Қамиева Г. Б. Орта ғасырлар тарихы оқу құралы АҚтау 2019



Pdf көрінісі
бет29/35
Дата08.02.2023
өлшемі1,41 Mb.
#167869
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35
Байланысты:
ҚАМИЕВА Г.Б.-ОҒТ-ОҚУ ҚҰРАЛЫ-2019

32.
 
Вассал – орта ғасырлар дәуірінде ірі феодал – сеньордан жер иелігін 
(лен) алған уақ феодал; ол үшін, ең алдымен, әскер қызметін атқарып, көп 
жағынан сеньорға тәуелді болуға тиіс еді. 
33.
 
Вассалитет – Батыс Европа елдерінде орта ғасырларда кең тараған бір 
феодалдың екінші жер иесіне тәуелділігінен туған қатынастар жүйесі. Ол жүйе 
V
ІІІ-ІХ ғ.ғ. Франк мемлекетінде әбден қалыптасып болды. Аграрлық 
қатынастардағы төңкеріс жер иеліктерін вассалдарға кеңірек үлестіруге 
мүмкіндік берді. 
34.
 
«Менің вассалымның вассалы менің вассалым емес» – феодалдық 
лендік қатынастарды айқын көрсететін, орта ғасырлар дәуірінде көп тараған 
мәтел. 
35.
 
Ватикан – Рим қаласындағы жеті төбенің бірі; Рим жеріндегі 
теократиялық мемлекет-қала. Рим папасының вресми резиденциясы, Ватикан 
тарихы ертеректегі орта ғасырлар дәуірінде басталады. 
36.
 
«Ұлы дидактика» – чехтың ұлы педагогы Ян Коменскийдің 1632 ж. 
жазылған басты еңбегі. 
37.
 
«Ұлы привелигия» – 1477 ж. Өжет Карл қаза тапқан соң Гентте өткен 
Нидерландының жалпы шарттары Бургундиялық Марияның қол қоюына 
мәжбүр еткен еркіншілік хартиясы, 1494 ж. күшін жойды. 
38.
 
Еркіндіктің ұлы хартиясы – 1215 ж. 15 маусымда Жерсіз Иоанн қол 
қойған хартия. 63 бабы бар. Король өкіметінің күшеюіне қарсы болған 
барондар күресінің нәтижесінде олар көптеген артықшылықтарға ие болды. 
Англия сословиелік монархиясын құруға әкелген саяси күресте Хартия едәуір 
көрнекті роль атқарды. 1965 ж. жазда бұл құжаттың 750 жылдығы 
Ұлыбританияда ұлт тойы болып өткізілді. 
39.
 
Ұлы географиялық ашулар – ХV ғ. ортасынан кейінгі уақытты 
қамтитын жаңа жерлерді ашуға байланысты оқиғалар – Американы ашу
Үндістанға баратын теңіз жолын табу, бірінші дүниежүзілік саяхат, т.б. 
169 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет