С. М. Кабиева, А. Т. Туймебаева, Н. Т. Абильдина, С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



Pdf көрінісі
бет96/150
Дата02.02.2023
өлшемі3,59 Mb.
#167139
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   150
Байланысты:
2 5305267080033996255

Инфрақызыл термометр 
Бұл термометр түрлері жақында пайда болса да, халық арсында тез арада сұранысқа 
ие болды (сурет 45).
 
irecommend.ru 


112 
Сурет 45.
 
Инфрақызыл термометр 
 
Инфрақызыл термометр жұмысының принциптері: аса сезімтал өлшейтін элемент 
адам денесінен бөлінетін инфрақызыл сәуле мәліметтерін түсіріп, біз үйренген 
температуралық 
диапазонда 
сұйық-кристалды 
құрылғыда 
көрсетеді. 
Кейбір 
термометрлерде экранға жарық түсіру қарастырылған, ол түнгі уақытта алынған 
мәліметтерді қарауға көмектеседі 
Артықшылығы: 

Электронды термометрлердің барлық негізгі қызметтері бар (өлшеуді есте сақтау, 
дыбыс сигналдары, өзі өшу және т.б.). 

Температураны өте тез өлшейді (барлығы 5–30 секунд). 

Ауыстыратын ұштықтар дезинфекция және гигиена сұрақтарын шешуге мүмкіндік 
береді. 

Тері бетіне тимейтін үлгісі жылап жатқан балалардың және ұйықтап жатқан 
науқастың да температураларын өлшеуге мүмкіндік береді. 
Жетімсіздігі: 

Өлшеу жағдайына байланысты үлкен қателіктер болуы мүмкін, ал арзан үлгілерінде 
өлшеу дәлдігі 0,3–0,5 градустан асуы мүмкін. 

Температураны дененің тек белгілі бір аймағында ғана өлшеу керек (маңдай, құлақ, 
самай). 

Ортаңғы құлақтың қабынуы кезінде, құлақ үлгілері дұрыс нәтиже бермейді. 

Айқайлаған немесе жылаған балаларда өлшеу нәтижесі дұрыс болмауы мүмкін. 

Кезеңді түрде тексеруді қажет етеді. 

Термометрмен абайлап жұмыс істемесе, құлақтың дабыл жарғағын зақымдаған 
жағдайлары болғандығы мәлім. 

Қымбат тұрады. 
Терможолақтар 
Терможолақтар – бұл дене температурасының әсерінен, өзінің түсін өзгертетін 
қабілетке ие кристалдары бар термосезімтал қабықша. Терможолақтарды әртүрлі 
қолданады. Оларда белгілері болады: «жоғары температура» немесе «көтерілмеген 
температура». Олар температураны дұрыс көрсететін қызуөлшегішпен өлшеу керек, не 
керек еместігі туралы сигнал береді (сур. 46). 
goodideaz.ru


113 
Сурет 46. 
Терможолақтар
 
Терможолақтар жол жүргенде қажет болады, сондықтан демалуға немесе сапарға 
шыққанда терможолақтарды өзімен бірге алу керек. 
Артықшылығы: 

Жолға шыққанда қолдануға ыңғайлы, көп орын алмайды, салмағы да жоқ. 

Температураны тез өлшейді (барлығы 5–30 секунд). 
Жетімсіздігі: 

Көп қателеседі 

Өлшеуге көп факторлар әсер етеді: жарық, терлеу, тері бетіне тиіп тұру тығыздығы 
және т.б. 
Адамға температураны анықтау үшін, термометрдің қандай түрін қолданса аса 
маңызы жоқ. Бастысы – бір кезең ішінде температураны әртүрлі қызуөлшегішпен өлшемеу 
қажет, өйткені көрсеткіштері біршама өзгеруі мүмкін және адамның денсаулық 
жағдайының жалпы көрінісін дұрыс көрсетпеуі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет