Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет361/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   357   358   359   360   361   362   363   364   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

§ 7. Қозғалыс
Санның – сапаға, соңғының санға өтуі қозғалыс арқылы жүреді, ал 
оның өзі кеңістік пен уақытты талап етеді. Олай болса, қозғалыс бүкіл 
болмыстағы дүниенің өмір сүру тәсілі болып шығады да, кеңістік пен 
уақыт қозғалыстағы дүниенің формасы ретінде қаралуға тиіс.
Жалпы түрде қозғалысқа қысқаша анықтама беруге болады, ол – 
дүниедегі қайсыбір өзгеріс, байланыс, іс-әрекет. Әрине, мұндай анық-
таманың мазмұн жағынан тұрпайы екенін де жасыруға болмайды. Бүкіл 
философия тарихындағы ізденістер оның аса қиындығын көрсетеді.
Қарапайым тәжірибенің нәтижесінде сонау көне заманда-ақ ойшыл-
дар дүниенің ағым екенін, бір нәрсе дүниеге келіп, екіншісі кетіп 
жатқанын байқаған. Тіпті ұлы Гераклит қозғалыстың астарында 
қарама-қарсылықтың күресі жатыр деп меңзеген. Сонымен қатар Пар-
менид пен Зенон оған қарсы шығып, қозғалыстың ішкі сырын ашудың 
мүмкін еместігін дәлелдеуге тырысқан. Мысал ретінде Зенонның 
«Садақтан атылған оқ қозғалмайды» деген апориясын (aporіa – грек сөзі 
қиындық, шешімі жоқ деген мағына береді) келтіруге болады. Зенонның 
ойынша, атылған оқ әрбір сәтте кеңістіктің бір бөлігінде тұрақтайды, 
келесі сәтте – келесі орында, оны ары қарай шексіз жалғастыра беруге 
болады. Ал тұрақтауға тұрақтауды қосқанда қозғалыс шықпайды, яғни 
ол – жоқ. 
Мұндай көзқарасты уақытында Аристотель сынға алған болатын. 
«Қателік – уақытты бөлек-бөлек «сәттен» тұрады деп есептеуде», – 
дейді ұлы ойшыл. Әрине, мұндай пікірмен келісуге болады. Осы 
ойшыл қозғалысты талдауға аса үлкен үлес қосқан болатын. Болмы-
сты талдаудағы ең қиыны – дүниенің өтпелілігі, бір нәрсенің туып
екіншінің өтуі. Оны Аристотель екі жаңа санат кіргізіп, талдайды. 
Олар – шындық пен мүмкіндік. Қозғалыс – заттың ішіндегі 
мүмкіндіктің шындықта іске асуы, ал оның қайнар көзі форманың 
белсенді әрекетінде жатыр. Мысалы, қайсыбір дүниеге келген тірші-
ліктің ішінде оның болашақ өлімінің ұрығы жатыр, ол оны өмірдің 
шеңберінен тыс шығармай қоймайды. Кірпіштің үйге айналу мүмкіндігі 
бар, сонымен қатар ол саз, я болмаса құмның шындығы т.с.с. Ұлы 
ойшыл қозғалыстың біршама түрлерін ерекше алып зерттейді. Олар: 
үлкею, кішірею, пайда болу, жоғалу, сапалық өзгеру, кеңістіктегі орын 
алмастыру.


390
Ортағасырдағы ойшылдар қозғалыстың қайнар көзін Құдайдың 
іс-әрекетінен іздейді (Өзі қозғалмайтын, бірақ басқаның барлығын 
қозғалысқа түсірген – Құдай).
Жаңа дәуірдегі ойшылдардың ішінде Ф.Бэкон қозғалысты материя-
ның ішкі табиғатынан шығатын белсенділік ретінде түсінеді.
Гегельдің түсінігінше, қозғалыс «өміршеңдік», «әрекеттік», «ешқа-
шанда бітпейтін үдеріс», ол ішкі қажеттіктен туып, «өзіндік қозғалыс» 
ретінде қаралуы керек. 
Маркстік философияда қозғалыс санаты егжей-тегжейлі талда-
нады. Қозғалысты материяның ішкі қайшылығынан шығатын өмір 
сүру тәсілі ретінде түсініп, Ф.Энгельс өзінің «Табиғат диалектикасы» 
деген көлемді еңбегінде оның бес түрін ашады. Олар: механикалық, 
физикалық, химиялық, биологиялық және әлеуметтік қозғалыс форма-
лары.
Әрине, қазіргі ғылым бұл түсініктерді ары қарай дамытып, байытты. 
Қозғалыстың ең қарапайым түрі ретінде механикалық, яғни кеңістікте 
орын ауыстыру үдерістері жатады.
Бүгінгі ядролық физикада ерекше қозғалыс формасына элементарлық 
бөлшектердің бір-біріне өтуін, электр-магниттік, тартылыс, нейтрондық 
өрістер, атом өзегінің ішіндегі күшті және әлсіз тартылыстарды т.с.с. 
жатқызады.
Атомдар мен молекулалардың қозғалысы мен өзара бір-біріне өтуі 
химиялық қозғалыс формасын құрайды.
Заттар мен құбылыстар құрылымының өзгеруі, қысым, жылу, дыбыс 
пен жарықтың тарауын т.с.с. физикалық қозғалыс формасына жатқызуға 
болады.
Мегагалактикадағы ғарыштық үдерістерді, жұлдыздардың пайда 
болуын, сөнуін астрофизика зерттейді.
Жер бетінде тарихи пайда болған тіршілік әлемі – ерекше ғажап 
биологиялық қозғалыс формасына жатады. Оған тірі организмдегі 
үдерістер, айнала қоршаған ортамен зат пен энергияның алмасуға түсуі, 
өзгеру мен тұқым қуу, ассимиляция мен диссимиляция, өз-өзін ретке 
келтіру т.с.с. жатады. 
Ғалымдар жер бетіндегі тіршілік пайда болғаннан бергі (3,5 млрд.ж.) 
өзгерістерді ерекше геологиялық қозғалыс формасына жатқызу керек 
деген пікір айтады. Өйткені осы уақыттың шеңберінде жер бетінде 
био-физика-химия-механикалық байланыстардың нәтижесінде әртүрлі 
бірінің үстінде бірі орналасқан страталар (қабықтар) пайда болды. Бұл 
пікірмен келісуге болады. 
Бүгінгі таңдағы белгілі ең соңғы қозғалыс формасы – ол әлеуметтік. 
Оның ерекшелігі – адамдардың саналы өмірінде, олар өз алдына неше 
түрлі мақсат қойып, бір-бірімен бірігіп, айнала қоршаған ортаны өз 
ойына сай етіп өзгертуінде.


391
Тарихи қозғалыстың жоғары формалары төмендегілердің негізінде 
пайда болады. Химиялық жер бетіндегі үдерістер физикалық қозға-
лыстың негізінде пайда болды. Ол дами келе тіршіліктің пайда болуын 
тудырды. Әлеуметтік қозғалыс формасының дүниеге келуі жер 
бетіндегі басқа тіршіліксіз мүмкін емес еді.
Сонымен қатар жоғары қозғалыс формасын төменгі арқылы түсіну 
мүмкін емес: ол өз заңдылықтарының негізінде өмір сүреді. Бірақ 
төменгі формалар оның ішінде бағынышты түрде сақталып қала береді. 
Оны көрсететін ең айқын мысалдардың бірі – адам өмірі. Көркемдеп 
айтсақ, адам – қоғамның атомы. Ол саналы түрде өмір сүреді, оның жан 
дүниесі, руханияты бар. Ол өзінің алдына неше түрлі мақсаттар қойып, 
оларға жетуге тырысады, ішкі табиғи дарындарын сыртқа шығарып, 
талантқа айналдырады. 
Сонымен қатар ол – биологиялық пенде, оның басқа тіршіліктер 
сияқты, дене қажеттіліктері бар. Оның бауырында өте күрделі 
химиялық үдерістер өне бойы жүріп жатады, адам басқа заттар мен 
құбылыстар сияқты кеңістікте орын ауыстырады, оның денесінен 
неше түрлі физикалық өрістер өтуде т.с.с. Бірақ бұл үдерістердің бәрі 
де әлеуметтік қозғалыс формасына тәуелді болып өмір сүреді. Егерде 
біз адамды оның биологиялық табиғатына теңесек, онда нәсілшілдік
әлеуметтік дарвинизм, ломброзиандық т.с.с. сияқты кертартпа көз-
қарастарға тап болар едік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   357   358   359   360   361   362   363   364   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет