5.2.12 Мұрын күтімі
Өзін күте алатын науқастар мұрын қусын өздері күтеді. Жағдайы ауыр және төсекте
жатқан науқастардың мұрын қуысында тыныс алуды нашарлататын және жағдайын
ауырлататын шаң, кір жиналады, сондықтан мұрын қуысына күтімді бекеттегі мейірбике
жүргізеді [7, 29].
Мұрын қуысындағы қабыршықтарды тазалау (сурет 76)
Емшараны орындау:
1.
Мензуркаға вазелин майын құю (немесе глицерин).
158
2.
Турунданы пинцетпен алып майға батырып шамалы сығады.
3.
Мұрын жолдары жақсы көріну үшін пациенттің басын шалқайтады.
4.
Турунданы мұрын қуысына айналдыра енгізіп 1-3 минутқа қалдырады.
5.
Турундны айналдыра қозғалтып мұрын қуысынан қабыршақтармен қоса
алады.
6.
Емшараны қайталау.
Сурет 76
Мұрын қусындағы қабыршықтарды алу
Мұрын қуысына тамшы тамызу
Мұрынға тамшыны (немесе эмульсияны) алдын-ала жылытқан күйде науқасты
отырғызып немесе шалқасынан жатқызып тамызады. Тамшыны пипетка арқылы тамызады.
Жабдықтар: зарарсыздандырылған пипетка, вазелин майы (немесе глицерин).
Емшараны орындау:
1.
Тамызатын мұрын қуысына қарама-қарсы жаққа науқастың басын шамалы
шалқайту.
2.
Пациенттің мұрнының ұшын саусақпен жоғары көтеру.
3.
Мұрын қанаттарына тигізбей мұрын қуысына тамшы тамызу.
4.
Тамшы тамызған жаққа басын бұру.
5.
1-2 минуттан кейін екінші мұрын қуысына тамшы тамызу.
6.
Пипетканы дезинфекциялық ерітінді бар ыдысқа салу [7, 29].
5.2.13 Құлақ күтімі
Сау құлақты күту оны үнемі жылы сабынды сумен жуумен жүзеге асырылады.
Құлақты үшкір заттармен тазалауға болмайды (оның ішінде сіріңке шиімен) себебі құлақ
жарғағын немесе есту түтігінің қабырғасын жарақаттауы мүмкін. Наууқастың сыртқы есту
жолдарын құлақ тығындары толып қалмау үшін аптасына 2-3 рет тазалап отыру қажет.
Құлаққа тамшы тамызу
Жабдықтар: пипетка, құлақ тамшылары құйылған құты, стерильді мақта.
Емшараны орындау:
1.
Тамшыны адамның дене температурасына дейін жылыту.
2.
Науқастың басын дәрі тамызатын құлаққа қарама-қарсы бұру.
3.
Пипеткаға қажетті мөлшерде тамшы сору.
159
4.
Сол қолмен науқастың құлақ қалқанын артқы және жоғары қаратып тарту, ал
оң қолмен есту жолдарына пипеткамен тамшы тамызу.
5.
15-20 минут пациент осы қалыпта жата тұру қажет (сұйықтық құлақтан ағып
кетпеу үшін)
6.
Сыртқы есту жолына мақта тампонын тығындау.
Құлық тығындарын алу
Құлық есту мүшесінің дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет, ол құлаққа бактериялар,
вирустар, саңырауқұлақтар енгуінен қорғайды, өлген эпителийді сыртқа шағарады.
Қалыпта жағдайда құлақ құлығы жиналған кірмен қоса шайнау, жұтыну кезінде өздігінен
шағарылады. Құлақ жиналған кезде құлық тығындары пайда болады [30, 32].
Құлқтың тығындалу себептері болуы мүмкін:
•
Бездердің күшті жұмыс істеуінен құлық көп мөлшерде бөлінеді.
•
Құлақ түтігінің құрылысы – тар немесе иілген.
•
Мақталы таяқша, есту аппараттары, құлаққа киетін құрылғылардан ішкі есту
түтігінің терісінің зақымдалуы.
•
Басынан кешкен аурулар – отит, синуситтер.
•
Үнемі шаңдатылған орындарда болу.
Егер құлық тығындысы есту түтіген толық жауып қалмаса адам оны сезбейді. Есту
түтігі және барабанды жарғақ 70%-дан төмен кішірейсе құлақтың бітелу сезімі аутофония
(құлағынан өзінің дауысын есту), естуінің нашарлауы байқалады. Құлық тығындары
барабанды жарғақты қысқанда құлақтан шу естіледі, рефлекторлы жөтел пайда болады, кей
жағдайда басының айналуы, құлақта ауырсыну сезімі байқалады.
Есту жолдарын жуу
Құлық тығындарын алу үшін алдымен құлаққа 3% сутегінің асқын тотығын тамызып
тығында жұмсарту керек. Емшара кешке жатарда орындалады, ұйықтағанда құлық жақсы
жұмсарады және жеңіл алынады (сур. 77).
Жабдықтар: пипетка, мақта тампоны, сутегінің асын тотығы.
Сурет 77
Құлақ тығынын алу
Емшараны орындау:
1.
Пациенттің басын тазаланатын құлаққа қарама-қарсы бұру.
2.
Құлақ қалқанын артық және жоғары тарту (сыртқы есту жолы түзуленеді).
3.
Сыртқы есту жолына бірнеше тамшы 3% сутегінің асқын отығын тамызу
және есту түтігін мақтамен тығындау.
aniramia.ru
160
4.
Таңертең құлақтағы құлық жұмсарғаннан кейін Жане шпирціне жиналған
жылы сумен құлақты жуу жүргізіледі (су құлаққа қатты ағынмен енгізіледі)
5.
Егер құлық толық шықпаса екі күннен кейін қайталауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |