207
Әрине, И.Канттың жоғарыда көрсетiлген антиномияларында iргелі
философиялық мәселелер көтерiлген.
Антиномияларда қарама-қарсы
жатқан тұжырымдар өте өткiр түрде берiлген, сондықтан оларды
диалектикалық тұрғыдан шешуге итередi. Оның қойған бұл мәселелерiн
болашақта Г.Гегель диалектикалық тұрғыдан шешуге тырысады.
Сонымен, Жаңа дәуiрде И.Кант Қайта өрлеу заманындағы ғалым-
дардың
iлiмдерiн жаңартып, таным жолындағы қайшылықтың
маңыздылығын әлемге паш еттi.
Моральдық мәселелер
Ендi И.Канттың теориялық зердесiнен өтiп, оның практикалық
философиясына көшуге уақыт келдi. «Практикалық зерде»
деп ол
моральдық салаға әртүрлi принциптер мен нормалар беретiн зерденiң
қабiлетiн айтады. И.Канттың ойынша, «Ерiктiктiң негiзiнде болуы
мүмкiннiң бәрi практикалық зердеге жатады».
И.Кант өзiнiң философиясында моральдық саланы ғылыми салаға
қарағанда
анағұрлым жоғары қояды, өйткенi моральдық сала өз-өзiне
жеткiлiктi, автономиялық ахуалда өмiр сүредi. Мораль адамды дүниеде
болып жатқан емес,
болуға тиiс
биiктiктерге итередi. Адамның әртүрлi
сезiмдерiнен шығатын тiлек, өзiме ғана болсын деген ойдан шығатын
iс-қимыл, пайдакүнемдікті көздейтiн әрекет – мұның бәрi де моральдық
салада есепке алынбауы керек, өйткенi оның бәрi де күнбе-күнгi күйкі
өмiрлiк тәжiрибеден пайда болады.
Практикалық зерде априорлық
жолмен өз-өзiне моральдық
принциптердi ұсынады: біз өмiрден емес, тек таза моральдық ерiктен
шығатын нормаларды басшылыққа алуымыз керек. Мұндай көзқарасты
Достарыңызбен бөлісу: