1-
ТАРАУ. ЕРТЕ ОРТА ҒАСЫРЛАР
§ 1.
«Орта ғасырлар» және «феодализм» түсініктерінің шығуы. Орта
ғасырлар тарихының хронологиялық шеңбері және негізгі кезеңдері
«Орта ғасыр» ұғымы алғаш рет (латынша
medium aevum; бұдан тарих
ғылымының орта ғасырлар кезеңін зерттейтін арнаулы саласы «медиевистика»
пайда болды) Италияда ХV – ХVІ ғасырлардағы гуманистік бағыттағы
әдебиетшілер мен тарихшылар тобының арасында пайда болды. Бұл термин
қазіргі кезде ғылымда шартты түрде алынып келеді,
себебі ол тарих ғылымы
дамуының әр түрлі кезеңдерінде алуан түрлі мазмұнда түсіндірілген.
Гуманистер кейін тарихты «көне», «орта» және «жаңа» деп бөлуді енгізгенде,
тарихшылар көне дүние мен жаңа замандағы мәдениеттің биікке көтерілуіне
қарама-қарсы «орта ғасырды» мәдениеттің терең құлдырау кезеңі деп есептеді.
Дүние жүзіндегі халықтар мен елдердің феодалдық қоғамға өтуі бір
мезгілде жүзеге аспағаны белгілі. Сондықтан орта ғасырлар кезеңінің
хронологиялық шеңбері тек құрлықтарда ғана емес,
сонымен қатар бір
құрлықтағы жекелеген мемлекеттердің өзінде де әркелкі.
Тарих ғылымында қалыптасқан дәстүр бойынша, Еуропа елдері үшін
«Орта ғасырлар» тарихы Батыс Рим империясының V ғасырдың екінші
жартысында күйреуінен, нақтырақ айтсақ, 476 жылғы құлауынан басталады.
Құлиеленушілік құрылымның ішкі дағдарысының салдарынан империя
құлдырады. Дағдарыс империяны герман және «варварлық» тайпалардың
алдында қорғаныссыз қалдырды. Тайпалардың баса-көктеп
кіруі империяның
ыдырауына, сонымен бірге құлиеленушілік құрылыстың ыдырауына әкеліп
соқты. Сөйтіп, орта ғасырларды ерте дүние тарихынан бөлетін терең әлеуметтік
төңкеріс жасалды.
Феодалдық құрылыстың құлиеленушілік пен капиталистік құрылыстан
өзгешелігі ірі жер иеленушінің ұсақ жеке меншік шаруашылықтармен, тікелей
өнім өндіруші-шаруалармен ұштасып жатуы болатын. Феодалдар оларға ұстай
тұру үшін өз жерлерінің үлкен бөлігін үлестіріп берген. Феодалдық қоғамда
шаруалар еш уақытта да өздерінің жерінің иесі болып көрген емес. Олар белгілі
бір шарт бойынша жерді ұстай тұрушы ғана болды. Осы жерде олар өз
шаруашылықтарын жүргізді. Жекелеген
жағдайда ғана жерді ұдайы
пайдаланып, мұрагерлікке қалдырып отырған. Жер помещик үшін шаруаларды
өзінің пайдасына жұмыс жасауға көндіретін ең басты қажет қор болды.
Жерге феодалдық меншіктің шартты сипатын және соған байланысты
бірнеше феодалдардың аралас жерді меншіктену құқығын бөлісу де осыған
жатты.
Феодалдық меншіктің дамыған нысаны – «феод» (латынша – Feodum –
«феодализм» деген термин осыдан шыққан) жерге мұрагерлік жеке меншікті
бейнеленеді. Ол міндетті түрде әскери қызмет атқару мен жоғары мәртебелі
сеньордың, билеушінің пайдасына басқа да бірнеше
міндеттерді орындаумен
тығыз байланысты болды. Феодалдар мен шаруалар өмір сүріп тұрған
5
қоғамдарында өздерінің әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс салты бойынша
қарама-қайшы болды.
Шаруаларды қанау феодалдық рента түрінде жүргізілді. Феодалдық жер
рентасы дегеніміз – жер иеленушілердің тәуелді шаруалардан алатын қосалқы
еңбектің немесе қосалқы өнімнің бір бөлігі. Феодалдық рентаның 3 нысаны
болды:
1.
жұмыспен атқаратын (барщина);
2.
өнімдік рента (заттай натуралды оброк);
3.
ақша түріндегі рента (ақшалай салық төлем).
ІХ – ХІ ғасырларда феодалдық вотчина қалыптасты (феодалдық жерге
меншіктің бір жүйесі, қалыптасуы ұзаққа созылған тарихи үрдіс). Орта
ғасырдың алғашқы кезеңінде барщина жүйесі ең негізгі белгі болды.
Феодализмнің екінші кезеңінде бұған қоса өнім рентасы да зор маңызға ие бола
бастады. Тауар-ақша
қатынастарының дамуына, қалалардың қолөнер мен
сауданың орталығы ретінде өркендеуіне байланысты Батыс және Орталық
Еуропаның көптеген елдерінде ақшалай рента кең тарап, үстемдік алды. Өнім
рентасы, әсіресе ақшалай рентаның дамуы барщина жүйесін бұза бастады.
Кейінгі орта ғасыр, яғни феодалдық қоғам капиталисттік қоғамның
белгілерімен қоса басталған мезгілде Батыс Еуропа
елдерінде ақшалай рента
бұрынғыдан да нығая түсті. Осыған қоса, феодализм оның ыдырауы басталып,
капиталистік қатынастар тарала бастады.
Кеңестік тарихнамада «Орта ғасырлар тарихы» үш кезеңге бөлініп
оқытылды:
1.
Алғашқы орта ғасыр – феодализмнің алғашқы кезеңі – V ғасырдың
аяғынан – ХІ ғасырға дейін – феодализмнің үстемдік ететін өндіріс тәсілі
ретінде қалыптаса бастаған мезгілі.
2.
Орта орта ғасыр – ХІ ғасырдың орта шенінен – ХV ғасырдың аяғына
дейін – феодализмнің өркендеп, феодалдық қатынастардың дамыған кезеңі.
3.
Кейінгі орта ғасыр – ХVІ ғасыр – ХVІІ ғасырдың алғашқы жартысы –
феодалдық қатынастардың ыдырап, капиталистік қатынастардың өркендеп келе
жатқан мезгілі.
Кеңестік тарихнамада орын алған тағы бір мәселе «орта ғасыр» мен
«жаңа заманның» шекарасын анықтау еді, бұған
жалпы еуропалық мәнге ие
болған және Батыс Еуропада капитализм үстемдігінің негізін қалаған
Англиядағы 1640 – 1660 жылдардағы бірінші буржуазиялық революцияны
есептеді. Бұл қазіргі отандық тарихнамада да жалғасын тауып келеді. Сонымен
қатар бірінші жалпы еуропалық 30 жылдық соғыстың аяқталуы (1618 – 1648
ж.ж.) да назарға алынады.
Ал, шетелдік тарихнама бойынша «орта ғасыр» мен «жаңа заманды»
бөлетін шекаралық мезгіл деп ХV ғасырдың аяқ шені (Колумбының 1492 ж.)
немесе Константинопольді түрік-османдардың жаулап алуы мен Византияның
құлауы, 100 жылдық соғыстың аяқталуы (1453 ж.) есептеледі. Жалпы нақты
шешімін таппаған, тарих ғылымындағы таласты
мәселелердің бірі болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: