37
АІЖ-нің жұқтыру көздері
:
науқастар,
АІЖ қоздырғыштарын таратушы,
медициналық персонал және науқастардың күтімін қамтамасыз ететін адамдар (сонымен
қатар студенттер), науқастың ауруханаға жағдайын білуге келген туысқандары.
Адам ағзасындағы шартты-патогенді микроорганизмдердің
ең көп мөлшердегі
орналасатын орындары:
Стафилококк (алтын түстес стафилококк):
қол, қолтық,
шап қатпарлары,
жұтқыншақ.
Стрептококк
: қолдың тері жамылғылары, жұтқыншақ.
Көк іріңді таяқшасы
: қол,
жұтқыншақ, ішек, зәр шығару жолдары.
Клебсиеллалар
: жұтқыншақ, ішек, зәр шығару жолдары.
Ішек таяқшалары:
қол, ішек, зәр шығару жолдары.
Қауіп топтарына жататын субъект ретінде қарастырылады:
•
Зерттеудің инвазивтиі әдістері мен емі жасалатын хирургиялық, урологиялық, жан
сақтау бөлімшесіндегі науқастар;
•
иммунологиялық реактивтілігінің
төмендеуі бар келушілер,
әсіресе балалар және
жасы үлкен адамдар;
•
пациентке күтім жасаған туыстар;
•
медициналыққызметкер.
3.1.3 АІЖ пайда болуына әсер ететін факторлар
АІЖ пайда болуына және таралуына әкеліп соғатын факторларға жатады:
❖
Сыртқы факторлар (барлық стационарларға тән):
•
аппаратура және құрал-жабдықтар
•
тағамдық азық- түлік
•
ауа
•
дәрілік заттар
❖
Пациенттің микрофлорасы:
•
тері жамылғылары
•
асқазан-ішек трактісі
•
зәр шығару жүйесі
•
тыныс жолдары
❖
Стационарда жүргізілетін инвазивті медициналық манипуляциялар.
•
қуықтың және тамырлардың ұзақ уақытты катетеризациясы
•
интубация
•
анатомиялық барьерлердің хирургиялық әдіспен бүтіндігінің бұзылуы
•
эндоскопия
❖
Медициналық персонал:
•
патогенді микроорганизмдерді тұрақты түрде тасымалдаушылар
•
патогенді микроорганизмдерді уақытша түрде тасымалдаушылар
•
аурулар немесе инфекцияға шалдыққан қызметкерлер
Достарыңызбен бөлісу: