С. М. Кабиева, А. Т. Туймебаева, Н. Т. Абильдина, С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


Мейірбикелік үдерістің кезеңдерінің мінездемесі



Pdf көрінісі
бет29/150
Дата02.02.2023
өлшемі3,59 Mb.
#167139
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   150
Байланысты:
2 5305267080033996255

2.1 Мейірбикелік үдерістің кезеңдерінің мінездемесі 
«Мейірбике үдерісі»
- ағылшын термині; күту, қызмет көрсету, науқасты күту 
мағынасын білдіреді. Алғаш рет бұл терминді АҚШ-та Лидией Холл 1955 жылы қолданған. 
Мейірбике үдірісінің заманауй моделі 5 кезеңнен тұрады. Әрбір мейірбике үдірісінің кезеңі 
негізгі мақсатпен тығыз байланыста: 
 
науқаста пайда болған мәселелері мен қиындықтарынан сақтандыру, оларды 
жеңілдету, азайту немесе минимумға әкеп соқтыру [7, 9, 32]. 
Мейірбикелік үдеріс бес кезеңнен құралады: 
1)
мейірбикелік зерттеу; 
2)
мейірбикелік диагностика (науқастың мәселелерін табу); 
3)
мақсат қойып, ауруға мейірбикелік қатысуды жоспарлау; 
4)
ауруға мейірбикелік қатысудың жоспарын жүзеге асыру; 


31 
5)
мақсатқа жету кезеңін анықтап, нәтижені бағалау. 
2.1.1 Бірінші кезең – мейірбикелік зерттеу 
Мейірбикелік тексеру екі әдіспен жасалады: 

Субъективті тексеру әдісі – пациенттен ол туралы жалпы мәлімет (тегі, аты, әкесінің 
аты, жасы); олардың шағымдары мен сезім күйлерін; бейімделу реакцияларының 
болжамалы өзгерістері; науқастың қажеттерінің қанағаттандырылмаған жерлерін анықтау. 

Объективті тексеру әдісі – бұл науқастың қазіргі кездегі жағдайын білуге арналған 
бақылау. Оларға науқастың антропометриялық көрсеткіштері, сана-сезімінің күйі, 
қажеттіліктердің бұзылуы, бет-әлпеттің көрінісі, төсектегі жайы, тері қабаты мен көзге 
көрінетін шырышты қабықтардың күйі, дене температурасы, тыныс, пульс, артериальды 
қысым, физиологиялық қажеттіліктерін жүзеге асыру. 

Психологиялық - әлеуметтік жағдайды бағалау: отбасы жағдайы туралы мәлімет, 
аллергологиялық икемділік туралы, материалдық-тұрмыстық шарттар, науқастың 
ауруының ағысына байланысты жұмыс және басқа факторлардың шарттары, науқастың 
өмір салты туралы (хобби, діні, зиянды әдеттері, мәдениеттің ерекшеліктері) зерттеу;
Науқас жайлы мәлімет толық әрі тура болу керек. Жиналған мәліметтің талдауы 
науқастың қажеттіліктерінің бұзылыстарын және науқастың күтімге қаншалықты зәру 
екендігін зерттеуге көмектеседі (зәру, жартылай зәру, қоршаған ортасына зәру, 
медициналық қызметкерлерден зәру).
Мейірбикелік үдеріс тәуелсіз болып келеді және ол дәрігерлік үдеріске ауыстырыла 
алмайды, өйткені дәрігерлік және мейірбикелік үдеріс әр түрлі мақсатты көздейді. 
Дәрігердің мақсаты – дұрыс диагноз қою және дұрыс емдеу жасау. Мейірбикенің 
мақсаты–науқасқа ең қолайлы шарт қойып, оның емделуін жеңілдету. Сондықтан да 
мейірбике үшін аурудың себептері (инфекция, аллергия және т.б.) емес, аурудың сырттай 
көрінісі мен ағзаның қызметтерінің бұзылуы (ентігу, жөтел, ісіктер және т.б.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет