С. М. Кабиева, А. Т. Туймебаева, Н. Т. Абильдина, С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


Қазіргі кезде мазалайтын мәселелер -



Pdf көрінісі
бет32/150
Дата02.02.2023
өлшемі3,59 Mb.
#167139
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   150
Байланысты:
2 5305267080033996255

Қазіргі кезде мазалайтын мәселелер -
бұл науқасты нақты қазіргі кезде 
мазалап, шұғыл шешімді талап ететін мәселелер (мысалы, ауырсыну, ентігу, операция 
алдындағы қорқыныш сезімі); 

Болуы мүмкін мәселелер -
бұл қазіргі кезде жоқ, бірақ белгілі бір уақыттан 
кейін пайда болу қаупін шақыратын және мейірбике тарапынан алдын-алу жұмыстарды 
талап ететін мәселе (мысалы, науқастың ұзақ уақыт қозғалыссыз жатқанынан пайда 
болатын терідегі ойықтардың даму қаупі, жиіленген сұйық нәжіс және құсудан кейін пайда 
болуы мүмкін ағзаның сұйықтығының азаю қаупі). 
Бір аурудың өзінде - ақ бірнеше мейірбикелік диагноздар болуы мүмкін, оларды 
біріншілік көмек қажет ететініне байланысты орналастыру керек (ең күрделісінен бастап). 
Оларды біріншілік көмек қажет ететініне байланысты орналастырған кезде А. Маслоу 
қажеттіліктер пирамидасын қолдану керек. Приоритеттер – бұл біріншілік көмекті қажет 
ететін науқастың ең негізгі мәселелерінің бірі, мейірбикелік көмекті көрсетуге бөлінген 
(олар көп болмауы керек – 2-3-тен көп емес). 
Назардағы басты мәселелер
біріншілік, екіншілік және аралық болып бөлінеді. 

Біріншілік
— бұл мәселелер егерде науқасқа уақытында көмек көрсетілмесе 
немесе емдемесе жақын уақытта өміріне және денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін 
және шұғыл түрде көмек көрсетуін талап етеді (АҚҚ көтерілуі, ауырсыну синдромы
күйзеліс жағдайлар және т.б.). 


34 

Екіншілік
— бұл науқастың ауруына немесе болжамына жатпайтын 
қажеттіліктері (ота жасалғаннан кейінгі төсектегі мәжбүр жағдайы, өзін-өзі күтудің 
жеткіліксіздігі және т.б.). 

Аралық 
– шұғыл емес және өміріне қауіп төндірмейтін науқастың 
қажеттіліктері (төсекте тәулік бойы мәжбүр жағдайда жатқанына байланысты арқасының 
ауырсынуы). 
Мысалы, омыртқасы жарақаттанған науқастың біріншілік мәселесі – бұл ауырсыну, 
аралықта – қозғалыс қимылдың шектелуі, екіншілікте – мазасыздану сезімі. 
Мейірбикелік диагноз құрастыру процессі өте маңызды, өйткені ол кәсіби білім мен 
науқастың жай-күйіндегі ауытқулар мен олардың себептері және шақырушылары 
арасындағы байланысты таба білу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет