32
Негізгі ауру – қазіргі кездегі басыңқы ауру. Негізгі аурудың асқынуы – аурудың
клиникалық белгілерінің нәтижесінде негізгі аурудың ағысында пайда болған патология.
Қосарланған ауру – негізгі ауруға ілесіп, оған еш байланыспайтын, қазіргі кезде басыңқы
болып келген патология.
Диагнозды және оның негізделуінің шығарылу кезіне байланысты диагноздың мына
түрлері ажыратылады: алдын-ала, науқастың клиникалық қарау кезінде алынған мәліметтер
мен субъективті тексеру әдістерінің негіздеріне байланысты орнатылған диагноз;
клиникалық, науқастың стационарға түскеннен бастап 3 тәуліктің ішінде алынған
дәлелденген қосымша зерттеулердің (зертханалық және құрал-жабдықтар арқылы)
нәтижелерімен
негізделген диагноз; қорытынды, науқастың стационардан шыққанынан
алдында
жасалатын диагноз; қайтыс болғанда берілетін құжат, науқастың қайтыс болу
жағдайында; патологоанатомиялық диагноз – патологиялық-анатомиялық
тексеруден
кейінгі берілетін диагноз.
Мейірбикелік диагноздың дәрігерлік диагноздан айырмашылығы
•
Дәрігерлік диагноз ауруды анықтайды, ал мейірбикелік диагноз науқастың
мәселелерін анықтауға бағытталған.
•
Дәрігерлік диагноз барлық ауырған уақытта өзгеріссіз қалуы мүмкін, ал
мейірбикелік диагноз жиі өзгеруі мүмкін, ағзаның аурумен әрекеттесуіне байланысты күнде
өзгеруі де мүмкін.
•
Дәрігерлік
диагноз көбінесе біреу болады, мейірбикелік диагноз бірнеше болуы
мүмкін (4-6).
•
Дәрігерлік диагноз дәрігерлік тәжірибеге байланысты емдеуді қамтиды, ал
мейірбикелік диагноз – медициналық манипуляцияларды қамтиды.
•
Дәрігерлік диагноз ағзада пайда болған патофизиологиялық
өзгерістерге
байланысты. Мейірбикелік диагноз науқастың өз денсаулығы жайлы көзқарасына
байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: