ортаңғы жолын табуда. Оған ақыл-оймен тоқу арқылы
жетуге болады. Мысалы, кеңпейілділік – даңғойлық пен жан сауға-
лаудың екі ортасында; ерлік – ессіз батылдық пен қорқақтықтың орта-
сында; мырзалық – шашып-төгу мен сараңдықтың ортасында т.с.с.
Сөйтіп, еш нәрсе «өте» болмауы керек.
Аристотель ізгіліктің екі түрін көрсетеді: біріншісі –
дианоэтикалық ,
екіншісі –
этикалық . Біріншіге жету үшін адам жақсы білім алып,
оны өмірдегі тәжірибемен ұштастыруы керек. Этикалық құндылықтар
әдет-ғұрып арқылы беріледі. Дианоэтикалық құндылықтарға ақыл-
оймен жетсек, этикалық құндылықтарға іс-әрекет, жүріс-тұрыс арқылы
жетеміз. Батыл болу үшін батыл іс-әрекеттер жасау керек, әділетті болу
үшін әділеттілік жолымен жүру керек т.с.с.
Соңғы құндылық әсіресе Аристотельді қызықтырады. Оған біз
де тоқтаңқырайық, өйткені бүгінгі өтпелі заманда әділеттілік деген
сөзді біз тіпті ұмытып кеткен сияқтымыз, ал өткен кеңес заманында
әділеттілікті саясатта адамдарды кедейліктің негізінде теңеуге әкеліп
тіреген болатын.
Аристотельдің айтуынша, әділеттілік, бір жағынан, адамдарды теңеу
арқылы, екінші жағынан, игіліктерді әр адамның, қоғамдағы алатын
орны арқылы бөлу керектігінен шығарады.
Әділеттілік мәселесі бізді мемлекетке тікелей жеткізеді. Аристо-
тель адамды «zoon polіtіcon» – саяси жануар ретінде анықтайды,
өйткені адам жануарлар сияқты жалғыздан-жалғыз өмір сүре алмайды.
Сондықтан мемлекет – адамдардың бірігіп өмір сүруінің жолында
пайда болған қажетті құбылыс.
Аристотель мемлекет мәселесін жеке меншікпен және еріктілікпен
ұштастырады, құлдар мемлекеттің азаматы бола алмайды.
Егер Платон жеке меншік жойылу керек деген болса, Аристо-
тель, керісінше, оның қажеттігін көрсетеді: «Жеке меншіктің көп
пайдалылығын айтпағанның өзінде-ақ, – дейді ойшыл, – бір нәрсенің
иесі болу адамға түсінбейтін ләззат сезімін әкеледі. Сонымен қатар
байлықтың иесі мырза болып, қарапайым халыққа, кемтарларға
көмектесіп, оларды қолдап отыруы қажет, басқа жағдайда қоғам
тұрақтылығынан айырылып қалып, мемлекетке қауіп төнуі мүмкін».
Соңғы мәселеге көп көңіл бөліп, ойшыл ел тұрақты болуы үшін оның
негізгі халқы