Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет231/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

К.Э.Циолковский
оқырмандарға орыс космонавтикасының әкесi 
ретiнде кеңiнен таныс. Сондықтан бiз оның ғылыми-техникалық идея-
ларын қарастырмай, тiкелей оның философиялық көзқарастарына 
көшемiз. Оның ойынша, адам – ғарыш өмiрiнiң бiр бөлiгi, сондықтан 
адамзат цивилизациясы ғарыштағы өзгерiстермен тығыз байланысты.
Әрине, мәңгiлiк ғарышқа қарағанда, жер бетiндегi адамзат әлi өте 


262
жас. Дегенмен болмыста пайда болып, белгiлi бiр уақыт келгенде, жер 
бетiндегi байлықты сарқып, адамзат заңды түрде бұл өмiрден кетуi 
мүмкiн. Бiрақ, сонымен қатар, егер ғылымның дамуының негiзiнде 
адам ғарышпен байланысқа түсiп, зат пен күш-қуаттың жаңа түрлерiн 
игерсе, ол тоқталмайтын өрлеуге ие болып, өлместiк дәрежесiне 
көтерiледi, – деген батыл пiкiр айтады.
К.Э.Циолковский адамзаттың жерлiк және ғарыштық өмiр сүруiн 
бiр-бiрiнен айырады. Жер бетiндегi өмiр сүру – адамзаттың «сәбилiк 
шағы», сондықтан ол кемелiне келмеген, зардабы мен қиянаты 
мол. Адамзаттың ғарыштық болмысы келген уақытта өмiрдiң терiс 
жақтарының бәрi жойылып, қуаныш пен жетiлгендiк, шығарма-
шылық – өмiрдiң негiзгi жақтарына айналады. Оның ойынша, ғарышқа 
шығу – көп уақытты талап етiп, сатыларға бөлiнедi:
а) адамзат қажеттiліктерiн өтеу жолында жер бетiн толығынан қайта 
өзгерту;
в) жер айналасындағы кеңiстiктi игеру;
с) басқа планеталарды, содан кейiн алыс ғарышты игеру;
д) адамның өз биологиялық табиғатын өзгертiп, ашық ғарышта өмiр 
сүре алатын дәрежеге келуi.
Сонымен, егер Н.Коперник өз уақытында жердiң ғарыштағы ерекше 
орны жөнiндегi көзқарасқа соққы берген болса, ХХ ғ. К.Э.Циолковский 
адамзатты жер тартылысынан шығарып, ғарышқа жол ашты деп 
көркемдеп айтуға болар едi.
В.И.Вернадскийдiң 
негiзгi ойлары жер бетiндегi өмiр мен 
адамзатқа арналды. Нәтижесiнде, ол биосфера мен ноосфера жөнiнде 
терең де тамаша ойларын адамзатқа ұсынды. Бүгiнгi қалыптасқан 
биосфера жөнiндегi «Үлкен жүйе» теориясы, тiршiлiктiң ғарышпен 
заттық және энергиялық алмасуға түсуi т.с.с. идеялар В.И.Вернад-
скийдiң шығармашылық еңбектерiнде үлкен орын алды. Жер бетiндегi 
тiршiлiктi ол жердiң ерекше қалыптасқан геологиялық қабаты ретiнде 
қарайды. Тiршiлiк биогеохимиялық зат пен энергияның айналысын 
тудырып, жер бетiн толығынан өзгертедi. Осы тұрғыдан қарағанда, 
адамзат тiршiлiк әлемiнiң ерекше ең жоғарғы бөлiгi. Ол ерекше бiр – 
басқа энергия формаларына ұқсамайтын күш-қуатты тудырады. Оның 
аты – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет