210
Құқық және мемлекет мәселелерi
Егер И.Канттың моральдық философиясы адамдардың күнбе-
күнгi тәжiрибесiнен аулақ болса, оның құқықтық көзқарастары,
керiсiнше, нақтылы өмiрмен тығыз байланысты. Адамдардың табиғи
құқықтарының негiзгi қызметi – тұлғаның моральдық еркiндiгiн
бекiту, парыздың орындалуына жағдай туғызу. Құқықтың өмiр сүруi-
нiң ерекшелiгi – ол әртүрлi адамның қарым-қатынастарын әдiлеттiлiк-
тiң негiзiнде ретке келтiредi.
И.Канттың ойынша, адамдардың негiзгi табиғи құқықтарына жеке
меншiкке деген құқық жатады, тек ол басқа адамдардың бостандығына
зияндығын тигiзбесе болды. Табиғи құқықтың негiзгi қағидаларының
бiрi – jus talions (тең құндық, тiске – тiс, көзге – көз).
Ал мемлекет мәселесiне келер болсақ, – ол адамдардың заңдарға
сүйене отырып бiрiгiп қауымдасуы, оның негiзiнде әдiлеттiлiк прин-
ципi жатуы қажет. И.Канттың ойынша, республикалық басқару
жүйесi король билiгiне қарағанда жақсы, өйткенi король даналық пен
әдiлеттiлiктi ұзақ уақыт бойы сақтай алмай қалады, ұзақ уақыт билiктi
ұстаған адам қажеттi түрде зерденiң ерiктi тұжырымын бұрмалайды.
Мемлекет аясында қоғамнан ажыратуға болмайтын үш принцип
бар. Олар – әр адамның ерiктiлiгi, азаматтардың теңдiгi және әрбiр
азаматтың дербестiгi.
Достарыңызбен бөлісу: