26
Кезекшілікті тапсыру кезінде бекет және палалатардың санитарлы жағдайы тексеріледі.
Кезекшілікті қабылдап алушы мейірбике термометрдің санын, бір рет қолданылатын
медициналық құралдарды: шприц, системалар, әртүрлі катетерлерді, бекеттегі басқа
жабдықтар мен аппараттарды, артық төсек жаймаларын санап қабылдайды.
Сандық есепке алынатын қалған медикаменттерді мұқият тексереді (наркотикалық
препараттар, спирт, таңу материалдары), тіркеу журналындағы көрсеткіштер тексеріледі;
шкафтың (сейфтің) кілті тапсырылады. Кезекшілік қабылдап алатын және тапсыратын
мейірбикелер кезекшілікті тапсыру журналындағы барлық мүліктерге қол қояды.
Наркотикалық дәрілер бар бөлімшеде кезекшілікті тапсыратын және қабылдап алатын
мейірбикелер сейф кілтін тапсыратын арнайы журналға қол қойылады.
Кезекшілікті тапсыру кезінде пациенттерді әртүрлі тексерулерге дайындық бойынша
журнал тексерілуі қажет, міндетті түрді палаталарды аралап жағдайы ауыр науқастар
тапсырылады. Күту құралдары кезекшілікке таза немесе стерильді түрде тапсырылады.
Түнгі кезекшілік таңертең мейірбикелердің конференциясында аға мейірбике, дәрігерлер
және бөлім меңгерушісінің қатысуымен тапсырылады. Конференцияда пациенттің
жағдайы, тексерулерге немесе операцияға дайындығы, дәрігер тағайындауының
орындалуы туралы баяндалады.
Таңертеңгі конференцияда есеп беру кезінде міндетті түрде бөлімшедегі науқастарды
қозғалысы туралы – түскендер мен шыққандардың, басқа бөлімшеге, басқа стационарға
ауысқандардың және қайтыс болғандардың саны айтылады. Сонымен қатар,
шыққандардың, ауысқандардың және қайта түскендердің аты-жөні күнделікті көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: