С. М. Кабиева, А. Т. Туймебаева, Н. Т. Абильдина, С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


Аға мейірбикенің қызметтік міндеттері



Pdf көрінісі
бет25/150
Дата02.02.2023
өлшемі3,59 Mb.
#167139
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   150
Байланысты:
2 5305267080033996255

1.4.4 Аға мейірбикенің қызметтік міндеттері 


25 

Бөлімшедегі орта және кіші мейірбике жұмысын ұйымдастырады және олардың өз 
қызметін орындауын бақылайды. 

Дәрігерлердің жұмысына қалыпты жағдайды және бөлімшедегі жалпы тәртіпті 
қамтамасыз етеді. 

Орта және кіші медицина қызметкерлер кадрлерінің дұрыс орналасуын қамтамасыз 
етеді. 

Бөлімшені медициналық құралдармен, медикамент-термен, науқасты күту 
құралдарымен, жиһаздармен жүйелі түрде қамтамасыз етеді және олардың қолдануын 
бақылайды.

Мейірбикелердің дәрігер тағайындауын толық және уақытында орындауын 
бақылайды. 

Қайта түскен науқастарды санитарлы өңдеу сапасын бақылайды. 

Науқастарды тамақтандыруды дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. 

Мейірбикелердің медициналық құжаттармен дұрыс жұмыс істеуін бақылайды. 

Орта және кіші мейірбикелердің санитарлы - эпидемияға қарсы режимін қамтамасыз 
етеді және бақылайды. 

Қызметкерлердің міндетті түрде медициналық тексерілуден уақытында өтуі 
бақылайды.

Бөлімшедегі өртке қарсы жағдайды бақылайды, еңбекті қорғау ережесін және 
қауіпсіз техниканы сақтауды бақылайды. 

Орта және кіші мейірбикелердің біліктіліктерін жоғарлату жоспарын құрады және 
оның орындалуын бақылайды. 

Орта және кіші мейірбикелерге арналған оқыту семинарларын ұйымдастырады. 

Аурухананың Мейірбикелер Кеңесі жұмысына және мейірбикелерге арналған 
ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысады. 
1.4.5 Мейірбикелердің қызметтік міндеттері 

Пациенттің мейірбикелік көмекке қажеттілігін, жағдайының динамикасын, емнің 
тиімділігін бағалайды.

Алғашқы медициналық, оның ішінде шұғыл жағдайда, дәрігерге дейінгі 
мамандандырылған, паллиативті медициналық көмек көрсетеді. 

Зертханалық тексеруге материалдар жинауды, медициналық құралдарды, таңу 
материалдарын және науқасты күтуге арналған құралдарды зарарсыздандыруды жүзеге 
асырады. 

Дәргердің тағайындауын дұрыс орындалуын қамтамасыз етеді.

Әртүрлі жастағы және әртүрлі ақауы бар науқастарды күту бойынша іс-шаралар 
комплексін, ағзаға дәрінің енгізілуін жүзеге асырады, науқастарды диагностикалық 
тексеруге, операцияға дайындайды, электрокардиограммаға түсіреді.

Дәрілік заттар және медициналық тағайындау құралдарына талап парағын 
толтырады, олардың қолдануын, сақталуын қадағалайды.

Тіркеу-есеп бойынша медициналық құжаттар толтырады. 

Операциядан кейінгі кезеңде арнайы күтуді жүзеге асырады. 

Салауатты өмір салты және тұрғындарға санитарлы-гигиеналық тәрбие бойынша 
үгіт насихат жүргізеді. 

Медициналық этиканы, бекітілген жұмыс кестесін, ішкі еңбек тәртіп ережесін, өртке 
қарсы қауіпсіздік және техникалық қауіпсіздік ережелерін, санитарлы-эпидемиологиялық 
режимді сақтайды [18, 25]. 
Мейірбикенің бекетте кезекшілікті қабылдауы және тапсыруы 
Кезекшілікті қабылдау және тапсыру пациентті емдеуде маңызды жұмыс болып 
табылады. Мейірбике бекетті келесі кезекшілік келгенше қараусыз қалдыруына болмайды. 


26 
Кезекшілікті тапсыру кезінде бекет және палалатардың санитарлы жағдайы тексеріледі. 
Кезекшілікті қабылдап алушы мейірбике термометрдің санын, бір рет қолданылатын 
медициналық құралдарды: шприц, системалар, әртүрлі катетерлерді, бекеттегі басқа 
жабдықтар мен аппараттарды, артық төсек жаймаларын санап қабылдайды.
Сандық есепке алынатын қалған медикаменттерді мұқият тексереді (наркотикалық 
препараттар, спирт, таңу материалдары), тіркеу журналындағы көрсеткіштер тексеріледі; 
шкафтың (сейфтің) кілті тапсырылады. Кезекшілік қабылдап алатын және тапсыратын 
мейірбикелер кезекшілікті тапсыру журналындағы барлық мүліктерге қол қояды.
Наркотикалық дәрілер бар бөлімшеде кезекшілікті тапсыратын және қабылдап алатын 
мейірбикелер сейф кілтін тапсыратын арнайы журналға қол қойылады.
Кезекшілікті тапсыру кезінде пациенттерді әртүрлі тексерулерге дайындық бойынша 
журнал тексерілуі қажет, міндетті түрді палаталарды аралап жағдайы ауыр науқастар 
тапсырылады. Күту құралдары кезекшілікке таза немесе стерильді түрде тапсырылады. 
Түнгі кезекшілік таңертең мейірбикелердің конференциясында аға мейірбике, дәрігерлер 
және бөлім меңгерушісінің қатысуымен тапсырылады. Конференцияда пациенттің 
жағдайы, тексерулерге немесе операцияға дайындығы, дәрігер тағайындауының 
орындалуы туралы баяндалады.
Таңертеңгі конференцияда есеп беру кезінде міндетті түрде бөлімшедегі науқастарды 
қозғалысы туралы – түскендер мен шыққандардың, басқа бөлімшеге, басқа стационарға 
ауысқандардың және қайтыс болғандардың саны айтылады. Сонымен қатар
шыққандардың, ауысқандардың және қайта түскендердің аты-жөні күнделікті көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет