С. М. Кабиева, А. Т. Туймебаева, Н. Т. Абильдина, С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


пациентті қабылдау және санитарлы-гигиеналық өңдеу



Pdf көрінісі
бет22/150
Дата02.02.2023
өлшемі3,59 Mb.
#167139
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   150
Байланысты:
2 5305267080033996255

пациентті қабылдау және санитарлы-гигиеналық өңдеу
бойынша іс-шараларды 
жүргізеді.
 

шашты педикулезге тексеру 

теріні қарау – іріңді бөртпелердің болуын анықтау 

саңырауқұлақ ауруларына қарау үшін қол-аяқтарын тексеру 

гигиеналық ванна, себезгі қабылдау немесе терінің былғанған аймақтарын 
тазалау 

антропометриялық көрсеткішерді анықтау: бойы, дене салмағы 

дене қызуын өлшеу – функциональды жағдайын анықтау үшін және АІИ 
алдын-алу үшін 

медициналық құжаттарды толтыру: дене қызуын белгілеу, емді жүргізуге 
және т.б.пациенттің келісімін алу.

бөлімше палатасына пациентті тасымалдау. Тасымалдау түрін пациенттің 
ауруына және жағдайына байланысты дәрігер анықтайды, тасымалдау түрін алғашқы 
парақта көрсетіледі: «жүре алады», «орындық-арбамен», «каталкамен».
1.4.2 Емдеу бөлімшесінің жұмыс тәртібінің қағидалары 
Емдеу бөлімшесі аурухананың негізгі құрылымы болып табылады, бас дәрігердің 
бұйрығымен тағайындалатын және жұмысынан босатылатын меңгерушімен басқарылады. 
Бөлім меңгерушісі дәрігер-ординаторлардың жұмыстарын және аға мейірбике арқылы орта 
медициналық қызметкердің жұмысын басқарады. Бөлімшелер 30 немесе одан да көп төсек-
орнымен қамтамасыз етілген, өз жұмысында барлық емдеу және диагностикалық 
қызметтерді қолданады [20, 29]. 
Емдік бөлімшелер келесі бөлмелерден тұрады:

пациенттерге арналған палаталар; 

ем-шара/байлам салу кабинеті

кіші ем-шара кабинеті - бұл жерде клизмалар жасалады, асқазан жуады және 
т.б. 

бөлім меңгерушісінің кабинеті; 

ординатор бөлмесі (дәрігерлер бөлмесі); 

буфет бөлмесі және науқастарға тамақ тарату үшін асхана; 

санитарлық бөлме (ванна, душ, дәретхана, гигиеналық бөлме); 

аға мейірбикенің кабинеті; 

таза киімдерді және төсек-орындарды сақтайтын бөлме; 

мейірбикелер бөлмесі; 

шаруашылық бөлмелері. 
Бөлімшеге саласына байланысты арнайы кабинеттерге орын беріледі (мысалы, 
кардиологиялық бөлімшеде - ЭКГ бөлмесі, гастроэнтерологиялық бөлімшеде – 
эндоскопия бөлмесі). 


23 
Инфекциялық стационарларда палата бөлімшесінің негізгі құрылымы боксты 
орындар болады: бокс, жартылай бокс, боксталған палаталар. Туберкулезге қарсы 
ауруханаларда құрылымдық бірліктер палаталық секциялар болады, олар «таза» және «таза 
емес» зоналарға бөлінеді.
Мейірбикенің жұмыс орны бөлімшенің дәлізінде, бұл жерде мейірбикелік тұрақ-пост 
орнатылған. Пост палаталарға жақын орналастырады, өйткені мейірбике барлық өзіне 
қарасты палаталарды көріп отыру керек. Посттың жабдықталуы: үстел, құрал-жабдықтарды 
және дәрі-дәрмектердің сақталуына арналған шкафтар, наркотикалық және күшті әсер 
ететін дәрілік заттарды сақтайтын сейф, дәрілік заттарды сақтауға арналған тоңазытқыш 
(инфузиялық ерітінділерге), дәрі-дәрмектерді таратуға арналған қозғалмалы үстел. 
Мейірбикелік пост телефонмен, үстел үсті лампасымен, палаталардағы науқастар шақыру 
үшін арналған сигнализация нүктесі, қолжуғыш. Кезекші мейірбике аурухананың барлық 
бөлімшелерінің телефондар тізімімен қамтамасыз етілуі керек (сонымен қатар, 
шаруашылық қызметі), авариялық жағдайдағы қызметтер, науқастарды эвакуациялау 
жоспары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет