66
- Ерікті күш салу: қызметкерлердің ұйымның игілігі үшін «артық
қашықтықты жүріп ӛтуге» дайындығы;
- Қалуға ниет ету: қызметкердің ұйыммен қала беруге дайындығы.
Лидерлік әлеуеттің жоғары деңгейінің бір немесе екі аталған параметрлері
бойынша ӛздерін кӛрсеткендері ұйымға бағалы салым болуы мүмкін. Дегенмен,
толық пакетті – ұмтылыс, қабілет пен араласуды жинай алған қызметкерлер
ӛзекті лидерлік позицияларға кӛтерілуге және онда табысқа жетуге үлкен
әлеуетке ие болады.
Біз, студенттердің лидерлік әлеуетін дамытуда тӛмендегідей әдіснамалық
амалдарға сүйендік.
Жүйелілік амал
. А.Н.Леонтьевтің зерттеулерінде психикалық іс-әрекеттің
және мінез-құлықтың жүйелі қасиеттері жүйелілік кӛзқарасы арқылы
талданады. Түрткінің жекелік ерекшеліктеріне байланысты адамдардың кез
келген іс-әрекеті қайталанбайды және әр қилы болып келеді. Кеңестік
психологиядағы тұжырымдамаларға сүйене отырып, жас кезеңдік дамуды
баланың тұлғасына әсер ететін, мотивациялық-қажеттілік ӛзгерістері ретінде
қарастыруға болады. Түрткінің маңыздылығын ескере отырып, жас ерекшелік
кезеңдерінің критерийлеріне бала әрекетінің еріктілік, саналылық деңгейі
жататынын ұсынуға болады. Нақты іс-әрекетті орындаудағы мақсаты мен
адекватты тәсілдерді таңдауы, әрекетті орындауда ӛзін-ӛзі бақылауға
бағытталған қабілеттерімен анықталады. Түйсіктер мен қажеттіліктер жүйесін
жүзеге асыру тұлға санасының және түсінігінің қалыптасуына жағдай жасайды.
А.Н.Леонтьевтің зерттеуі тұлға әрекетінің дамуын әлеуметтік бейімделу мен
мінез-құлықтың арнайы формалары ретінде кӛрсетеді [26, с. 93].
Жүйе мағынасында «ӛзара байланыста қарым-қатынаста болатын және
белгілі бір тұтастықты, бірлікті туғызатын элементтердің жиынтығы»
түсіндірілетіні белгілі.
Негізінен, жүйелілік амал педагогикалық құбылыстарды
олардың ӛзара байланысы түрінде қарастыруға бағдарлайды. Бұл тұста
жүйелілік амал барысында студенттердің лидерлік әлеуетін дамыту жүйесі
ӛзара байланысты құрамдас бӛлшектердің жиынтығы ретінде қарастырылады.
Олар: мақсаты, педагогикалық үрдіс субъектілері , білім беру мен тәрбиелеу
мазмұны (құзыреттілік, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі), дамыту үрдісін
ұйымдастыру, әдістері мен түрлері, мәліметтер қоры.
Достарыңызбен бөлісу: