202
VII тарау. XVIII-XIX ғғ. Немiс мәдениеті аясындағы
классикалық философия
Кiрiспе сөз
Немiс халқының рухы тудырған ХVIII-ХIХ ғғ. философияға
уақытында Ф.Энгельс «немiс классикалық философиясы» деген ат
қойған болатын. Мұның өзiнен бiз өте биiк бағаны, деңгейдi сезiнемiз,
өйткенi «классика» деп адамзат тарихындағы
қоғамның қайсыбiр
саласындағы мәңгi өшпес жетiстiктердi айтамыз. Мысалы, қазақ
халқының рухани өмiрiнде, өнерiнде классикалық орын алатындар –
Әл-Фараби, Абай, Құрманғазы, М.Әуезов т.с.с. ғұламалар. Олар – тек
қана
қазақ халқына емес, бүкiл адамзат тарихына өзiнiң өшпес iзiн
қалдырған тұлғалар.
Ал немiс классикалық философиясының өкiлдерiне келер болсақ,
И.Кант, Г.Гегель, И.Фихте, Ф.Шеллинг, Л.Фейербах сияқты ғұла-
малардың
есімдерін, шығармашылық еңбектерiн бүгiнгi барлық
елдердегi білімді қауым бiледi.
Әңгiменiң қызығы – өз заманының ең биiк деңгейiне көтерiлген
немiс философиясы, сол кездегi басқа
Еуропа елдерiне қарағанда,
әлеуметтiк-экономикалық жағдайы анағұрлым артта қалып қойған елде
пайда болады. Мұның өзi қоғамның материалдық дамуы мен оның
рухани деңгейi әрқашанда бiр-бiрiне сәйкес келе бермейтiнiн көрсетедi.
Сол кездегi немiс елi жүздеген кiшiгiрiм мемлекеттерден тұрған
болатын. Бұл елдердегi әрбiр князь, граф,
герцог өзiн білімді,
дана елбасы ретiнде көрсеткiсi келiп, ұлы ойшыл, жазушы, сурет-
кер, әуеншi т.с.с.
адамдарды өздерiне тартып, олардың өмiрге керек
қаражаттарын өз мойындарына алып, шығармашылық еңбекпен
айналысуға мүмкiншiлiк жасады. Уақытында Ф.Ницше
айтқандай,
шығармашылықпен айналысуға, бiрiншiден, бос уақыт, екiншiден, адам
күнбе-күнгi материалдық мұқтаждықтардан құтылуы қажет.
Әрине, бұл ойшылдардың көбi өз заманындағы алпауыттарға тәуел-
дi болды. Бiрақ, соған қарамастан, олар өздерiнiң философиясында,
астыртын түрде болса да, сол кездегi
халықтың аянышты жағдайына
қарсы шығып, адамның рухани пенде ретiнде айнала қоршаған ортаны
өзгерте алатындығы және
Достарыңызбен бөлісу: