Қамиева Г. Б. Орта ғасырлар тарихы оқу құралы АҚтау 2019



Pdf көрінісі
бет7/35
Дата08.02.2023
өлшемі1,41 Mb.
#167869
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35
Байланысты:
ҚАМИЕВА Г.Б.-ОҒТ-ОҚУ ҚҰРАЛЫ-2019

Бақылау сұрақтары:
1.
Шығыс провинциялардың оқшаулануын туғызған қандай оқиға болды?
 
2.
Шығыс Рим империясындағы үстем жағдай кімдердің қолында болды?
 
3.
Рим құқығының реформалары кімнің кезінде жүргізілді?
 
4.
Юстиниан заңдары бойынша қандай өзгерістер енгізілді?
 
5.
Прасиндер 
(«жасылдар») 
партиясының 
үкіметке 
деген 
жеккөрініштілігінің себебі неге байланысты? 
6.
Юстиниан саясатының реакциялық сипат ала бастағанын қандай 
оқиғадан көруге болады?
 
7.
Византия-Иран соғысының басталуына не себеп болды?
 
8.

Константиннің діни реформасының мақсаты қандай?
 
 
§ 6. 
ІХ –
ХІ ғасырлардағы Батыс Еуропа 
 
ХІ ғасырдың аяғына таман Батыс Еуропадағы феодалдық құрылыстың 
негізгі белгілері. Еуропаның көптеген елдерінде феодализм ХІ ғасырдың 
аяғына таман қалыптасты. Италия, Францияның аумағында феодалдық 
мемлекеттер алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау негізінде пайда болды 
және қалыптасу үрдісі Х ғасырдың аяғында аяқталып болды. Англия, Германия, 
сондай-ақ, Орталық, Шығыс Еуропа және Скандинавия елдерінде феодалдық 
қатынастар 1,5-2 ғасырға кеш қалыптасты. 
30 


Феодалдық құрылыс алғашқы қауымдық қоғам және құлиеленушілік 
құрылысқа қарағанда әлдеқайда прогрессивті болды. Феодалдық экономиканың 
негізін құраған ұсақ шаруалар шаруашылығы, шаруаларды қатал қанауға 
қарамастан, үйлік қауымнан, құлиеленушінің латифундияларынан өнімдірек 
болды. Өз негізінде натуралды болып қалған феодалдық экономика қоғамдық 
еңбек бөлінісінің болуын қалады. Феодалдардың даму деңгейі бойынша тауар-
ақша қатынастары неғұрлым тарала берді және дамыған тауарлы 
шаруашылыққа көшудің алғы шарты пайда болды. Жерді өңдеу жетілдірілді, 
оның шығымдылығы артты, малдың түрлері жақсарды, қолөнердің әр алуан 
түрлері дамыды. Олар экономиканың жеке салаларына айналды. 
Феодалдық өндіріс тәсілінің негізі феодалдарда жерге және елеулі 
дәрежеде тікелей өндірушінің – басыбайлы немесе тәуелді шаруалардың жеке 
басына жеке меншіктің болуында еді. Феодалдық меншік әртүрлі нысанда 
болды. Кей жағдайларда жер мекеме немесе адамдардың елеулі тобына 
(мемлекеттік, шіркеулік-монастырьлық меншік), келесісінде – жекелеген 
немесе бірнеше адамға (вотчина-аллодтық немес шартты-лендік меншік) 
тиесілі болды. Жер меншігінен және бас бостандығынан айырылған шаруалар 
феодал немесе мемлекеттің тарапынан рента немесе салық алу жолымен 
қанауға ұшырады. Феодализм кезінде тікелей өндіруші жерге бекітіліп, 
экономикадан тысқары күштеу жолымен қаналды. Феодалдық вотчина тек 
шаруашылық бірлігі ғана емес, сонымен қатар автономиялық саяси ұйым, 
мемлекеттің ішіндегі мемлекет болды. Елдегі саяси билік тұтастай феодалдық 
жеке меншік иелерінің иерархиясы арқылы жүзеге асырылды.
Феодалдық қоғамдағы таптар. Тәуелді және басыбайлы шаруалар. 
Феодалдардың рәсімделуімен қоғам екі қарама-қарсы топқа бөлінді: 
1.
ірі жер иеленушілер; 
2.
тәуелді шаруалар. 
Феодалдық құқық бұл кезде ерікті адамдардың болуын қаламады. ІХ – ХІ 
ғасырларда батыс еуропалық кейбір елдерде қалыптасқан заң және әдет-
ғұрыптарға сәйкес әрбір адам кез-келген қожайынға немесе корольге бағынуы 
тиіс болды. «Қожайынсыз адам жоқ» деген қағида ортақ тәртіп болды. 
«Қожайынсыз» адамдар заңның қорғауына ие бола алмады, оларды құлға 
айналдыруға немесе жазалаусыз өлтіре салуға болатын болды. 
Шаруалар бұл кезде екі негізге топқа бөлінді:
1.
басыбайлы; 
2.
жерге тәуелді. 
Неғұрлым қатты қаналғандар өз қожайындарына басыбайлы және жерге 
тәуелді болған шаруалар (сервтер) болды. Сервтердің жартысы ешқандай үлес 
иемденбеді және әрдайым қожайынына қызмет етті. Сервтер өз иелерінің 
тікелей меншігінде болды. Сервтің мүлкі феодалдың меншігі болып есептелді. 
Сервтерді жеке бостандығына байланысты ауыр міндеткерді орындауға 
күштеді. Басыбайлылардың қатарына бұрынғы құлдар мен бұғауға түскен 
еріктілер де енді. Батыс Еуропа елдерінде басыбайлылық XIII – XIV ғасырларға 
дейін, ал, Шығыс Еуропада феодализмнің аяғына дейін өмір сүрді. 
31 


Бас бостандығы бар шаруалар заңдық және шаруашылық тұрғыда дербес 
және құқылы болды. Олар өз мүлкіне иелік ете алды, үлесіне мұрагерлік 
құқықтары 
болды. 
Олардың 
тәуелділігі 
қожайындарына 
соттық 
бағыныштылығы және оның пайдасына бірқатар міндеткерліктер өтеуімен 
көрінді. Феодалдар шаруаларды қанау және тәуелділігін арттыру, жеке 
бостандығын шектеу, оларға басыбайлылық міндеткерліктерді таратуға 
тырысты. Қожайынның жерін ұстаушылар оброк немесе барщиналық міндеттер 
өтеуі тиіс болды. Шаруалар бұрынғы құқықтарының сақталуы үшін күресті. 
Бұл жолда шаруалардың, феодалдарға бағынғанымен, бұзылмаған қауымы 
үлкен роль атқарды. Қауым шаруашылық мәнін де жоймады. Дән себу, мал 
бағу, қауымдық иеліктерді пайдалануда бұрынғы шаруашылық тәртіптер 
сақталып қалды. Әрине, шаруалар енді олар үшін қосымша салықтар төлеуі 
тиіс болды. Шаруалардың бас көтерулерінде осы мүмкіндіктерді еркін 
пайдалану талаптары жатты. Шаруалардың таптық күресі, ең алдымен, 
феодалдық 
қанаудың 
күшеюіне 
қарсы 
бағытталды. 
Шаруалар 
міндеткерліктердің азаюына және феодалдардың тәлкегінен құтқару 
кепілдіктерінің орнығуына қол жеткізді. Шаруалар күресінің нысаны әртүрлі 
болды: қашу, міндеткерлікті өтеуден бас тарту, помещик мүлкін бүлдіру, 
қожайынның усадьбаларын өртеу, қожайын мен қызметкерлерді өлтіру, т.б. 
Шаруалар көтерілісі жеңіліспен аяқталып отырды, нәтижесіз де қалған жоқ. 
Феодалдар табы. Феодалдық иерархия.
 
Феодал – феодалдық қоғамда 
маңызды қызметтерді атқарды: саяси, идеологиялық, әскери. Феодалдар жеке 
дара және бірлесіп саяси билікті жүзеге асырды. Олар қаналушы бұқараны 
бағынышта ұстады және олардың қарсылықтарын басты. Шонжар 
феодалдардың басты кәсібі соғыс болды, сондықтан олар «рыцарьлық жолдағы 
адамдар» болып есептелді. Шаруаларды рыцарьлар әскерінің қатарынан 
шығарып тастады. Алайда, шаруалар соғыс ауыртпалығынан құтыла алмады, 
оларды соғыс салығын төлеуге және қосымша әскери күшке пайдаланды. 
Қорғаныс соғысына құлдарға дейін қатысты. 
Феодалдардың келесі тобы – орта және жоғары дін өкілдері 
идеологиялық басшылықты жүзеге асырды. Бұлар әдетте, тек шіркеу қызметін 
меңгерген ғана емес, ортағасырлық схоластикалық ғылымды да білетін білімді 
адамдар болды. ХІІІ ғасырдағы қалалардың гүлденуіне дейін дін өкілдері білім 
беруде монополия ұстады.
Феодалдар тобының құрылымы жерге жеке меншікке қатысты болды. 
Қалыптасып келе жатырған феодализм дәуірінде бұл қатынастар феодалдық 
иерархия нысанында көрінді. Оның басында король тұрды. Жеке доменінен 
басқа, король бүкіл мемлекет аумағында бірқатар жоғары құқықтарды (әскери, 
қолбасшылық, сот ісі, т.б.) пайдаланды. Екінші сатыда корольдің тікелей 
вассалдары – ірі феодалдар тұрды. Олар: архиепископ, епископ, герцог, граф, 
т.б. Олар князьдықтар мен облыстарға билік етті. 
Үшінші сатыда корольдік вассалдардың вассалы – барондар тұрды. 
Олардың ірі иеліктері болды және оларда автономияны пайдаланды. Соңғы 
сатыны рыцарьлар иемденді. Оларда вассал болған жоқ, тек тәуелді шаруалары 
болды. Жоғары тұрған феодал төменгі феодалға сеньор балып есептелді. Тек 
32 


корольдың ғана өз елінде сеньоры болмады, ол өзге король немесе папаның 
вассалы бола алды. Вассалды тәуелділіктің негізі шартты иелену болды 
(бенефиций, феодалдық лен – немістерде, фьеф – франктерде). 
Вассалдың міндетті әскери қызметі жылына 40 күннен аспады. Вассалдық 
міндетті орындамау леннен айырылуға алып келді. 
Феодалдар 
өндіруші 
еңбекпен 
айналыспады. 
Шаруашылыққа 
басшылықты олар өздерінің қызметкерлеріне – басқарушы, староста, т.б. 
аударып салды. Қожайынның өзі соғысты, аң аулады. Олардың тұрмысы мен 
әдет-ғұрпы осы кәсіптермен тығыз байланысты болды. Х ғасырдан бастап 
феодалдардың тұрғын-жайы оларды жауларынан қорғай алатын бекіністі сарай 
қамалдар болды. Қамалдарды жаппай салу венгрлердің, нормандықтардың, 
сарацилардың шапқыншылықтарынан кейін басталды. Алғашында бұлар екі 
қатарлы ағаш ғимараттар болды: жоғарғы қабат феодалдың отбасына, төменгі 
қабат жасақ пен үй қызметкерлеріне арналды. Қамал төбеге немесе биік 
жартасты жағаға салынды. ХІ ғасырда тас қамалдар салына бастады, айналасы 
екі немесе үш қалың дуалдармен қоршалды. Ортасында басты цитадель бой 
көтерді. Ол феодал мен оның отбасының қорғанатын орны болды. Қамалдың 
жер асты бөлігі шаруашылық қажеттіліктері үшін ғана емес, тұтқындарды 
қамайтын орын да болды. Азық-түліктің мол қоры бар тас қамал ұзақ уақыт 
қоршауға төтейтін еді. Қамалды атқылау үшін қоршауға қажет құрылыстар 
тарандар және жылжымалы мұнаралар қолданылды. 
Х – ХІ ғасырларда әскер ауыр қару-жарақты атты әскерден құралды. 
Әрбір феодал атты жауынгер – рыцарь болды. Рыцарь атағы міндетті дене және 
әскери дайындықтан өткеннен кейін арнайы актімен берілді. Қылыш асынған 
рыцарь еш уақытта қаруын тастамауы тиіс болды. 
ІХ – ХІ ғасырлардағы Франция.
 
843 жылғы Верден бөлінісі жалпы 
алғанда Еуропаның болашақ үш ірі мемлекетінің құрылуын көрсеткен еді: 
Франция, Германия, Италия. Олардың ішіндегі ІХ ғасырдың ортасында 
неғұрлым жинақысы болашақ Францияның тірегі болған «батыс франктердің» 
мемлекеті болды. Мұнда Каролингілер өз билігін Х ғасырдың аяғына дейін 
сақтап қалды. Соңғы Каролинг V Людовик Ленивый қайтыс болғаннан кейін 
граф Роберт Сильный ұрпақтарының бірі Гуго Капет 987 жылы шонжарлар мен 
дін өкілдерінің жиналысымен Франция королі болып сайланды. Осылайша, 
Францияда Капетингілер әулеті басталды. 
Сонымен, Верден шарты Францияның дербес мемлекет ретінде жеке өмір 
сүруінің бастамасы болды. Оның шығыс шекаралары Рона, Сона, Маас, Шельда 
өзендері болды. Солтүстік шекаралары Солтүстік теңіз, батыс шекаралары 
Атлант мұхитының суларымен көмкеріліп жатты. Оңтүстікте Батыс-Франк 
корольдігі Пиренейге дейін созылып, құрамына Пиренейдің ар жағындағы 
аумақтың жартысын (Испан Маркасы деп аталатынды) қамтыды. Франция деп 
бұл кезде Батыс-Франк корольдігінің солтүстік бөлігі ғана аталды. 
880 жылы-ақ дербес Бургунд корольдігі бөлініп шықты. Венгрлердің 
тонаушылық жорықтарына қарсы тұру қажеттілігі оны Германиямен 
жақындастырды. Нормандардың шапқыншылығы Бургундияның солтүстік 
облыстарын титықтап, оны Нейстриямен біріктірді. ІХ ғасырдың аяғында 
33 


Нейстрияға осы солтүстік облыстар өтті. Қалған бургундтық аумақтың 
Франциямен қосылуы ғасырларға созылды. ІХ ғасырда Аквитания қайтадан 
дербестік алды. Каролингілердің соңғыларына Галлияда тек Нейстрия ғана 
қарады. Х ғасырда оның еншісіне көптеген қиындықтар тап келді. Неміс және 
француздық Каролингілерінің алауыздық соғыстары үздіксіз жүргізілді. 
Нормандардың шапқыншылығы да елге көптеген апат әкелді. Олармен 
кескілескен күресте бай Парижский графтары тарих сахнасына шыға бастады. 
885 – 
886 жылдары нормандар он ай бойы Парижді қоршап, ала алмайды. 
Роберт Сильныйдың ұлы граф Эд Парижский нәтижелі қорғаныс 
ұйымдастырып, жаудың шабуылын тойтарды. Х ғасырдың басында (911 ж.) 
соңғы Каролингілердің бірі Карл Простоватый Төменгі Сена жағалауын норман 
қолбасшысы герцог Ролланға беруге мәжбүр болды. Ол бұл аумақта Норман 
князьдығын құрды. Жаңа князьдық формальды түрде Каролингілерге вассалды 
тәуелділікте болды, ал, шын мәнінде тәуелсіз болды және Париждің өзіне қауіп 
төндіре бастады. Х ғасыр бойына тақ үшін Робертиндер (Парижский графтары) 
және соңғы Каролингілер арасында күрес жүрді. Робертиндердің бірқатары 
король болып сайланды, бірақ дереу Каролингілермен алмастырылып отырды.
Галлияны жаулап алған франктер ІХ ғасырдың ортасына таман оны 
қоныстанған галло-римдік халықтарға сіңісіп кетті. Болашақ Францияның 
аумағында Ұлы Карл империясы ыдырағаннан кейін бір-біріне жақын екі халық 
қалыптасты:
1.
оңтүстік француздық (провансальдық); 
2.
солтүстік француздық. 
Осы екі халықтан кейін біртұтас француз халқы қалыптасты. Франция 
тарихындағы феодалдану үрдісі ІХ ғасырдың ортасынан – ХІ ғасырға дейінгі 
кезеңде аяқталды. Жеңіл вассалдық міндеттер жүктелген азғантай жерлер 
қалды.
Х – ХІ ғасырларда бенефиций жоғары даму деңгейіне жетіп, феодқа 
айналды. Феодалдық иеліктер уақытша емес, мұрагерлік болды. Феод 
мемлекеттік немесе әскери қызмет өтеу шартымен берілді. Сеньор вассалға 
иелікті ерекше дәстүрмен берді: оған туы бар найза, сақина немесе қолғап 
табыс етті. Ол инвеститура деп аталды. Вассал өзін сеньордың өкіметіне 
тапсырды және оған адал болуға ант етті. Вассалдың өлімінен кейін феод оның 
ұлы немесе жақын туысына мұрагерлікке берілді. Соңғысы да вассалдық 
қызмет атқаруға тиіс болды. Сеньордан феод алған вассалдың міндеті әртүрлі 
болды: сеньор үшін материалды жауап беруі тиіс, яғни, тұтқыннан босату үшін 
ақша төлеуі керек, сеньордың талабы бойынша соғысқа аттану; оның сотына 
қатысу; т.б. 
Францияның саяси және әкімшілік бытыраңқылығы.
 
Х – ХІ ғасырларда 
Франция аумағының шағын герцогтықтар мен графтықтарға бөлініп қана 
қоймай, сансыз ұсақ феодалдық иеліктерге бөлшектенуі жүрді. Фьефтердің 
(феод) күрделі иерархиясы қалыптасты, вассалдық байланыстар орнады. 
Нәтижесінде жаңа саяси құрылым пайда болды – өзгеше сипаттағы феодалдық 
бытыраңқылық. 
34 


Әр графтық әртүрлі көлемдегі көптеген феодтарға ыдырады. Король 
тікелей вассалдарына ғана (герцог, граф, өз доменінің рыцарьлары) ғана сеньор 
бола алды. Соған сәйкес, Францияда «менің вассалымның вассалы – менің 
вассалым емес» деген феодалдық құқық нормасы әрекет етті.
Солтүстіктің феодалдық бытыраңқылығына Бретань және Нормандия да 
әсер етті. Кельттік Бретань ХV ғасырдың аяғына дейін дербес герцогтық болды. 
Оның француз халқына тілі де түсініксіз болды. Нормандия Х ғасырдың 
басында Сена сағасында қалыптаса бастады. Норман герцогтары мен 
барондары солтүстік француздық халықтың тілін (нормандық диалект) тез 
қабылдады. Х ғасыр бойы және ХІ ғасырда олар өздерінің иеліктерін Ла-Манш 
жағалауы бойымен батыста Бретаньға, ал шығыста Соммаға дейін кеңейтті. 
Оңтүстікте нормандар өздеріне Мэн графтығын бағындырып, Луараға 
дейін созылып жатты. Осылайша Бретаньды қосқанда Нормандия Солтүстік 
Францияның жартысына жуығын құрады. Бұдан басқа, норман герцогтары 
Сенаның төменгі ағысын иемденіп, Париж және оны қоршап тұрған Иль-де-
Франс маңынан теңізге шығатын жолды кесіп тастады. Соңғыдан шығысқа 
таман Шампань графтығы, оңтүстік-шығысқа қарай Бургундия герцогтығы 
орналасты. Капетингілердің жері (Сенаның орта ағысы бойымен, Уаз, Марна 
және Луараның орта ағысының бойымен, екі ірі қала-бекінісі Париж және 
Орлеанмен бірге) солтүстіктен, шығыстан және оңтүстік-шығыстан ірі 
феодалдық князьдықтармен тықсырылғандай болды. Парижден солтүстік және 
шығысқа таман неғұрлым ұсақ иеліктер орналасты: Бове, Лан, Нуайлон, Реймс, 
Шалон-на-Марне, т.б. Қиыр солтүстік-шығыста – бірмезгілде шекаралық және 
теңіз жағалауында орналасқан Фландрский графтығы болды. 
Х – ХІ ғасырларда корольдік өкіметтің неғұрлым қауіпті жауы болып 
герцог Нормандский қала берді. Нормандияның оңтүстік шекарасы ұзаққа 
созылған күрестің нәтижесінде бекіді. Бұл күрес алғашында Капетингілердің 
барлық күшін сарықты. Ол кезде олар Париж және Орлеан арасындағы 
жерлерді толық иемдене де алмады.
Оңтүстіктің географиялық, этникалық және тілдік оқшаулануы елдің 
басқа бөліктерінен антик заманда-ақ және франк дәуірінде айқын білінді. Х – 
ХІІ ғасырларда ол бұрынғыдан да күшейді.
Х ғасырда Аквитания деп Луарадан оңтүстікке қарай Гаронна және 
Жерорта теңізінің жағалауына дейінгі жерлер есептелді. ХІ ғасырда 
Аквитанияға номиналды түрде ибериялық Гасконь астанасы Бордамен бірге 
енді. ХІІ ғасырда «Прованс» сөзінің мәні өзгерді. Ол енді бүкіл Оңтүстік 
Францияны білдірді, халқы провансаль тілінде сөйледі. Осы кең мағынада 
Прованс құрамына Перигор, Лимузен, Марш, Гиэнь, Гасконь, Лангедок және 
Провансты (тар мағынада: тек теңіз жағалық Жерорта теңіздік облыстар) 
біріктірді. Провансаль тілінің бұл аумағы, сондай-ақ Лангедок деп аталды. 
Феодалдық қатынастар Оңтүстікте Солтүстіктегідей айқын және аяқталған 
көрініске ие бола алмады. Оңтүстікте ірі, ұсақ аллодтар көп сақталып қалды. 
Сондықтан жерге тәуелділік мұнда кең қанат жаймады. Орталық массивтің 
таулы облысында, әсіресе, Севенн тауларында мал шаруашылығымен 
айналысқан еркін қауымдар ұзақ сақталып қалды. Қалалардың ерте дамуы кең 
35 


қалалық округтерде феодалдық қатынастардың ерте таралуына мүмкіндік берді. 
Бұл тұрғыда француздық оңтүстік қалалар солтүстік италияндық қала 
республикаларын көбірек байқатты.
Оңтүстікте өзінің жергілікті әулеттері өмір сүрді. Капетингілер туралы 
олар тіпті есіне де алмайтын. Аквитания герцогтары «бүкіл Аквитания 
монархиясының герцогы» деген атақ алды, өздерін корольмен тең дәрежеде 
ұстады. Гасконь герцогтары өз иеліктерін «корольдік» деп есептеді, 
Капетингілермен кез-келген байланысты жоққа шығарды. Аквитания 
герцогтары тәрізді дербес саясат ұстанды.
Бургундияда өз тілі бар халық қалыптасқан жоқ. Каролингілер 
империясының ыдырауы нәтижесінде Бургундия екіге бөлінді. Сена және 
Луара бойындағы облыстар Солтүстік Францияның құрамына кіріп, Бургундия 
герцогтығын құрады. Олар француз короліне вассалды тәуелділікте болды. 
Онда солтүстік француз тілінің бургундия диалектісі үстемдік етті. Қалған 
облыстар (болашақ Франш-Конте, Савойя, Дофине, Прованс, Ронаның оңтүстік 
жағалауы және болашақ Швейцарияның батыс бөлігі) алғашында Лотарь 
мемлекетінің бөлігі болды. Кейін екі бургунд (төменгі, жоғары) корольдігін 
құрды. Ол 1032 – 1034 жылдары Рим-Герман империясының құрамына 
номиналды түрде енді. 
ХІІІ ғасырдың басында Прованс облысы Бургундиядан бөлініп кетті. 
Ронаның оң жағалауындағы облыстар тілдік қатынастарда біркелкі болған жоқ. 
Лионның батыс бөлігі Форезада және Виварда провансаль тілінде, ал Лионның 
шығыс бөлігінде солтүстік француздық тіл диалектісінде сөйледі. Франш-
Конте, Савойя, Дофине және Альпілік облыстардың өз диалектілері болды. 
Олар кейде оңтүстік-провансальдік деп аталды, солтүстік француздық және 
провансальдік тілдерге жақын белгілері де болды. 
Осылайша, тілдік қатынастарда Бургундия өзіндік ерекшеліктері бар 
аумақ болды. Онда екі француздық диалектілер ұштасып жатты: солтүстік және 
провансальдық. 
Бургунд герцогтығында 1031 жылдан бастап бургунд герцогтарының 
әулеті есебінде Капетингілердің Кіші тармағы түпкілікті орнықты. Ол 
герцогтықтың Солтүстік Францияның құрамында сақталуына септігін тигізді. 
ІХ – ХІ ғасырлардағы Францияның экономикалық құрылысы.
 
Бұл кезде 
шаруашылықта орталық орынды феодалдық поместье алды. Еркін 
шаруалардың негізгі бұқарасы тәуелділерге айналды. Бірақ, шаруалар қауымы 
жойылған жоқ. Ол да феодалдың билігіне бағынып, тәуелді болды. 
Қожайын жерінің жыртылатын телімдері тар жолақ болып шаруа жерімен 
араласып жатты. Қожайынның жері шаруа шаруашылығының айналымына 
тартылды. Қожайын мен шаруа жерінің араласып жатқандығынан және 
барлығында бір адамдар жұмыс жасайтындықтан округтің барлық 
қызметкерлеріне дән себуде бір тәртіпті ұстауға тура келді.
 
Осыған сәйкес, жыл 
сайын егістіктің бір бөлігі демалды, бұл әрбір үш жыл сайын бүкіл алқаптың 
жыртусыз қалуымен тең еді. Францияда бұл кезде феодалдық рентаның негізгі 
түрі барщина болды. Барщина шаруа жұмыс жасаған күнмен анықталды. Ол 
36 


өзінің малы мен еңбек құралдарын пайдаланды. Шаруаның деңгейі оның 
жұмыс малының санымен өлшенді. Үлесі өгіздерінің санына қарай бөлінді. 
Оброкты шаруалар заттай төледі. Шаруа алқабындағы нанның жартысы 
қожайынның пайдасына кетті. Шаруа төлдің жартысын да қожайынға берді 
(торай, тауық, қозы). Қожайыны жыл сайын әр отбасынан танымал салық алып 
отырды. Ол Францияда талья деп аталды. Басыбайлы қызын өзге округтің 
шаруасына тұрмысқа беретін болса, қожайынына салық төледі.
ІХ – ХІ ғ.ғ. Францияның саяси құрылысы.
 
Франция өз кезегінде 
экономикалық оқшау және саяси дербес феодалдық иеліктердің – графтықтар 
мен герцогтықтардың жиынтығынан құралды. Натуралды шаруашылықтың 
толық үстемдігі кезінде феодалдар өздерін өз жерлерінің шынайы иесі сезінді. 
Бұл кезде Франциядағы ең күшті феодалдық иеліктер солтүстікте Нормандия 
герцогтығы, одан солтүстік-шығысқа таман жатқан Фландрия графтығы, 
Нормандияның оңтүстігіне қарай орналасқан Анжу графтығы болды. ХІІ 
ғасырдың ортасында Анжу графтары Англияның королі бола бастады. 
Анжудан батысқа таман Францияның қалған бөлігінен халқының этникалық 
құрамы (кельттік) бойынша ерекшеленген Бретань герцогтығы орналасты. 
Шығыста өзінің жәрмеңкелерімен аты шыққан Шампань графтығы орналасты. 
Шампаньнан оңтүстікке қарай Бургундия герцогтығы, Луараның төменгі 
ағысынан оңтүстікке таман Пуату графтығы, әлде де оңтүстікке таман ұлан-
байтақ Аквитания герцогтығы немесе Гиень орналасты. Аквитаниядан 
шығысқа таман Тулуза графтығы болды.
Франциядағы король тағы 987 жылға дейін Каролингілер әулетінің 
қолында болды. Ал, 987 жылы таққа Гуго Капет сайланды. Бұнымен 
Франциядағы Каролингілер әулетінің өмір сүруі тоқтатылып, Капетингілер 
әулетінің ел басқаруы басталады. Алғашқы Капетингілерге өз өкіметін нығайту 
үшін ғасырға жуық уақыт керек болды. Корольдің билігімен шынайы санасқан 
солтүстік-шығыс болды, алайда, мұнда да бірнеше ірі вассалдар қарсы тұрды: 
Фландрия және Шампань графтары өз сеньорынан әлдеқайда күшті болды. Гуго 
Капет және оның жақын мұрагерлері Роберт Благочестивый (996 – 1031 ж.ж.), І 
Генрих (1031–1060 ж.ж.), І Филипптің (1060 – 1108 ж.ж.) егеменді құқықтары іс 
жүзінде өздерінің домендерімен шектелді және ХІІ ғасырдың басына дейін 
Париж және Орлеан арасындағы аумақтардан әрі аспады. Ол аумақтар кейін 
Иль-де-Франс («Франция аралы») деп аталды. Алайда, бұл аумақтардың 
шеңберінде де алғашқыда Капетингілер толық иегер болған жоқ. Иль-де-
Франсты қоныстанған басқа феодалдар олардың өкіметіне бағынғысы келмеді 
және өздерінің берік қамалдарына сеніп, үлкен жолдарда қарақшылық 
әрекеттер жасады. Корольдік өкімет өте әлсіз болды. Феодалдар бекіністі 
қамалдарда тұрды, феодалдардың арасында алауыздық соғыстар тоқтамады. 
Француз корольдері бұл соғыстарды заңмен шектеуге тырысты. Арнайы 
мерзімдер белгіленді, одан бұрын соғыс бастауға тиым салынды. Мұндай 
мерзімдер «қырықкүндіктер» деп аталды. Шарт бойынша бір жақ қарсыласына 
соғысқа дайындалуға мүмкіндік беру үшін алдын-ала хабардар етуі тиіс болды. 
Феодалдардың арасында тұрақты соғыстар, ең алдымен, олардың иеліктерді 
кеңейту және рентаны өсіруге тырысушылықтарынан шығып отырды. 
37 


Феодалдар соғыс ісіне бала жасынан дайындалды. Феодалдардың балалары 
алғашында атқа мінуге және қару ұстауға үйренді, кейін өзінің сеньоларына 
барып, олардың қару ұстаушыларына айналды, әскери жорықтарға қатысты. 15 
жастан бастап бала рыцарь – қамқоршысының атқосшысы, қару ұстаушысына 
айналды және барлық жерде онымен бірге болды. 18-20 жастағы бозбала 
феодалдық рыцарьдың қатарына қабылданды. 
VIII – 
Х ғ.ғ. Италия.
Орта ғасырдағы Италияда бір орталыққа біріккен 
мемлекет болмады. Ол тарихи 3 облыстан құралды: 
1.
Солтүстік;
2.
Орталық; 
3.
Орталық. 
Олардың әрқайсысы өз кезегінде жекелеген феодалдық иеліктерге 
бөлінді. Әр облыс өзінің ерекшелігін сақтап қалды. Ол Аппенин түбегінің жеке 
бөліктерінің экономикалық, саяси және географиялық жағдайына байланысты 
болды. 
Солтүстік Италияның негізгі бөлігін По өзенінің құнарлы аңғары 
Ломбардия құрады. Аймақ VІ – VІІІ ғ.ғ. лангобардтардың билігінде болды
осыған байланысты Ломбардия деп аталды. VІІІ ғасырдан бастап Каролингілер 
империясының құрамына кірді. 
Орталық Италияның негізгі бөлігін Папа облысы құрады. Оны Орталық 
Рим және лангобардтар иеліктерінің қалған бөлігі – Беневент және Сполето 
герцогтықтары құрады. Иеліктен солтүстікке қарай Тоскан герцогтығы 
орналасты. 843 жылғы Верден келісімінен кейін Солтүстік және Орталық 
Италия формальды түрде біріккен патшалық болды. Оны жоғарғы король 
басқарды. Іс жүзінде Орталық Италиядағы билік жекелеген феодалдардың 
қолында болды. 
Оңтүстік Италия және Сицилия аралдары да ХІ ғасырдың аяғына дейін 
жекелеген феодалдық иеліктерге бөлшектеніп, жат жерлік басқыншылардың 
қолына жиі өтіп отырды. VІ ғасырдан бастап ұзақ уақыт бойы елдің оңтүстік 
бөлігі – Апулия, Калабрия, Неаполь және Сицилия Византияның 
провинциялары болды. ІХ ғасырда бұл аумаққа жаңа басқыншылар – арабтар 
баса-көктеп ене бастады. Олар барлық Сицилияны жаулап алып, орталығы 
Палермо болған әмірлігін құрды; уақытша Апулияны да басып алды. Араб және 
Византия жаулап алушылардың арасындағы үздіксіз феодалдық соғыстар 
Оңтүстік Италияны Нормандиядан шыққан нормандардың басып алуына 
қолайлы жағдай туғызды. Нормандар бүкіл Оңтүстік Италия мен Сицилияны 
жаулап алып, ХІІ ғасырда барлық оңтүстік италияндық жерлерді енгізген 
Сицилия патшалығын құрды. 
Италияның саяси картасының ала-құлалығы феодалдық қатынастардың 
дамуына қиыншылық келтірді. Солтүстік және Орталық Италияда 
лангобардтардың кезінде VІ – VІІ ғасырларда феодалдық қатынастардың даму 
үрдісі жүрді. Италияға жаппай басып кірген лангобардтар басып алынған 
жерлерге жергілікті халықтан бөлек қауым болып орналасты, оны «фара» деп 
атады. Тұрақты басқыншылық соғыстарға байланысты, римдік жеке меншіктің 
ықпалымен VІІ ғасырдың аяғында лангобардтардың егістік жерлері аллодқа 
38 


айнала бастады. Бұл король жасақтарының ірі жер иеліктерінің пайда болуына 
жағдай жасады. ІХ ғасырға таман діни және дүнияи ірі жер иелерінен 
феодалдар табы қалыптаса бастады. Ерікті село тұрғындары өзінің жер үлесіне 
иелік жүргізу құқығынан айырыла бастады, сондықтан олар жер магнаттарынан 
баспана іздеуге мәжбүр болды. Нәтижесінде тәуелді жер иелеріне айналды. 
V
ІІ – VІІІ ғасырларда феодалдық үрдістер лангобардтарда олардың 
қоныстарының Италиядан оқшаулануына және қауымдық ұйымдар – рулық 
қатынастардың сақталуына байланысты баяу жүрді. 
V
ІІІ ғасырдың аяғында франктердің жаулап алуы ерікті жер 
иеленушілердің кедейлену үрдісін жеделдетіп, тәуелділерге айналдырды. ІХ – 
Х ғасырларда шаруаның жерді пайдалануы 29 жылға жалға алуымен 
алмастырылды. Ол либелла деп аталды және феодалдық қанаудың бір түрі 
болып табылды: шаруа-либелляр өнімінің ⅓ немесе ¼ бөлігін феодалдарға 
беріп, барщинаға жұмыс жасады. ІХ – ХІ ғасырларда либеллярлық әдіс кең 
ауқым алды. Оңтүстік Италия остгот және лангобардтардың шабуылына 
ұшырады және соған байланысты өзіндік айырмашылықтары болды. 
Италияның оңтүстігі мен Сицилия ұзақ уақыт Византияның қол астында болды. 
Византия бұл аймақтарда құлиеленушілік тәртіпті сақтап қалуға әрекеттенді. 
Соның нәтижесінде феодалдық қатынастардың дамуына тигізген әсері болды. 
ІХ – ХІ ғасырларда феодалдық иеліктер әлі де толық қалыптасып 
болмады; оның негізгі жұмыс күшін басыбайлы шаруалар емес, құлдар және 
ұсақ ерікті шаруалар құрады. 
Саяси бөлшектенуі. Көптеген феодалдық князьдықтармен қатар Х – ХІ 
ғасырларда Италияның толық феодалдық бөлшектеуін көптеген қалалар да 
толықтырды. Қалалардың ерте дамуы Италияда олардың феодалдық ақсүйектер 
билігінен ерте азат болуына жағдай жасады, Х – ХІ ғасырларда дейін Солтүстік 
және Оңтүстік Италиядағы қалалардың билігі феодалдардың – герцог, граф, 
епископтардың қолында болды. Х ғасырдан бастап қалалардың сеньорлармен 
күресінің нәтижесінде (күрестің басталуы ІХ ғ. жатады) кейбір қалаларда өзін-
өзі басқаратын қала қауымдары (коммуналар) пайда болды. Олардың көбі ХІ 
ғасырдың аяғында ерікті қала республикасына айналды. (Милан, Пьяченца, 
Верона, Парма, Венеция, Генуя, Пиза, Флоренция, Лукка, т.б.). Италияның 
саяси бөлшектенуін пайдаланған герман королі І Оттон 962 жылы Римге жорық 
бастады, оны басып алғаннан кейін император тәжін киіп, жаңа Рим 
империясының құрылғанын жариялады. Оған Германия мен Италияның елеулі 
бөлігі кірді. Ешқандай ортақ экономикалық негізі, этникалық бірлігі жоқ 
жасанды саяси құрылым бірнеше жылдар бойы Италияға ауыр зардап әкелді. 
Германия корольдері мен императорлары өздерін Италия жерлерінің толық 
иелері санап, Италияны тонау және өзіне толық бағындыру үшін тұрақты 
жорықтар ұйымдастырып тұрды. 
Папа үкіметі мен герман корольдері жиі араласып отырған италиян 
феодалдарының өзара соғыстары елге жаңа басқыншылардың баса-көктеп 
енуіне көмектесті: византиялықтар, венгрлер, герман феодалдары, арабтар, 
нормандар. Қалыптасқан көптеген қиыншылықтарға қарамастан, ІХ – ХІ 
ғасырларда Италияда италиян ұлтының қалыптасу үрдісі басталды.
39 


ІХ ғасыр – ХІ ғасырдың басындағы Германия.
 
Германия Каролингілер 
империясының құрамынан оның ыдырауынан кейін бөлініп шықты. Рейннен 
шығысқа қарай облыстар Верден шарты бойынша Ұлы Карл немерелерінің бірі 
Людовик Немецкийге өтті.
Ортағасырлардағы Германия тарихы Батыс Еуропаның көптеген 
елдерінің тарихынан біраз ерекшеленеді. Германияның аумағы Рим 
империясының құрамына енген жоқ, римдік тәртіптің Германияның дамуына 
ықпалы елеусіз болды. Х – ХІ ғасырларда Германияда Батыс Еуропаның басқа 
елдеріне қарағанда (Италиядан басқа) әлеуметтік-экономикалық қатынастар 
мемлекеттік өркендеу үшін әлдеқайда қолайсыз болды. Х ғасырдың басына 
таман Германияның құрамына әрқайсысы белгілі бір германдық тайпалар мен 
тайпалық герцогтықтар қоныстанған төмендегі герцогтықтар енді: 

Саксония және Тюрингия (Рейн және Эльба сағаларының аралығы); 

Франкония (Майн және Рейннің орта ағысының бойында); 

Швабия (Дунай және Рейннің жоғарғы ағысы, сондай-ақ оның сағасы 
Неккара бойында); 

Бавария (Дунай және Рейннің сағаларының орта ағысы бойында, Лех 
өзенінен шығысқа таман). 
Х ғасырдың бірінші жартысында бұларға Рейннен батысқа қарай 
орналасқан Лотарингия қосылды, ал, 1032 жылы Бургундия корольдігі де 
қосылды. Саксониядан солтүстік-батысқа таман фриздердің (Фризия немесе 
Фрисландия) қоныстанған аймағы орналасты, олар ортағасырлық Германияның 
құрамына кірді. Осы герцогтықтардың барлығы бір-бірінен халықтарының 
этникалық құрамы, тілі, экономикалық қатынастардың даму деңгейі бойынша 
күшті ерекшеленді. 
Х ғасырдың басында Саксон әулетінің алғашқы өкілі (919 – 1024 ж.ж.) 
король І Генрих Птицелов (919 – 936 ж.ж.) кезінде бүкіл германдық 
герцогтықтар бір корольдікті құрады, ол Тевтон корольдігі деп аталды. 
Корольдіктің атауы б.э.д. ІІ ғасырда ежелгі германдық тайпа тевтондардың 
атынан 
шықты, 
кейін 
ол 
ортағасырлық 
Германияның 
барлық 
қоныстанушыларына таңылды. 
«Тевтон» сөзінен немістердің атауы пайда болды – Teutschen немесе 
Deutschen, одан қазіргі Германия атауы Deutscland шықты. ІХ ғасырдың 
аяғында венгер тайпалары Паннонияны басып алды және осыдан Батыс 
Еуропаға шапқыншылықтар жасады. І Генрих Птицелов венгер тайпаларымен 
күрес жүргізді. Оның кезінде әскери реформа жүргізілді. Жаңа атты әскер 
құрылды, Саксония және Тюрингия шекарасында бірқатар бекіністі бургтар 
(бург – бекіністі пункт, кейін қала) тұрғызды. Германиялық герцогтықтардың 
біріккен күштері 933 жылы венгерлерден ірі жеңіске жетті. 
Герман (Тевтон) корольдігі өзінің құрылу сәтінен бастап полаб 
славяндарына қарсы бағытталған басқыншылық саясатын жүргізді. І Генрих 
Птицелов бекіністі Бранибор пунктін басып алып, Лужицк сербтерінің жерінде 
Мейсен бургін тұрғызды. Славян жерлеріне қатысты жаулап алушылық саясат І 
Оттонның кезінде де жалғастырылды. Эльба бойының жерлері жаулап алынған 
шекаралық облыстардың құрылуына әкелді – Эльба өзенінің бассейні және 
40 


сағаларында маркалар құрылды. Бұл маркалардағы бұрынғы славян 
князьдарының иеліктерін І Оттон өз вассалдарына таратты. Жергілікті славян 
халықтар (бодрич, лютич, Лужицк сербтерінің тайпасына жататын) барщинаға 
жұмыс жасап, алым төлеуі тиіс болды. Маркаларда христиан діні таралды және 
епископтықтар мен монастырьлардың негізі қаланды. 
Х ғасырдың басында король өкіметінің жағдайы тұрақсыз болды. Генрих 
Птицеловтың мұрагері І Оттон (936 – 973 ж.ж.) өзіне шіркеу феодалдарынан 
тірек табуға тырысты. Ол шіркеудің басқаруына герцогтардың иеліктерінен 
кесіп, ұланғайыр жерлер берді. Бұл жерлер, ең бастысы, Германияның халық ең 
көп қоныстанған батыс бөліктерінде орналасты. Бұл жерлерде Рим заманынан 
сақталған көптеген қалалар да болды. Дін өкілдері корольге әскери отряд 
беруге, кейде олардың басшылығында болуға міндетті болды. Корольге діннің 
қызметі қолайлы болды: епископ қайтыс болғаннан кейін (оның сан-ы бойынша 
отбасы да, баласы да жоқ) оның жері мен табысы корольге кетті. І Оттон 
епископтар мен аббаттардың билігін олардың иммунитеттік құқығын кеңейту 
арқылы күшейтті. Корольге қызметке түскен жоғарғы дін өкілдері феодалдық 
құқықтарды қабылдаған. Шіркеудің ірі сановниктері (прелаттар) ірі сеньорлар 
тәрізді өмір сүрді. Герман королі шіркеудің астанасы Римді иемденуге 
талаптанды. Ол Папаның үстінен билік құруға мүдделі болды, сол арқылы ол 
Германияның өз ішіндегі шіркеулерге үстемдігін нығайтқысы келді. Италияны 
басып алуға тырысушылық Оңтүстік Германияның көптеген феодалдарының 
Пипин Короткий және Ұлы Карл жорықтарының кезінен Солтүстік Италияда 
(Ломбардия) өздеріне тәуелді жер иеліктерінің болуынан да еді. І Оттон 
италияндық герцогтардың корольдік атақ үшін таласына араласып отырды. 
Әскерімен Альпіден өтіп, ескі Ломбардия астанасы Павияда Италия тәжін киді, 
кейін Римге қарай бағыт алды. Корольдік өкімет тәрізді Папа өкіметі де 
Еуропаның көп бөлігінде әлсірей берді. Римнің ірі имениелерінің иеленушілері 
Папа тағына өздерінің туысқандарын, әсіресе, кіші ұлдарын әкеле бастады. 
Сеньорлар руларының арасында қатал тартыстар өршіді. Бір Папаны 
қарсыластары тайдырды, екіншілерін өздері өлтіруге қатысты. Дүнияи адамдар, 
аңқұмарлар мен сауықты жаны қалайтындар да Папа болды. 
Римге енгеннен кейін І Оттон шіркеуді қалпына келтіруге және оған 
қатысты Папаның жерлерін қайтаруға уәде етті. Оның қайтарымы ретінде Папа 
оған император тәжін кигізуге тиіс болды (962 ж). Жаңа император 
қамқоршысы ретінде шіркеуге тәртіп орнатуды көздейді. Ол Папалардың 
дәстүр бойынша сайлануын талап етті, бірақ императорға ант бергенше 
жарияланбады. Бұл Ұлы Карлдан соң 1,5 ғасыр кейін «Қасиетті Рим 
империясының» қалпына келтірілуі болды. Әрине, империя аумағы 
бұрынғысынан 
1
/
3
бөлікке азайды, оған көптеген феодалдар енген жоқ. Әртүрлі 
халықтар енген Германия империясы бірыңғай саяси орталықты иемденбеді. 
Көптеген германдық феодалдар жаңа жерлер мен жаңа табыстар алды, бірақ 
германдық императорлардың Солтүстік және Орталық Италияға үстемдігі 
номиналды күйде қалды. І Оттон және оның мұрагерлерінің Оңтүстік Италияны 
басып алу жөніндегі әрекеттері жеңіліске ұшырады. Таққа отырған әрбір 
императордың император тәжі мен Италияға үстемдікті жаңа жаулап алу 
41 


жорықтарының көмегімен алуы керек болды. 4 ғасырдай уақыт бойы Германия 
императорлары Оттонның жолын қайталады. Олардың әрқайсысы вассал 
жинап, «римдік жорықтар» жүргізіп отырды. Герман королі италияндық 
корольдікті жаулап алып, Римге император тәжін киюге асықты. Сол кездің 
түсінігі бойынша «Рим халқының» тарапынан сайлау талап етілді. 
Император тағына отырғызу салтанаты кезінде мағынасы «император 
билігі бүкіл христиан әлемінің қасиетті қорғаны» дегенге саятын бірқатар 
рәсімдер жасалды. Римде корольді халық пен дін өкілдері қарсы алды. Қасиетті 
Петр соборының сатысында ол атынан түсіп, Папаға қарсы жүрді. Король 
шіркеуді қорғауға ант берді және Папаның аяғын сүйді. 
Императорлар шіркеуді түрлі келеңсіздіктерден тазартуды өз парызы деп 
білді, сондықтан олардың ойынша папа атағына лайық емес бірнеше 
Папаларды орындарынан алып тастап, олардың орындарына өз қалауындағы 
адамдарды отырғызды. Франкон әулетінің күшті императоры ІІІ Генрих (1039 – 
1056 ж.ж.) шамамен 1050 жылы алдындағы адамнан діни атақты сатып алған 
Папаны төмендетіп, екі бәсекелесін соттады, кейін Папа тағына бірінен кейін 
бірі 3 германдық епископтарды тағайындады. Император Папа тағайындау 
құқығын мәңгі бақи өзіне сақтап қалуды ойлады. ІІІ Генрих қайтыс болғаннан 
кейін оның ұлы ІV Генрихтің кезінде жағдай өршіді. Папа сарайы және тағында 
шіркеуді жоғары қоюға тырысқан іскер адамдар пайда болды. Папалықта және 
бүкіл шіркеу тәртібінде ірі өзгерістер жүрді. Италияндық жорықтардың 
нәтижесінде Германия қауқарсыз қалды. Х ғасырдың аяғынан бастап 
германдық императорлар өкіметінің әлсіреуі басталды. Дәл осы кезде Герман 
императоры шығыстағы сыртқы саясатында да жеңіліске ұшырады. Лютич 
және ободричтердің славян тайпалары Х ғасырдың аяғы – ХІ ғасырдың 
басында өздерінің жерлерін түгелге дерлік қайтарды. Неміс дін өкілдері негізін 
салған шіркеулер мен бекініс пункттерін жоя отырып, олар Эльбаның солтүстік 
жағасындағы бірқатар иеліктерді иемденді. І Оттон кезінде құрылған марка 
және епископтықтар жүйесі ХІ ғасырдың ортасында славяндардың батыл 
қарсылығына тап болды. Лютичтер 1055 жылы Герман тағындағы жаңа 
Франкон әулетінің өкілдеріне күйрете соққы берді. Дәл осындай жеңілісті ІІІ 
Генрихтің Венгер корольдігін жаулап алуға бағытталған әрекеттері де бастан 
кешті, ал Чехияға император номиналды тәуелділік орнатуға мәжбүр болды. 
ІХ – ХІ ғ.ғ. Германияның экономикалық дамуының ерекшеліктері. 1073 – 
1075 ж.ж. Саксония көтерілісі.
 
Бұл дәуірдегі Германия үшін феодалдық 
қатынастардың баяу дамуы тән болды. Бүкіл қауым ірі жер иеленушілердің 
билігіне түскен деревнялармен қатар тұрғындарын ішінара басыбайлы еткен 
ұсақ феодалдар қоныстанған деревняларда да болды. Мүлде ерікті шаруалары 
бар деревнялар да кездесті. 
Шығыс Франк мемлекетінде (Германия) ІХ ғасырда 3 танапты егістік 
жүйесі таралды. Кез-келген елді-мекеннің егістік алқабы бірнеше төртбұрышты 
шаршылараға (кон)
 
бөлінді, олар өз кезегінде жолақтарға бөлінді. Шаруа-
қауымшы әр коннан жолақ иемденді. Шаруа үлесі гуфа деп аталды. Гуфаны 
және усадьбасы бар шарбақты (манс деп аталды) иемдену ерікті шаруаға 
қауымдық үлестерді пайдалануға мүмкіндік берді: орман, жайылымдық жерлер, 
42 


су, т.б. Германияның шаруашылық өмірінде нан өсіру бау-бақша 
шараушылықтарымен қатар дамыды. Шарап жасау пиренейлік облыстар және 
оңтүстік-батыста таралды. Оңтүстік Германия, Швабияның таулы облыстары 
мен Баварияда мал шаруашылығы кең қанат жайды. Еркін шаруалар 
прекарийлерге айналды; жер үлестерінен айырылды, алайда онда өз 
шаруашылықтарын жүргізуді жалғастыра берді. Германиядағы шаруаларды 
басыбайлылыққа түсіру дәрежесі Батыс-Франк мемлекетіне (Франция) 
қарағанда аз болды. Басыбайлы шарауалардың барщинасы жылына 6 аптадан 
аспады, ал прекарийлер, ең алдымен, өнімді ақша рентасын төледі.
Бенефициалды жүйенің қалыптасуына қарамастан, Германияда әлі 
феодалдық иерархия қалыптаспады, қызметтерге мұрагерлік болмады. Герман 
феодалдарының жерге тәуелді болғандарды соттау құқығы болмады, сондай-ақ 
өз соттарында ірі қылмыстық істерді қарай алмады (өртеу, кісі өлтіру). Х 
ғасырдың басына таман герман феодалдары еріксіз шаруаларға сот жүргізу 
құқығын ғана алды. 1073 жылы Саксония қаласы жанданды. Х – ХІ ғасырларда 
Саксонияда саксондық феодалдардың арасында өзара шаруа үлестері және 
олардан түсетін табыстар үшін күрес жүрді. Табыстың біраз бөлігін өз қолына 
басып алу үшін бұл күреске корольдік өкімет те араласты. Король ІV Генрих 
(1056 –
 
1106 ж.ж.) Саксонияны жеке иелікке (домен) айналдыруды көздеді. Ірі 
саксон феодалдары ІV Генрихтің саясатына риза болмады, себебі – корольдік 
министериалдар (латын сөзі ministerium – қызмет) Саксонияда бекіністік әскери 
пункттер – бургтер тұрғыза бастады. Осындай іс-әрекеттер саксондық 
феодалдардың иеліктерін тікелей конфискациялаумен жалғасып жатты. 
Корольдік министериалдар ерікті шаруаларды барщина өтеуге күштей бастады, 
орман және жайылымдарды пайдаланғандары үшін ақшалай алым төлеуді 
талап етті.
Саксондық ірі жер иеленушілер Генрихқа қарсы бүлік ұйымдастырды. 
Бұрынғы бавариялық герцог, саксон феодалдарының басшысы Оттон 
Нордгеймский ерікті шаруалардың арасында үндеу тастады. ІV Генрихтің 
көпсанды гарнизонын қамтамасыздандыруға мәжбүр болған шаруалар шыдай 
алмай, күреске шықты. Ерікті шаруалар, басыбайлылыққа, ал, тәуелді шаруалар 
барщина және міндетті натуралды өтемдердің күшеюіне қарсы болды. 
Жылнамалар 1074 жылы үйде тек әйелдер мен балалар ғана қалып, бүкіл 
халықтың көтерілгендігін баяндайды. Оқиғалар жалпы германдық маңыз алды. 
Алайда ІV Генрих көтерілісті басуға қол жеткізді. Бағынбағандарды жазалап, 
ол көтеріліске қатысқан феодалдардың жерлерін конфискациялады, оларды 
Саксониядан тысқары жер аударды. Саксония көтерілісінен кейін Германияда 
феодалдардың бір-біріне жау топтары пайда болды:
1.
көтеріліс кезінде ІV Генрихті қолдағандар; 
2.
оның қарсыластары. 
Папалықтың Герман императорларымен күресі.
 
Император IV Генрих 
және Папа VІІ Григорийдің (1073 – 1085 ж.ж.) кездерінде Папаның 
императормен ашық күресі басталды. Бұрынғы монах Гильдебранд – папа VІІ 
Григорий Тоскания шаруасының ұлы еді. Өз кезінде Клюний аббаты оған ІХ 
Левқа серіктес болуды ұсынды. ІІІ Генрих және ІХ Лев қайтыс болғаннан кейін 
43 


Гильдебранд 15 жыл бойы Папа тағының істерін басқарушы болды. Папа 
болғаннан кейін ол рыцарьлық жасақтың басына тұрып, Иерусалимді азат ету 
үшін «дінсіздерге» қарсы шығуды ойластырды. Гильдебрандтың қолданған 
алғашқы шарасы Папаны императорға бағыныштылықтан азат етуге 
бағытталды. Римдегі соборда Папаны тек кардиналдар ғана сайлайтын болып 
шешілді, яғни, жиналысқа Рим облысының жақын епископтары мен басты 
римдік шіркеудің священниктері ғана қатысатын болды. Олар өздерінің 
шешімдері туралы тек римдік сеньорлар мен халыққа жариялауы тиіс болды. 
Императордың қатысы туралы ешнәрсе айтылмады. Бұл тәртіптерді сақтап тұру 
үшін Папа қайтадан қасиетті Петр вотчиналарының иесі болуы және жергілікті 
сеньорларды әлсіретуі тиіс болды.
Алғашында нормандар діни таққа немқұрайлы болды және Папа ІХ Левті 
тұтқынға алды. Алайда, оның мұрагері Гильдебрантың ұсынысы бойынша 
нормандар келісімге келді. Нормандар Папаға вассалдыққа ант берді және 
римдік шіркеуге, оның барлық жауларына қарсы күресте көмектесуге 
міндеттенді. Папа сайлауында олар кардиналдың таңдауына дауыс беруге уәде 
етті. Бұл одақ өте маңызды болды. Папалар алдында ғана гректік шіркеуден 
(1054 ж. ІХ Лев кезінде) қол үзген болатын. Папаға күшті нормандардың 
қолдауы өте қажет болды. Бүкіл діндарлардың арасында үлкен өзгерістер 
күтілді. Бұған дейін барлық священниктер мен бірқатар епископтардың 
жанұясы болып еді. Олар өздерінің мүлкін арттыруға, балаларын қамтамасыз 
етуге тырысты. Өздерінің иеліктерін жоғалтып алудан қауіптеніп, олар дүнияи 
өкіметтің қамқорлығын күтті. Гильдебранд бұдан мынадай тікелей қорытынды 
шығарды: «Егер клириктер некеден босатылмаса, шіркеу де дүнияи билікке 
бағынышты болудан босамайды». Бұл талаптар клюнийліктердің көзқарасына 
сәйкес келді: олар барлық діндарлар монахтар тәрізді өмір сүруі керек деп 
есептеді. Бірнеше соборларда священниктердің міндетті түрдегі некесіздігі 
жарияланды. Ал, кейін Папа отбасылы клириктердің араласуын талап ете 
бастады. Діндарлардың тарапынан қарсыласу басталды. Халық бұл іске белсене 
қатысты және екі бөлікке бөлінді:
1.
халықтың жартысы Папа және монахтардың жағына шықты, әсіресе, 
төменгі топтар – діндарлардың алымдарына наразы болғандар;
2.
священниктердің жағында болды. 
Солтүстік Италияның қалаларында, әсіресе, өнеркәсіпті Миланда, ірі 
көтеріліс бұрқ етті, ол Патария деп аталды. Ұсақ рыцарьлар мен қарапайым 
халық көсемдерінің айналасына жиналды. Олар көшелерде діндарлардан 
кедейлікті жоюды талап етті, бай және отбасы бар священниктерді тонады, 
әсіресе архиепископтарға қатты шүйлікті. Гильдебранд көтерілісшілер жағына 
шықты. Миланға архиепископтар мен діндарларды соттау үшін Папа легаты 
келді. Олар салтанатты Симонийден және священниктердің некесінен бас 
тартуы тиіс болды. Арихиепископ қасиетті Петрге ант берді. Императордың 
Италиядағы негізгі тірегі болған Италияның ірі прелаты қирады. Бүкіл Италия 
енді Папаға бағынды.
Бірақ, мұнымен еш нәрсе біткен жоқ еді. Германия, Францияда клириктер 
Паппаға қарсы қаруланды, оның жақтастарын қуды, легаттарын масқаралады. 
44 


Сәтсіздіктер Гильдебрандты тоқтатпады, ол 1073 жылы VІІ Григорий деген 
атпен Папа болғаннан кейін шіркеудің реформалары әлдеқайда шешімді бола 
түсті. Папа симонияға қатысы бар Герман королінің кеңесшілерін айыптады. 
Бұдан әрі VІІ Григорий діндарлардың ешқайсысының дүнияи адамдардан 
инвеститура алмауын талап етті. 
Шіркеудегі барлық өзгерістер ІV Генрихтің жас кезінде өтіп, корольдік 
өкімет Папаға бөгет жасамап еді. Енді король ер жетіп, өзін күшті сезіне 
бастады. ІV Генрих Папаның инвеститура туралы қаулысын корольдік құқықты 
бұзу деп жариялап, Вормста король шақырған собор Папаны атақ құмар,-деп 
қаулы етті және «лжемонах – жалған монах Гильдебрандты» төмендетті. Римге 
азаматтар мен діндарларды жаңа Папа сайлауға дайындау үшін корольдік 
елшілер жіберді. Бұған жауап ретінде VІІ Григорий Римде француздық және 
италияндық прелаттарды жинады, Генрихты Германия және Италия үстінен 
қарайтын корольдік биліктен айырылды,-деп жариялады және оның барлық 
жақтастарын адалдық антынан босатты. 
Қайта құруды жақтаған діндарлар ғана Папа жағына шығып қойған жоқ,, 
Германияның көптеген сеньорлары да корольге наразы болды. Генрих 
герцогтардың билігін жоюға тырысты. Ол еркінсүйгіш қала тұрғындарынан, 
әсіресе, Рейн бойынан, сондай-ақ өзінің министериалдарына, корольдің 
мұрагерлік иеліктерінде қызмет етуші еріктілерге сүйенді. Жергілікті 
тұрғындарға үстемдігін жүргізу үшін король өз сарайымен Саксонияға қоныс 
аударды және салық пен алымдарды үздіксіз ала бастады. Көтеріліс бұрқ етті, 
бірақ король сакстарды оңтүстік германдық жасақтың көмегімен талқандап, 
өзінің министериалдарына саксондық рыцарьлардан тартып алынған лендарды 
тарата бастады. 
Германияда корольдік өкіметтің күшеюіне қарсы болған князьдар Папа 
шешімін пайдаланып, корольді төмендетті. Генрихке Папамен келісімге 
келуден басқа амал қалмады. Бірақ Германияда корольдің жоқ кезінде Папа 
легаттары өзге король сайлап қойды. Генрих Германияға келіп соборда 
Папаның төмендеуін тағы талап етті және өз жағынан жаңа Папаны ұсынды. 
Өзінің қарсыласын талқандап, әскерімен Альпіден асты. Солтүстік Италияның 
сауда қалаларына маңызды еркіндіктер берді және олар корольдің жағына 
шықты. Генрих өз Папасымен Римге еніп, император тәжін киді. Қала екі 
бекініс лагеріне бөлінді: 
1.
Қасиетті Ангел (Періште) қамалында VІІ Григорий; 
2.
Папа сарайы (Латерань) мен қасиетті Петр соборында император 
болды. 
Тар көшелерде шайқас жүріп жатты. Неміс жауынгерлері Капитолийді 
алды. Папаға одақтастары көмекке келді (Оңтүстік Италияның нормандары). 
Олар VІІ Григорийді азат етті, алайда жалдамалы сарациндермен бірге Римді де 
талқандады. Папа олардың иелігінен қашып барып, сонда дүние салды. ІV 
Генрих VІІ Григорийден кейін 20 жылдан соң қайтыс болды. Алайда басты 
қарсыласының өлімімен күрес тоқтамады. Жаңа император V Генрих әкесінің 
саясатын жалғастырды. Империяның діндарлар басқаратын кең ауқымды 
жерлерінің болуы – ең басты мәселе болды. Ірі феодалдар император мен Папа 
45 


арасында татулық орнатуға ұмтылды. Ұзаққа созылған келіссөздерден кейін екі 
жақ та Вормста 1422 жылы келісімге келді. Император епископтарды 
тағайындаудан бас тартты. Прелаттарды сайлау діндарларға қалдырылды, 
алайда, король сайлауға қатысу және даулы мәселені шешу құқығын өзінде 
сақтап қалды. 
Алайда, шынайы пайда Папаға емес, неміс князьдарының үлесіне тиді. 
Олардың ортасынан епископтар тағайындалып, империядағы жақсы жерлерге 
ие болды. Ал, императордың шіркеу және бағынбайтын вассалдармен ұзаққа 
созылған күресі корольдік өкіметті әлсіретті. Дау-жанжалдардағы ара-салмақ 
князьдердің әрекетіне байланысты болды. Олардың делдалдығынсыз Папа мен 
императордың ымыраға келуі жүзеге аспады. Осы кезден бастап рейхстагсыз 
(маңызды діни және дүнияи сеньорлардың жиналысы) Германияда король 
ешқандай маңызды істі бастай алмайтын болды. 
ІХ – ХІ ғасырлардағы Англия.
 
Британия аралы І ғасырдың аяғынан – ІІ 
ғасырдың аяғына дейін 300 жыл бойы Рим империясының провинциясы 
(солтүстік бөлігінен басқасы) болды. Римдіктер бұл алыс облысқа қалалар мен 
бекіністер тұрғызды, бірақ мұнда римдік қоныстанушылар аз болды. Британия 
Галлия немесе Испания тәрізді романдана алмады. Шамамен 400 жылы 
Италияны қорғау үшін Британиядан Римдік әскерлер шығарылған кезде, бұл 
облыстың Риммен байланысы мүлдем үзіліп қалды. 

ғасырдың басында Британия аумағына сакстар, англдар, юттардтың 
германдық тайпалары жаппай келе бастады (Эльба және Рейн арасында сакстар 
орналасты; Ютланд түбегі – англдар мен юттардың орналасқан облысы болды). 
Англосакстар кельттік халықтардың көп бөлігін талқандады. Қалған кельттер 
Британиядан тықсырылғаннан кейін Галлиядағы Арморика түбегіне 
қоныстанды. Бұл түбек кейін Британь деген атау алды. Кельттердің жартысы 
англосакстарға алым төлеуге міндетті тәуелді адамдар мен құлдарға айналды. 
Британия аумағында VІ ғасырдың аяғы – VІІ ғасырдың басында бірнеше 
англосакстық корольдіктер құрылды: 
1.
Нортумбрия – солтүстікте; 
2.
Мерсия – елдің орталығында; 
3.
Кент – қиыр оңтүстік-шығыста; 
4.
Уэссекс, Сессекс, Эссекс – аралдың оңтүстік және оңтүстік-шығыс 
бөліктерінде; 
5.
Шығыс Англия – шығыста 
Англосакстар жаулап алған Британия аумағында барлық римдік 
дәстүрлер мен римдік үстемдіктердің қалдығы жойылды. 
Англосакстардан ХІІ ғасырдың аяғында толық тәуелсіздігін сақтап қалған 
кельттік Ирландия болды. Британияның батысындағы (Уэльс, Корнуолл) және 
солтүстігіндегі (Шотландия) кельттік таулы облыстар да тәуелсіздігін сақтап 
қалды. Лэттер мен уилдер (кельт-уэльстер) жат жерде өмір сүрді және барщина 
мен натуралды оброк төледі. 
Кельттік Уэльспен шекаралас англосаксондық корольдіктердің батыс 
облыстарындағы кельттер корольге алым төлесе де, өздерінің жерлері мен 
бостандығын сақтап қалды. 
46 


Англосакстардың негізгі кәсібі егіншілік болды, 2 және 3 танапты 
егістіктер қатар таралды. Жыртылатын алқаптар қоршалды, өнім жиналғаннан 
кейін оларды мал бағу үшін ортақ пайдалануға берді. Деревнялар жыртылатын 
жерлермен қоршалды. Англосакстардың өмірінде аңшылық та үлкен орын 
алды. 
Жаулап алғаннан кейінгі алғашқы екі-үш ғасырларда англосакстар 
қоғамының негізін керлдер (ерікті шаруалар мен қауымшылар) құрады. 
Керлдер қауым шеңберінде елеулі жер учаскелерін – гайдалар иемденді. (Гайда 
– 
жыл бойында 4 өгізді бір соқаға жегіп, жыртатын қарапайым жер телімі). 
Гайда бүкіл отбасының мұрагерлік иелігі болып табылды. Англосакстарда 
жартылай ерікті адамдар мен құлдар да болды. Олар жаулап алынған кельттік 
халықтардан шықты. Англосакстарда танымал адамдар да болды. Олар эрлдер 
деп аталды. Бұдан былай эрлдер ірі жер иеленушілерге айналды. Кельттік 
шонжарлардың жартысы англосакстармен сіңісіп кетті. 
Англиядағы римдік тәртіптің ықпалы әлсіз болды. Британияға қоныс 
аударған англдар, сакстар, юттардың тайпалары франктерге қарағанда 
әлеуметтік-экономикалық дамудың неғұрлым төмен сатысында болды, оларда 
қауымдық тәртіптер ұзақ сақталды. Англосакстарда жергілікті басқаруды 
ұйымдастырудың негізінде ерікті шаруалар қауымы жатты. Селолық қауымның 
ерікті тұрғындары жиынға жиналды, онда сайланбалы старостаның 
басшылығымен шаруашылық істер талқыланды. Белгілі бір округке (жүздік) 
біріккен селолық қауымның өкілдері әр ай сайын жүздіктің жиналысына 
жиналды. Алғашында тайпа жауынгерлерінің, кейін жекелеген корольдіктердің 
жиналысы болып табылған халық жиналыстары ІХ ғасырдан бастап 
графтықтардың немесе скирлердің
 
жиналысына (скир – англосакстардағы ірі 
әкімшілік округтер) айналды. Жиналыстар жылына 2 рет сот істерін талқылану 
үшін шақырылды. Алғашында бұл графтықтарда шешуші рольді ру 
шонжарларының өкілдері иемденді, оның басында эльдормен тұрды. Кейін 
корольдік өкіметтің күшеюімен бірге эльдорменді корольдік шенеунік 
алмастырды, ол скир-герефа деп аталды. Ол графтықтың басында тұрды. 
Корольдік өкімет.
 
Корольдік өкіметтің күшеюімен англосаксондық 
корольдіктерде корольдік жасақтар – гезиттердің маңызы артты. Ескі ру 
шонжарларын жаңа әскери шонжарлар ығыстырып шығарды. Корольдік 
өкіметтің нығаюының бір белгісі корольге қарсы шыққандарға өлім жазасының 
тағайындалуы болды. Корольдің мүлкі мен арына нұқсан келтіргендерге 
айыппұл тағайындалды. Мәселен, корольдің мекеніне басып кіргендерге 120 
шиллинг сомасында, ал, танымал адамдардың мекен-жайына шабуыл 
жасалынса – 30 шиллинг сомада айып-пұл белгіленді. Корольдер монета жасау 
ісін қолға алуға тырысты. Алғашқы англосаксондық монеталар – тремисс 
(алтын монета) және скеат (күміс монета) VІІ ғасырда шығарыла бастады. 
Монета шығару ол кезде жүйелі болды да, ресми сипат алған жоқ. 
V
ІІ – ІХ ғасырларда мемлекеттік басқаруда маңызды рольді шонжарлар 
кеңесі Уитенагемот атқарды. Кеңес құрамына корольдік үйдің мүшелері, 
епископтар, аббаттар, эльдормендер, король жасақтары кірді. Тек кеңес 
мүшелерінің – уитандардың келісімімен ғана король заң шығарып, соғыс және 
47 


бітім мәселесін шеше алатын, жер үлестерін бөлетін болды. Уитенагемот сот 
істерін атқарды, король сайлады. 
Англосаксондық корольдіктердегі ерікті шаруалардың жойылу үрдісі 
баяу жүрді. Англияда корольдік жасақтармен бірге ұзақ уақыт шаруалардың 
ерікті әскери жасағы – фирд өмір сүрді. Фирд
 
англосакстардың барлық әскери 
ұйымдарының алғашқы негізін құрады. Ерте феодалдық мемлекеттің 
қалыптасуының алғашқы сатысында-ақ мемлекеттік басқаруда елеулі мәнге 
король сарайы ие болды. Жасақтар корольдердің әскери отрядын құрады.
Ағылшын 
корольдігінің 
құрылуы.
 
Жекелеген 
англосаксондық 
корольдіктердің арасындағы күрестің негізгі үрдісінде жерлерді жаулап алу 
жүріп отырды. Жерді жаулап алу, оны пайдалану үшін Британияны жаулап 
алғаннан бергі ескі дәстүрлер сақталып қалды. Дәстүр бойынша бөлінген 
жерлер «халықтық» – фолькленд деп аталды. Өзінің жер телімдеріне құқығын 
дәлелдегісі келгендер көршілерінің антын басшылыққа алды. Рим заңдарымен 
таныс діндарлар жерді иемдену және тапсыру-берудің өзгеше тәсіліне сүйенді: 
жазылу, грамоталар, мұраға қалдырулар. 
Король таратқан жерлер толық қоныстандырылды. Епископ, собор 
немесе жасақтың иелігіне бере отыра, король өзінің аталмыш жердің 
адамдарына құқығын жоғалтты. Король үлестірген жерлер халықтық жерлердің 
есебінен шықты. Король мұндай жерлерге ерекше қамқорлық орнатты, оның 
тұрғындарын өзінің пайдасына өтелетін әдеттегі салықтардан, әскери 
қызметтен, алым төлеуден, т.б. босатты. Жаңа иемденуші және оның жері 
ерекше артықшылықтары – иммунитетті пайдаланды. Тәуелді шаруаларға жеке 
үстемдігін жүргізуге құқығы бар ірі жер иеленушілер глафордтар деп аталды. 
Англосаксондық корольдіктердің арасындағы күрес барысында бір-
бірінің жерлерін жаулап алды, үстемдіктерін жүргізді. VІ ғасырдың аяғы – VІІ 
ғасырдың басында неғұрлым ерекше маңыз алғаны Кент болды. VІІ ғасырдың 
ортасынан бастап үстем жағдайды англосаксондық корольдіктердің ең 
солтүстігіндегі Нортумбрия, ал VІІІ ғасырда – Орта Англиядағы Мерсия 
иемденді. ІХ ғасырдың басында англосаксондық корольдіктердің бірігуінің 
себебі, ең алдымен, нормандардың шапқыншылығынан қорғану қажеттілігінен 
туындады. ІХ ғасырдың басында үстемдік елдің оңтүстік-батысындағы 
Уэссекске көшті. Оның королі Экберт кезінде 829 жылы англосакстар бір 
мемлекетке бірікті, ол Англия деп аталды. Бірігудің себебі: 
1.
сыртқы саяси жағдайлар ықпал етті.
2.
басыбайлы шаруалардың қарсылығын жою керек болды. 
Біріккен англосаксондық корольдікте бүкіл халық жиналысының орнында 
Уитенагемот («ақылгөйлер кеңесі») жиналды. Бүкіл істі Англия королі тек 
соның келісімімен ғана шешті. 
V
ІІІ ғасырдың аяқ шенінен бастап Англияға нормандардың 
(скандинавиялықтардың) шапқыншылығы басталды. Англия тарихында 
нормандар даттар деген атпен танылды. Себебі, Дания жерінен шабуылдап 
тұрған еді. Жатжерлік басқыншылармен күресу үшін барлық корольдіктердің 
күшін біріктіру қажет болды. Өзге корольдіктерге қарағанда шапқыншылыққа 
азырақ ұшыраған Уэссекс елді біріктірудің шынайы орталығына айналды. 
48 


Елдің бүкіл оңтүстік-шығысын басып алып, Уэссекс онда «Дат құқығы» (Денло 
деп аталды) деген аймақ орнатқан. Онда даттардың дәстүрлері мен тәртібін 
енгізді. 
Алайда, елді біріктіру оны дат қаупінен құтқара алмады. Даттар 
қоныстану үшін елдің солтүстік-шығысындағы елеулі аумақты жаулап алып, 
англосакстарды оңтүстікке қарай тықсырды. Олардың жылжуы король Ұлы 
Альфредтің (871 – 899 немесе 900 ж.ж.) кезінде тоқтатылды. Альфред 
англосакстардың әскери күшін нығайтты, ол үшін келесілерге арқа сүйеді:
1.
шаруалардың жаяу жасағына (фирд); 
2.
ұсақ поместьелі жер иеленушілерден құралған ауыр қару-жарақты атты 
әскерге. 
Альфред сонымен қатар үлкен флот жасақтады. Бұл оның даттарға 
тойтарыс беруіне мүмкіндік берді және оларды келісім шартын жасауға мәжбүр 
етті. Осыдан кейін Англия екіге бөлінді: 
1.
орталығы Уэссекс болған оңтүстік-батыс; 
2.
«Дат құқығы облысы» солтүстік-шығыста.
Х ғасырдың 2-жартысында король Эдгар (959 – 975 ж.ж.) дербес Дэнло 
облысын жойып, бүкіл Англияны бір корольдікке біріктірді. ХІ ғасырдың 
ортасына 
таман 
Англияда 
феодалдық 
қатынастар 
айтарлықтай 
қалыптасқанымен, елдің феодалдану үрдісі әлі толық аяқталған жоқ еді.
Х ғасырдың аяғында дат корольдері тек Данияға ғана емес, Скандинавия 
түбегінің оңтүстік бөлігіне де ықпалын таратқан болатын, осы арқылы 
Англияға жорықтарын жандандырды. 1016 жылы олар Англияға өз өкіметін 
орнатты. Король Канут (кейбір деректерте Кнут) (1016 – 1035 ж.ж.) бір мезгілде 
Англияның, Данияның және Норвегияның королі болды. Англосакстық ірі жер 
иеленушілердің тарапынан қолдау табу үшін олардың көптеген 
артықшылықтары мен құқықтарын бекітті. Алайда, Англиядағы даттардың 
үстемдігі берік болмады, англосакстар жат жерлік басқыншылармен күресін 
жалғастыра берді. Канут қайтыс болғаннан кейін кешікпей үлкен Дат 
державасы ыдырады және ағылшын тағына ескі анлосакстық әулеттің өкілі 
Эдуард Исповедник (1042 – 1066 ж.ж.) отырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет