С. М. Кабиева, А. Т. Туймебаева, Н. Т. Абильдина, С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


Қабылдау бөлімшесінің жұмыс шарттары



Pdf көрінісі
бет20/150
Дата02.02.2023
өлшемі3,59 Mb.
#167139
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   150
Байланысты:
2 5305267080033996255

1.4.1 Қабылдау бөлімшесінің жұмыс шарттары 
Қабылдау бөлімі – бұл аурухананың ұйымдастыру деңгейі мен мәдениетін көрсететін 
мекеменің айнасы болып табылады. Қабылдау бөлімі күту залынан, кезекші медбике 
кабинетінен, дәрігерге қаралуға арналған бөлмелерден, ем көрсетілетін кабинеттен (жара 
таңу бөлмесі немесе кіші оталау бөлмесі), оңаша бөлмелерден, кезекші дәрігер кабинетінен, 
санитарлық өңдеу бөлмесі, диагностикалық бөлмелерден, рентген кабинетінен, зертханадан 
тұрады [6, 29, 30, 32]. 
Күту залы
науқастар мен олардың туыстарына арналған. Бұл жерде орындықтардың 
жеткілікті саны болуы тиіс. Стендтерге бөлімшелердің жұмыс істеу тәртібі, пациенттерге 
рұқсат етілетін тамақ өнімдерінің тізімі және т.б. ілінеді. 
Кезекші мейірбике бөлмесі/тұрағы 
күту залының қасында орналасқан. Мейірбике 
түскен пациенттерді тіркейді және қажетті құжаттарды рәсімдейді, антропометриялық 
өлшеулерді, термометрияны өткізеді. 
Аурухананың әлеуеттілігіне байланысты қабылдау бөлімінде бір немесе бірнеше 
дәрігерге қаралуға арналған бөлмелер 
жұмыс атқарады. Ол жерде кезекші дәрігер 
пациенттерді бақылаумен, алдын-ала диагноз қоюмен, бағыт берумен, науқасты қандай 
бөлімге бағыттауды шешумен айналысады. Стационарлық емдеуді қажет етпейтін 
пациентке көмек көрсетіледі және тұрып жатқан мекен-жайына байланысты емханаға 
жіберіледі. Аурудың түріне және науқастың жағдайына байланысты дәрігер тасымалдау 
түрін анықтайды. 
Ем-шара бөлмесі/кіші оталау бөлмесі
жедел медициналық жәрдем көрсетуге 
арналған. 
Санитарлық тазалықтан өткізу бөлмесінде 
түскен науқастарды санитарлық 
өңдеуден өткізеді: бастың шашты бөлігі- педикулезге, тері - іріңді бөртпенің барлығына, 
қол мен аяқ таз ауруына тексеріледі. Жағдайына байланысты науқасқа гигиеналық ванна, 
душ немесе ең кірленген жерлердің ысушылық ұсынылады. Санитарлық тазалықтан өткізу 
бөлмесінде науқасты өңдеуден өткізуге арналған барлық құралдармен жабдықталуы керек: 
жастықты тақтай төсек-кушетка, таза киім-кешекке арналған шкаф, кір киім кешекке 
арналған күбішелер, санитарлық өңдеуге арналған құралдармен жабдықталған шкаф 
немесе үстел. Санитарлық өңдеуге міндетті түрде қажет етілетін заттар: клеенка, сабын, 
жеке қолданылатын жуыну жөкелері, шаш кесуге арналған машинкалар, ұстара 
жабдықтары, қайшылар, ауа және су температурасын өлшеуге арналған термометрлер
ваннаны санитарлық өңдеуден өткізуге арналған жөкелер мен қылшақтар, шелектер, еден 
жууға арналған құралдар, сонымен қатар дезинфекциялық құралдардың жеткілікті саны. 


21 
Ауруханаларда түсетін науқастарға және қызметкерлерге арналған бөлек кіру қызметі 
болуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет