Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет183/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

парыз этикасы 
деп айтуға әбден болады.
Заңға сыйымды және моральдық iс-әрекеттер
Адамды белгiлi бiр iс-әрекетке итеретiн тәртiп ережесiн И.Кант 
императив дейдi. Оның екi түрi бар. Бiрiншiсi – болжамдық талап-
тар. Олардың ережелерi өмiрде қалыптасатын нақтылы жағдайларға 
байланысты, ал соңғылар әрқашанда өзгерiсте. Болжамдық талаптар, 
адамның 
сыртқы
, яғни гетерономдық жүрiс-тұрысын ғана анықтайды, 
оның iшкi мотивтерiн есепке алмайды. Мысалы, «егер сатып алушы-
лардан айырылып қалғың келмесе, онда сауда-саттықта олармен адал 
бол», «егер өзiңе пайда болсын десең, онда басқаларға қызмет ет» т.с.с. 
Мұндай ережелерге сай жүрiс-тұрыс, әрине, құпталады. Сонымен қатар 
олар орындалмаған жағдайдағы жазалау мүмкiндiгi де адамға өз әсерiн 


208
тигiзбей қоймайды. Мұндай жүрiс-тұрысқа И.Кант 
легальды
, яғни 
заңға қарсы емес деген ат қояды.
Императивтердiң екiншi түрi – ол үзілді-кесілді қатаң импера-
тивтер – оның ережелерiнiң түп-тамыры 
моральдық салаға
кетедi. 
Оның талаптары үзiлдi-кесiлдi, қажеттi түрде әрқашанда орындалуы 
керек. Оның талаптары өмiрден алынған тәжiрибеден емес, адамның 
трансценденттiк табиғатынан шығады. Ол ешқандай «егер» деген 
сөзден басталатын тәртiп тәжiрибесiн мойындамайды. Сонымен 
қатар болжамдық талаптар моральдық ережелерге қарағанда төмен 
болғанымен, соңғыларға қарсы емес. Мысалы, егер суға батып бара 
жатқан адамды құтқарған кiсi сол үшiн сый алу мақсатымен суға түссе, 
онда оның iс-әрекетi легальды.
Ал ондай есеп болмай, тек қана парыздың негiзiнде, өз өмiрiн 
ойламай, басқа адамды судан шығарамын, өлiмнен құтқарамын деген 
оймен суға тап берген адамның iс-әрекетi – моральдық. Сонымен, заңға 
сыйымдылық пен моральдықтың шекарасы адамның iшкi сана-сезiмi 
арқылы өтедi екен.
Ендi сол И.Канттың моральдық салада жасаған қатаң талабын 
талдайық. Ол былайша берiлген: «әрқашанда жүрiс-тұрысыңның 
ережесi бүкiл адамзаттың талабына сай келсiн», яғни сенiң орныңда 
сол жағдайда басқа адам болса, ол да солай iстер едi. Қатаң талаптарды 
орындау жолында адам ешқандай пайдақорлықты iздемеуi керек. Тек 
басшылыққа басқа адамдар алдындағы парызымызды алуымыз қажет.
Үзілді-кесілді қатаң талаптың екiншi ережесi «әрқашанда адам-
затқа, – ол өзiң, иә болмаса басқа адам болса да, – ешқашанда құрал 
ретiнде қарама, әрқашанда оны 
мақсат
тұт». Адам – бұл дүниедегi 
ең биiк құндылық, оны басқа еш нәрсемен салыстыруға болмайды. 
Бұл ұлы гуманистiк принцип кез келген дiндегi адамды төмендететiн 
қағидаларға қарсы бағытталған. Оны И.Канттың моральдық 
философиясының күштi жақтарына жатқызуға болады.
Ал ендi И.Канттың моральдық философиясының әлсiз жақтарына 
келер болсақ, ол 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет