Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет77/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

орта дәрежеде
өмір сүруі керектігін айтады. ХХ ғасырда 
әлеуметтік философияда бұл «орта таптың теориясына» айналды. Арис-


89
тотельше ойласақ, бүгінгі таңдағы біздің қоғамның құрылымындағы 
орта топтың әлсіздігі, кедейлер мен байлардың айырмашылығының 
шектен шығуы қоғамның тұрақтылығына теріс әсерін тигізіп жатыр. 
Аристотель өз заманының саяси тарихын зерттеп, мемлекеттің 
басқару формаларының заңды түрде алмасып отыратынын байқайды. 
Мемлекетте де ол форманың белсенділігін өзінің философиясына 
сәйкес көрсеткісі келеді.
Мемлекеттің басқару формалары билікті ұстап отырған адамдардың 
санына қарай бөлінеді, ал оның өзі байлықтың көлемімен тығыз байла-
нысты. Екінші жағынан, билік басында отырған адамдардың мақсаты 
қандай: халықтың мүддесін, я болмаса өздерінікін қорғаумен байла-
ныстырады.
Осы екі тұрғыдан Аристотель басқарудың үш дұрыс түрін, үш 
бұрыс формаларын ашады.
Дұрыс түрлері: монархия (monos – бір, arche – билік) – бір адамның 
билігі, аристократия (arіston – ең жақсы, асыл) – аз ақсүйектердің бірігіп 
басқарған билігі, полития (polіs – қала) – ерікті адамдардың байлығына 
қарай байланысты құрылатын үкімет билігі.
Бұрыс биліктерге келер болсақ, монархия, қандай жақсы билеу 
түрі болса да, бірте-бірте тиранияға – бір адамның зорлығына, заңсыз 
басқаруына әкелуі мүмкін.
Аристократия да жүре келе бір-бірімен сыбайлас болып, қыз алысып-
берісіп, халыққа қызмет етпей, олигархияға ауысуы ғажап емес.
Полития да бірте-бірте демократияға ауысып (Аристотель демо-
кратия ұғымын қазіргі мағынасынан гөрі басқаша қарайды), кез кел-
ген надан адамның кеудесін қағып, «мен басқарамын» деген пиғылын 
туғызып, мемлекеттің билігіне олардың келуін тудырады (қазіргі өтпелі 
қоғамдағы кейбір сайлаулар кезіндегі үдерістерге ұқсас).
Сонымен, Аристотельдің біршама әлеуметтік-саяси көзқарастары 
бүгінгі таңға дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Оның көтерген 
көптеген мәселелері болашақ дәуірлердегі ғалымдарға рухани азық 
болып, олардың шығармашылық шабытын оятты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет