33
•
ағзаның қорғаныш қызметінің төмендеуі және т.б.
➢
Психологиялық диагноз:
•
эмоциональды тонустың төмендеуі;
•
өз жағдайының ауырлығын дұрыс бағаламау;
•
ауру туралы мәлімет аз
болғандығы мазалау;
•
медицина қызметкеріне сенбеушілік;
•
ота жасау алдындағы қорқыныш;
•
өлім қорқынышы;
•
өзіне қанағаттанбауы;
•
жалғыздық;
•
жанұядағы шиеленісті жағдайлар;
•
бөгде адамның күтімі қажеттілігі туралы мазасыздану және т.б.
•
жазылмайтын ауруға байланысты үмітсіздік пен сенімсіздік сезімдерінің пайда
болуы;
•
демалу мен қарым-қатынастың жетіспеушілігі;
•
дербестік сезімінің жетіспеушілігі;
•
өзінің ауруына байланысты жақынадамдарына деген «жалған айып» сезімінің пайда
болуы;
•
жалған намыстану сезімінің пайда болуы.
➢
Әлеуметтік диагноз:
•
қозғалыс мүмкіншілігінің шектелуіне байланысты әлеуметтік оқшаулану;
•
мүгедектікке шығуға байланысты финанстық күйі жайлы уайымдау;
•
күрделі ауруға байланысты (туберкулез, АИТВ) өзін-өзі оқшаулау.
Мейірбикелік диагноз (науқастың мәселелері) пайда
болу уақытына байланысты
қазіргі кезде мазалаушы (шынайы, бар) және потенциалды болып бөлінеді.
➢
Достарыңызбен бөлісу: