиадиннің ыдырауы жүреді.
Диета №5а
Бауыр және өт жолдары ауруларының өршу кезеңінде, және олардың колит және
гастритпен қосарлауында, созылмалы колитте (жедел гепатит, жедел холецистит, холангит,
созылмалы гепатит және холециститтің өршуінде), бауырға операция жасалғаннан кейін
тағайындалады. Бұл кезде зақымдалған мүшелер максимальді түрде қорғалады, бауыр
және басқа да асқорыту мүшелерінің функциональды жағдайы жақсарады.
Жалпы сипаттамасы: диета физиологиялық толық, май және ас тұзы шамалы
шектелген, асқазан-ішек жолдарының рецепторлы аппаратын және шырышты қабатын
механикалық, термиялық тітіркендірмейтін диета түрі. Ішекте ашу және шіру үдерісін
күшейтетін, өттің, асқазан және ұйқы безі секрециясын бөлінуін күшейтетін, бауыр және өт
шығару жолдарының қызметіне кері әсер беретін, бауырды тітіркендіретін тағамдар
шектелінеді (экстрактивті заттар; органикалық қышқыл өнімдер, эфир майларына бай
қуырылған тағамдар, альдегидтер және акролеиндер, холестеринге, пуринге бай
тағамдар).
176
Тамақтану режимі: тамақты тәулігіне 5-6 рет беріледі.
Диета №5
Көрсеткіш: бауырдың функциональды жеткіліксіздігінің шамалы белгілері бар
өршімелі, бірақ қатерсіз ағымдағы созылмалы гепатит, созылмалы холецистит, өт тас
ауруы, жазылу кезеңіндегі жедел гепатит, іш қатумен жүретін созылмалы колит, созылмалы
гастрит. Бұл диетаны тағайындаудағы мақсат – май және холестерин алмасуды жеңілдету,
бауырдың функциясын қорғау, ішектің қалыпты жұмысын қорғау.
Жалпы сипаттамасы: диета физиологиялық толық. Ақуыз және көмірсудың мөлшері
ағзаның физиологиялық қажеттілігіне байланысты анықталады, май мөлшері шамалы.
бауырды тітіркендіретін тағамдар шектелінеді (экстрактивті заттар; органикалық қышқыл
өнімдер, эфир майларына бай қуырылған тағамдар, альдегидтер және акролеиндер,
холестеринге, пуринге бай тағамдар). Көкөністер мен жемістерге бай диета басқа
тағамдардың өт айдау әсерін күшейтеді, холестериннің нәжіспен шығарылуын күшейтеді.
Суық тағам берілмейді. Ащы, майлы, қуырылған, ысталған, сорпалар, консервілер,
саңырауқұлақтар, жаңғақтар, шоколад, газды шырындар берілмейді.
Тамақтану режимі: тамақты тәулігіне 5 рет беріледі.
Диета №6
Көрсеткіш: подагра, зәр қышқылынан тастың түзілуі байқалатын бүрек тас аурулары
(уратурия), зәрқышқылды диатез, оксалурия. Тағайындау мақсаты: зат алмасуды (пурин)
қалыптастыру, ағзада зәр қышқылы мен оның тұздарының түзілуін төмендетеді, зәр
реакциясын сілті ортаға ығыстырады, ішектің барлық қызметін жақсартады.
Жалпы сипаттамасы: пурин қосылыстарына бай тағамдар шектелінеді; ас тұзы
шамалы шектеледі; сұйықтық, сүт, жемістер мөлшері басым болады. Ауыр салмақты
науқастарға көмірсу шектелінеді.
Тамақтану режимі: тамақты тәулігіне 4 рет беріледі; сұйықтықты 2-2,5 л ге дейін
көбейтеді, шәй, шырындар, сілтілі су түрінде.
Диета №7а
Көрсеткіш:бүйрек жеткіліксіздігі белгілері бар созылмалы нефрит. Тағайындау
мақсаты – бүйректі максимальды қорғау, зәрдің бөлінуін күшейту, ақуыз алмасуын
жеңілдету, қабынуға қарсы әсер беру.
Жалпы сипаттамасы: ақуыз мөлшері бірден шектелген аз ақуызды диета, май және
көмірсу деңгейі қалыпты, тұзы аз, гипонатрийлі диета (тағамды тұзсыз дайындайды,
арнайы тұзсыз нан пісіріледі); тағамдығы натрийдің мөлшері 400 мг құрайды, ол 1 г ас
тұзымен сәйкес; бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарды азотемия кезінде дәрігердің
тағайындауы бойынша 1-3 г ас тұзы қосылады, оларға алдыңғы тәулікте қанша зәр бөліп
шығарса сонша сұйықтық мөлшерін қолдануға болады.
Тамақтану режимі: тамақ тәулігіне 4 рет беріледі;
177
Диета №7б
Көрсеткіш: азотемиясы бар бүйрек ауры. Бұл үстелді тағайындау мақсаты — бүйрек
паренхимасын максимальді түрде қорғау, сонымен қатар шығарылатын зәр мөлшерін
көбейту және қабынуға қарсы әсер беру.
Жалпы сипаттамасы:май және көмірсу деңгейі қалыпты, ақуыз мөлшері 45-50 г дейін
жоғарлатылған (пісірліген ет немесе балық мөлшері және сүт немесе айран қосылған);
тағамды ас тұзының мөлшері 1,5 г дейін жоғарлатылған.
Тамақтану режимі: тамақ тәулігіне 5-6 рет беріледі.
Диета №7
Көрсеткіш: жедел нефрит, жазылу кезеңі, созлмалы нефриттің өршуден тыс кезеңі
және бүйрек жеткіліксіздігі. Тағайындау мақсаты: бүйрек қызметін қорғау, қан қысымын
төмендету, су-электролит алмасуын қалыпқа келтіру.
Жалпы сипаттамасы: Тұзсыз диета (2 г). Ақуыз мөлшері шектелген, бірақ №7а және
№7б –диетаға қарағанда 80 г дейін жоғарлатылған (пісірліген ет және балықты сүзбені қосу
арқылы) май және көмірсу деңгейі қалыпты, сұйықтық мөлшері 1 л дейін шектелген. Ет,
балық, саңырауқұлақтың және эфир майының экстрактивті заттары шектелген.
Тамақтану режимі: тамақ тәулігіне 5-6 рет беріледі.
Диета №7в . Көрсеткіш: нефротикалық синдроммен жүретін созылмалы бүйрек
аурулары (гломерулонефрит, амилоидоз, бүйрек туберкулезі, жүкті әйелдер
нефропатиясы). Тағайындау мақсаты: ақуыз орнын толтыру, гиперхолестеринемияны,
пртоеинурияны төмендету, ісіктерді азайту және кетіру.
Диета №7г . Көрсеткіш: созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі кезіндегі терминалды
жағдай, яғни аппаратпен емделу кезінде (жасанды бүйрек).
Диета №7р . Көрсеткіш: гиперурикемия, науқас үнемі гемодиализ қабылдау кезіндегі
терминальды жағдай.
Диета №8
Көрсеткіш: арнайы тамақтыну режимін қажет ететін, асқорыту, жүрек-қан тамыр және
басқа да жүйелер жағынан асқыныстар жоқ, ой және физикалық еңбек, күш жұмсау
кезіндегі семіздіктің әртүрлі сатысы. Тағайындау мақсаты: бұзылған зат алмаусға әсер беру,
бірінші кезекте май алмасуына, май жиналуының өршуін басу.
Жалпы сипаттамасы: көмірсуды шектеу арқылы тамақ калориясын (жеңіл сіңірілетін)
және майды шектеу (жануар текті); ақуыз мөлшері қалыптыдан жоғары; сұйықтықты
шамалы шектеу (1-1,2 л), тұз (5-6 г), тәбетті қоздыратын экстрактивті тағамдар шектелінеді,
көкөніс және жемістер жеткілікті мөлшерде. Тағамдар суға, буға пісірілген. Тәтті
тағамдардың және шырындардың орнына олардың орнын басушылар қолданылады.
Тамақтану режимі: аштық сезімді басатын аз калориялы, аз мөлшерде тамақты жиі
қабылдау.
178
Диета №9
Көрсеткіш: қосымша ішкі мүшелердің ауруынсыз, ацидозсыз қантты диабет.
Тағайындау мақсаты: көмірсу алмасуын қалыпқа келтіретін жағдай туғызу, науқастың
көмірсуға төзімділігін анықтау.
Жалпы сипаттамасы: ақуыз мөлшері физиологиялық қалыптан жоғары диета, жануар
текті май және көмірсу мөлшері шамалы шектелген (жеңіл сіңірілетін көмірсуларсыз). Қант
және тәттілер берілмейді. Тұз мөлшері (12 г), холестеринге бай, экстрактивті тағамдар
шектелген (сүзбе, майсыз балық, теңіз тағамдары, көкөністер, жемістер, нан). Тәтті
тағамдардың орнына олардың орнын басушылар қолданады. Тағам суға пісірілген,
тұшытылған.
Тамақтану режимі: тамақ тәулігіне 5-6 рет беріледі, көмірсулар бір күн бойына бөлініп
беріледі, инсулин еккеннен кейін 2-2,5 сағаттан соң науқас құрамында көмірсу бар тағам
қабылдау керек.
Диета №10а
Көрсеткіш: миокард инфактісінің жедел кезеңі, қан айналым жеткіліксіздігінің ІІ-ІІІ
дәрежесімен жүретін жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары. Тағайындау мақсаты —
декомпенсация жағдайындағы жүрек-қан тамыр жүйесіне максимальды күш түсірмеу.
Жалпы сипаттамасы: ақуыз құрамы физиологиялық қалыпты мөлшердің төменгі
шекарасында, май және көмірсулар шамалы шектелген, ағзаға сұйықтық енгізу
шектелінеді; барлық тамақ тұзсыз дайындалады, барлық тағам суға немесе буға пісіріледі;
ас тұзының мөлшері 1,5-1,8 г аспайды.
Тамақтану режимі: тамақ тәулігіне 6 –дан кем емес, аз мөлшерден беріледі.
Диета №10
Көрсеткіш: Жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары (ревматизм, жүрек ақаулары,
атеросклероз, кардиосклероз, жүректің ишемиялық аурулары, гипертониялық ауру), жүйке
жүйесінің аурулары, созылмалы нефрит. Тағайындау мақсаты: ағза қоректі заттар және
энергиямен толық қамтамасыз ете отырып қан айналымға қолайлы жағдай туғызу.
Жалпы сипаттамасы: ас тұзы (5г),экстрактивті заттар шектелген, жануар текті май
және жеңіл сіңірілетін көмірсу мөлшері шектелген диета. Ақуыз мөлшері қалыпты. С және
В тобының дәрумендерінің құрамы жоғарлатылған. Көкөністер, жемістер, жидектер,
өсімдік майы, теңіз тағамдары, ірімшік, қара нан беріледі. Тағам тұзсыз беріледі және
дайын болған кезде ғана тұз қосылады. Ет және балық суға пісіріледі, Ірі көкөніс ұрықтары
ұсақталып, езілген күйде беріледі. Жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары кезінде сұйықтық
мөлшері 1000-1200 мл-ге дейін шектелінеді.
Тамақтану режимі: тамақ тәулігіне 5 рет аз мөлшерден беріледі, кешкі тамақ ұйқыдан
3 сағат бұрын.
Диета №11
Көрсеткіш: өкпе туберкулезі, қаназдық, арықтап жүдеу немесе ұзақ мерзімді ауыр
аурулардан жазылу кезінде тағайындалады. Тағайындау мақсаты: ағзаны ақуыз, май,
көмірсу және тамақтану факторларымен қамтамасыз ету, ағзаның иммунды биологиялық
қорғанысын белсендіру, зақымдалған мүшедегі репаративті үдерістерді жоғарлату, жазылу
кезіндегі ағзаның жедел және созылмалы инфекцияға қарсы қорғаныс күштерін нығайту.
Жалпы сипаттамасы: ақуыз және дәрумендердің мөлшері жоғары, май және
көмірсулардың мөлшері шамалы жоғары калориялық диета; тамақ рационына жеткілікті
мөлшерде кальцийге бай сүт тағамдары кіреді, ас тұзы және сұйықтық мөлшері қалыпты.
179
Тамақтану режимі: тамақ тәулігіне 4-5 рет беріледі.
Диета №12
Көрсеткіш: қозу жоғары жүйке жүйесінің аурулары. Тағайындау мақсаты: орталық
жүйке жүйесін тыныштандыру.
Қазіргі кезде бұл диета қолданылмайды, себебі жүйке жүйесі ауруының сипатына
және ағзадағы басқа жүйенің зақымдалуына байланысты № 5, 10, 15 диетаның әртүрлі
варианттары тағайындалады.
Диета №13
Көрсеткіш: жедел инфекциялық аурулар, баспа, үлкен көлемдегі операциядан кейін
(асқазан-ішек жолдарынан басқа). Тағайындау мақсаты: тіндердегі репаративті үдерістерді
және қалыпқа келтіру механизмдерін белсендендіру. Диета асқорыту мүшелерін қорғауға,
сонымен қатар ағзадан микроб токсиндерін тез шығаруға бағытталған.
Жалпы сиапттамасы: ақуыз мөлшері физиологиялық қалыпты мөлшердің төменгі
шекарасында, май, көмірсулар шамалы шектелген, сұйықтықтар дәруменделген шырындар
түрінде беріледі. Майлы, тұзды, қиын қорытылатын клечаткаға бай тағамдар берілмейді.
Тамақты үгітілген, езілген түрде, буға немесе суға пісірілген түрде береді.
Тамақтану режимі: тамақ тәулігіне 4-5 рет, аз мөлшерден беріледі.
Диета №14
Көрсеткіш: зәр тұнбасына фосфор-кльций тұздарының бөлінуімен жүретін бүйрек-тас
аурулары (фосфатурия). Тағайындау мақсаты: зәр тұнбасына фосфор-кльций тұздарының
бөлінуіне кедергі беретін және олардың ағзадан шығарылуына қолайлы жағдай туғызу.
Жалпы сипаттамасы: ақуыз, май, көмірсулар құрамы бойынша, калориясы барлық
физиологиялық қалыпты мөлшерге сәйкес диета. Кальцийге бай сілтілендіру әсерін беретін
тағамдарды шектеу(сүт өнімдері, ірімшік, көкөністер және жидектер), олар зәр реакциясын
қышқыл ортаға өзгертеді (нан, ұннан пісірілген тағамдар, жарма, ет, балық). Сұйықтық көп
мөлшерде (қарсы көрсеткіш болмаса), сұйықтықтың жалпы мөлшері 1,5-2 л.
Тамақтану режимі: тамақ тәулігіне 4 рет, арасында және аш қарынға су ішу.
Диета №15 – Жалпы үстел
Көрсеткіш: арнайы диетаны қажет етпейтін және асқорыту мүшелерінің бұзылыстары
жоқ аурулар. Тағайындау мақсаты: емдеу мекемесінде толық тамақтандыруды қамтамасыз
ету. Диета сау адамдарды тамақтандыру үшін және әртүрлі соматикалық аурулардан
емделіп жазылу кезінде тағайындалады.
Жалпы сипаттамасы: ақуыз, май, көмірсулар құрамы сау адамдарды
тамақтандырудың нормаларына сай. Дәрумендердің мөлшері екі еселенген. Тағам әртүрлі
өнімдерден тұрады. Қиын қорытылатын тағамдар: майлы ет, тәтті қамыр, кептірілген
өнімдер, шұжықтар шектелінеді. Қоспалар аз мөлшерде беріледі.
Тамақтану режимі: тамақ тәулігіне 4-5 рет беріледі. Соңғы тамақ жеңіл болуы қажет
(тәуліктік калорияның 6-10% -ы) және ұйықтардан 1,5-2 сағаттан бұрын айран, сүт немесе
шырын, көкөністер.
180
Достарыңызбен бөлісу: |