Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет229/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

Н.О.Лосскийдi
атап өтуге 
болады.
С.Н.Булгаковтың
айтуына қарағанда, адам Құдайсыз өмiр сүре 
алмайды, егер iшкi дүниеңде Құдай болмаса, онда көңiл құлазиды. 
Құдайға қарсы күрес, бiр дiндi тарату қажеттi түрде екiншi дiндi туды-
рады (мысалы, Кеңес заманында марксизм жаңа ағарған дiнге айналған 
болатын. – С.М.). Алайда адамға Құдай сырттан келмейдi, оны ол өз 
iшiнен табуы керек.
С.Н.Булгаковтың ойынша, шығармашылық дегенiмiз – ол «антро-
подицея» (адамды ақтау). Оның негiзгi себебi – дүние уақыттың 
шеңберiнде өмiр сүруде, олай болса, ол әлi соңына жеткен жоқ, дәл 
қазiр жаратылу жалғасып жатыр. Ал адам болса, ол Құдаймен бiрге осы 
дүниенi жарату iсiне, оны ары қарай жетiлдiруге атсалысуда. Адам – 
Құдайға ұқсаған, Мәңгiлiктiң ұлы, Құдайдың рухын жалғастырушы. 
Ол – 
микротеос
, оның iшiнде бүкiл дүниенiң күш-қуаты бар, ол – 
болмыстың ең жоғары ортасы.
С.Л.Франк
адамды өзiн-өзi анықтайтын және өзгерте алатын пенде 
ретiнде қарайды. 
Өзiндiк сана
арқылы адам заттардан ғана емес, 
сонымен қатар 
өзiнен де алшақтап
, өз-өзiне басқа адамның көзiмен 
қараған сияқты дәрежеге келедi. Нәтижесiнде екi – танушы мен таны-
латын, бағалайтын мен бағаланатын, сот пен сотталатын ахуал пайда 
болады. Мiне, адам өзiндiк санасы арқылы өзiнiң денелiк эмпириялық 
табиғатынан бөлiнiп, өз-өзiн бағалайтын, сынайтын дәрежеге көте-
рiледi.
Адам – әрқашанда өзiнiң күнделiктi болмысына қанағаттанбай, оны 
аттап өтiп, басқа өмiрге, өнегелілiкке қарай ұмтылатын пенде.
Н.О.Лосский
тұлғаларды шынайы және әлеуетті деп екiге бөледi. 
Тұлға өзiнiң дамуында Құдайдың бейнесiне ұқсаудан бастап, соңында 
тiптi Құдайдың Өзiне тартуға тырысады. Ал соңғы – ол тұлғаның 
негiзгi мақсаты, ол үшiн адам неше түрлi қиындықтар мен зардаптардан 
өтуi керек.
Руханияттық – адамның негiзгi қасиетi. Рухани адамның iшкi 
өнегелілiгi қандай да болмасын сыртқы жағдайлардың қысымына 
қарсы тұра алады.
Қорыта келе, бiз орыс философиясының адам мәселесiне қомақты 
үлес қосқанын байқаймыз. Олардың айтқан көп идеялары қазiргi өтпелi 
дәуiрдегi қалыптасқан көп ахуалдарды талдауға өз көмегiн бередi. Сiз 
де ол жөнiнде ойланып көрiңiз. 


261


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет