Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет181/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

сан, сапа, қарым-
қатынас, модальдық
т.с.с. жатады. Әңгiменiң ғажаптығы – И.Кант 
осы көрсетiлген санаттарды үштiк арқылы келтiредi. Мысалы, сан 
санатын «бiрлiк», «көптiк», «бiртұтастық» арқылы, сапаны «реалдық» 
(шынайылық), «терiстеу», «шектеу» т.с.с. шығарады. И.Кант философия 
саласында Жаңа дәуiрде алғаш рет санаттардың таным жолындағы аса 
үлкен рөлiн көрсете бiлдi.
Сөйтіп, категориялар арқылы бiз сезiмдiк аңдаумен алынған дүние 
жөнiндегi қабылдауларды қажеттiлiк, жалпымағыналық дәрежеге 
көтеремiз. И.Канттың айтуына қарағанда, сезiмсiз бiрде-бiр зат бiзге 
берiлмеген болар едi, ал ақыл-ойсыз бiрде-бiр нәрсенi ойлауға болмас 
едi. «Ойлау сезiмсiз – бос, аңдау ұғымдарсыз – соқыр». Ал осы адамның 
екi қабiлетiн бiр-бiрiмен қоссақ, онда бiз толыққанды бiлiм дәрежесiне 
көтерiле аламыз. Оны И.Кант тәжiрибе дейдi. Сонымен субъект санат-
тар арқылы заңдылық пен тәртiптi құбылыстарға берiп, оны табиғат 
деп атайды. Адам – табиғатқа заңдылық берушi. Мұндай көзқарасты, 
әрине, субъективтiк-идеалистiк философия деп айтуға әбден болады. 
И.Канттың бұл саладағы негiзгi кемшiлiгi – адамның дүние-
танымдағы ой белсендiлiгiн асыра көрсетуiнде. Әрине, таным 
үдерісінде адамның шығармашылық iс-әрекетi үлкен рөл атқарады. 
Осы шығармашылық iс-әрекеттiң негiзiнде адамзат «екiншi» тағы 
табиғатқа қарсы тұрған дүниенi жасайды. Алайда бiз бұл «екiншi» 
табиғаттың тек алғашқы табиғаттың негiзiнде ғана пайда болатынын 
естен шығармағанымыз жөн.
И.Канттың таным теориясын ары қарай жалғастырсақ, онда бiз оның 
тәжiрибелiк танымның әрқашанда толық емес екендiгi жөнiндегi ойын 
байқаймыз: трансценденттiк әлемге ақыл-ой жете алмайды. Ал бiрақ 
адамның санасында ещқашанда жойылмайтын бүкiл дүние жөнiнде 
«соңғы ақиқатқа» деген құштарлық бар. Ал мұндай iстi өзiнiң мойнына 
ақыл-ой емес, 
зерде
алады.
Егер ақыл-ой қабiлетi арқылы бiз санаттық ғылыми таным 
дәрежесiне көтерiлсек, зерде арқылы бiз толыққанды танымның «соңғы 
кiрпiшiне» дейiн көтерiлуге тырысамыз. Сананың шексiздiкке деген 
құштарлығын зерде шешкiсi келедi. И.Кант, жалпы алғанда, ақыл-ой 
мен зерденi адамның ойлау қабiлетiнiң екi бұтағы ретiнде қарайды. Егер 


206
ақыл-ой дүниедегi құбылыстарды зерттеп, оларды ретке келтiрсе, зерде 
құбылыстың ар жағында жатқан өзiндiк заттың iшкi сырын ашқысы 
келедi. Зерде ақыл-ой шеңберiнен аттап, трансценденттiк әлемге өтуге 
тырысады.
Ақыл-ой мен зерденiң арасындағы айырмашылықты жете көрсету 
үшiн И.Кант «идея» ұғымын қолданады. Ақыл-ой санаттарды қолданса, 
зерде идеяларды басшылыққа алады. «Қайсыбiр адамның дүниетануы 
аңдаудан басталып, ұғымдарға өтедi де, идеялармен бiтедi». Яғни 
идеялардың өрiсi ғылыми санаттардан кең, ол – метафизикалық санат-
тар. Идеялар арқылы бiз тәжiрибенiң ар жағына өткiмiз келедi, бiрақ ол 
iс-әрекетiмiз бiздi нәтижеге әкелмейдi. «Идеялар жетiлгендiк, кемелiне 
келгендiктi көрсетедi, оған жақындауға болғанмен, бiрақ толығынан 
жетуге болмайды», – деп қорытады ұлы ойшыл. Ал зерде ұстай алмай-
тынды ұстағысы, шешiлмейтiндi шешкiсi келедi.
И.Канттың ойынша, идеялардың үш түрi бар: жан-дүние, әлем және 
Құдай мәселелерi.
Әлем мәселесiне келер болсақ, ол жөнiнде И.Кант төрт тұжырым 
жасап, оған қарсы тұрған төрт пiкiр келтiредi. Ойшыл оны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет