Қамиева Г. Б. Орта ғасырлар тарихы оқу құралы АҚтау 2019



Pdf көрінісі
бет15/35
Дата08.02.2023
өлшемі1,41 Mb.
#167869
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35
Байланысты:
ҚАМИЕВА Г.Б.-ОҒТ-ОҚУ ҚҰРАЛЫ-2019

Бақылау сұрақтары:
1.
Скандинавия елдерінің, ең алдымен, Дания, Швеция, Норвегияның 
орта ғасырларда өзгеше дамуының басты белгілері қалай көрініс берді?
 
2.
Скандинавия елдерінің қайсысында феодализм ерте қалыптасты?
 
3.
Швецияда феодалдану үрдісінің неғұрлым баяу жүруі, ұзақ уақыт 
құлдықтың сақталып қалуы неге байланысты болды?
 
4.
Дания көрші елдерге қатысты агрессиялық саясат ұстануына ненің 
әсері болды?
 
5.
Скандинавия қалаларының Батыс Еуропа қалаларынан қандай 
айырмашылығы бар?
 
6.
Кальмар униясы Скандинавия елдерінің қайсысы үшін тиімді болды?
 
 
§ 6. 
ХІ – ХV ғасырлардағы Венгрия 
 
Алғашқы феодалдық Венгер мемлекетінің құрылуы. І Иштван (Стефан) 
және оның христиан дінін қабылдауы. Венгрлер (мадьярлар) алғашында 
Оңтүстік Оралдың таулы аймақтарында қоныстанды. Кейін тайпа одағына 
бірігіп, Қара теңіз жағалауындағы далаларда көшіп-қонып жүрді. ІХ ғасырдың 
аяғында венгрлер печенегтердің тықсыруымен батысқа қарай жылжып, Дунай 
аңғарын басып алды. Бұл жерлерді славяндар мен басқа да ұсақ тайпалар 
мекендеді. Х ғасырдың өн бойында олар қазіргі Венгрия аумағын толық 
қоныстанып, отырықшы егін шаруашылығы және мал шаруашылығымен 
айналысты.
Х ғасырдың бірінші жартысында венгрлер көрші елдерге басқыншылық 
жорықтар жасады: Германия, Солтүстік Италия, Шығыс Франция. Тек 955 
94 


жылы ғана Лехе түбіндегі шайқаста жеңілгеннен кейін ғана олардың 
шабуылдары тоқтатылды.
Х ғасырдың аяғында оларда таптық құрылыс қалыптаса бастады, 
христиан дінін қабылдады, князьдық өкімет өрледі. Арпад руы князьдарының 
бірі Иштван өз өкіметінің қоластына барлық мадьярлық облыстарды біріктірді 
және Папа ІІ Сильвестердің рұқсатымен шамамен 1000 жылы корольдік атақты 
қабылдады, венгрлерді христиан дініне енгізді. Өз билігін нығайту және тайпа 
ақсүйектерінің ықпалын әлсірету үшін ру-тайпалық ұйымдардың орнына 
аумақтық мемлекеттік құрылымдарды енгізді. Ел әкімшілік-соттық округтерге 
(комитаттар деп аталды) бөлінді. Оның басында ишпандар тұрды, ол король 
үшін салық жинады және оның атынан жергілікті жерлерге билік жүргізді.
ХІ ғасырда Венгрияда негізінен феодалдық жер иеленушілік қалыптасып 
болды. Неғұрлым ірілері король домендері болды. Сонымен қатар, епископтар, 
монастырьлар, ірі ақсүйектер де ірі жер иеліктерін иемденді. Халықтың елеулі 
бөлігін құраған ерікті шаруалар бірте-бірте тәуелділерге айналды. Соған 
қарамастан ұзақ уақыт құқықтарын сақтап қалды. Халықтың неғұрлым 
қаналған бөлігін сервтер мен либертиндер (еркіне жіберілгендер және еркіне 
жіберілген құлдардың ұрпақтары) құрады. Корольдік имениелерде көптеген 
сарай адамдары болды. Олар жерге отырықшыландырылған жауынгерлер еді, 
олар әскери қызметпен қатар, корольдің пайдасына әртүрлі міндеткерліктерді 
өтеді.
Ерікті шаруаларды қанаудың күшеюі кейбір халықтық наразылықтарды 
туғызды.
ХІІІ ғасырда елде феодалдық қоғамның таптары толық қалыптасты. 
Феодалдар табының құрамына ірі дүнияи ақсүйектер, шіркеу прелаттары және 
ұсақ дворяндардың көптеген бөліктері кірді. Соңғылары неміс рыцарьларының 
есебінен көбейгендер болды. Басыбайлы және тәуелді шаруалардың құрамында 
сервтер, либертиндер және «ерікті шаруалар» болды. Шаруа міндеткерліктері 
көбіне натуралды оброк түрінде алынды.
1222 жылғы Алтын Булла. Феодалдық құрылыстың жариялануымен 
феодал ақсүйектер күшейді. Шонжарлар мен шіркеу магнаттарының қолдауына 
сүйену үшін король оларға өз доменінен жер мен әртүрлі жеңілдіктерді берді. 
Әсіресе, король ІІ Эндре (1205 – 1235 ж.ж.) көптеген артықшылықтар жасады. 
Феодал ақсүйектердің күшеюі ұсақ дворяндардың наразылығын туғызды. 
Елдегі халықтық қозғалыстарды пайдаланған дворяндар оппозиция топтарының 
бірімен одақтаса отырып, ІІ Эндрені 1222 жылы Алтын Буллаға (алтын мөр 
басылған бұйрық) қол қоюға мәжбүр етті. Ол дворяндық артықшылықтарды 
бекітті. Мазмұны: король барлық танымал адамдарға олардың құқықтары мен 
артықшылықтарын сақтап қалуға уәде етті. Король жыл сайын сейм шақыру 
жөнінде сөз берді. Бұған ірі феодалдармен қатар, ұсақ феодалдар да қатыса 
алатын болды. Дворяндар мен дін өкілдері мемлекеттік салықтан босатылды. 
Мемлекеттен тыс әскери жорықтарға қатысқаны үшін король сыйлық беруі тиіс 
болды. Корольдік өкімет өкілдеріне арнайы шақыртусыз дворяндардың иелігіне 
кіруге тиым салынды.
95 


Венгер мемлекетінің сыртқы саясаты. ХІ – ХІІІ ғасырларда Венгрия 
Оңтүстік-Шығыс Еуропаның ең қуатты және ірі мемлекеттерінің бірі болды 
және осы аймақтардағы халықаралық қатынастарда ерекше роль атқарды. 
Батыста оның «Қасиетті Рим империясының» қысымына төтеп беруіне тура 
келді. Шығыс пен Оңтүстік-Шығыста Венгрия славян елдеріне қарсы 
бағытталған басқыншылық саясат ұстанды. ХІ ғасырда Трансильванияны 
бағындырды, Закарпатьедегі славян жерлерін басып алды және Галицкілік 
Русьті иемденуге тырысты. 1105 жылы Венгрия королі Кальман Хорватияны 
бағындырды. Оны уақытша Венгер корольдігіне қосты. Далмат қалаларының 
үстінен де уақытша үстемдік орнатылды. Византиямен қақтығысы жеңіліспен 
аяқталды. Венгрия біраз уақыт Византия империясына тәуелділікті мойындады.
Шығыстағы көшпенділер – печенегтер және қыпшақтармен күрес, 
сонымен қатар неміс қаупінің төнуі Венгрияны Русьпен бірігуге итермеледі. Ол 
әулеттік неке негізінде көрініс тапты. Бірақ, Венгер королі әрдайым Русьтің 
істеріне араласып отырғандықтан, берік одаққа айналмады. 1241 – 1242 ж.ж. 
Венгрия моңғолдардың шапқыншылығына ұшырады. Сайо өзені түбіндегі 
шайқаста венгер әскерлері жеңіліп, король өз сарайымен Далмацияға қарай 
қашады.
ХІІІ ғасырдың екінші жартысында Венгрия феодалдық бытыраңқылық 
кезеңіне аяқ басты. Әр магнаттың жеке әскері болды және олар корольге 
бағынбады. Шонжар ақсүйектердің үлгісімен шіркеу феодалдары да жүре 
бастады. Король ІІІ Ласло магнаттарға қарсы күресте елге қоныстанған 
қыпшақтарға арқа сүйеуге талаптанады, бірақ жеңіліс тауып, тұтқынға түсіп, 
жазаланады. Арпад әулетінің соңғы королі ІІІ Эндре (1290 – 1301 ж.ж.) тұсында 
елде феодалдық анархия жайлады.
Анжуй әулетінің басқаруы. Тақ үшін күрес 1308 жылы венгер 
корольдігіне Арпадтардың әйел жағынан туысы, Неополитан корольдігінен 
шыққан Карл-Роберт Анжуйскийдің сайлануымен аяқталды. Осы кезден бастап 
корольді сеймнің сайлау принципі толық бекіді. Анжуй әулетінің кезінде 
корольдік өкімет күшейді. Дворяндар мен қалалықтарға арқа сүйеген Карл-
Роберт (1308 – 1342 ж.ж.) және І Людовик (Лайош) (1342 – 1382 ж.ж.) 
магнаттарды жуасытты. Елде ішкі тыныштық орнады, ол экономиканың 
жандануын туғызды. Венгрияда сословиелік-өкілдік монархия қалыптасты.
Анжуй әулетінің корольдері елді өкілетсіз орган – Мемлекеттік кеңестің 
көмегімен басқаруға тырысты. Соған қарамастан, олар жиі сейм шақырып 
тұруға мәжбүр болды. 1351 жылы басталған сеймде магнаттармен бірге 
қатардағы дворяндар да қатыса бастады, ал, ХV ғасырдан бастап қала өкілдері 
де қатысты. 1351 жылы сейм дворяндар үшін жер иеліктерін бөлінбейтін деп 
жариялаған маңызды қаулы қабылдады. Сонымен қатар, қаулы шаруалардың 
еркін өтулеріне тиым салды.
Анжуй әулетінің корольдері сыртқы саясатында басқыншылық бағыт 
ұстанды. Хорватия мен Далмацияны қосып алды. Молдавия мен Валахияға 
Венгрия өз протекторатын орнатты. І Лайош өз билігіне Венгер және 
Неополитан корольдіктерін біріктіруге тырысты. Бірақ оның Оңтүстік Италияға 
жорығы сәтсіз аяқталды. Польшамен жасалған әулеттік уния да ұзаққа 
96 


бармады. І Лайоштың өлімінен кейін уния ыдырады. Анжуй әулетінің 
корольдік өкіметті уақытша күшейтуі ХІҮ ғасырдың аяғында қайта басталған 
ішкі қайшылықтармен араласып кетті. Король Сигизмунд (Жигмонд) (1387 – 
1437 
ж.ж.) феодалдардың үздіксіз қарсылықтары жағдайында магнаттарға көп 
жеңілдіктер берді. 1411 жылы «Қасиетті Рим империясының» тағына сайланған 
Сигизмунд түріктерге қарсы крест жорықтарын ұйымдастырды. Бірақ 
кресшілер Никополь түбіндегі шайқаста күйрей жеңілді.
Польшамен жаңа уния құрылғаннан кейін де жағдай жақсара қоймады. 
Венгер тағына шақырылған ІІІ Владислав түріктерге қарсы жаңа крест 
жорығын ұйымдастырды. 1444 жылы Варна түбіндегі шайқаста поляк-венгер 
әскерлерін түріктер талқандады. Осман басқыншылығының қаупі ұсақ және 
орта дворяндарды орталықтанған өкіметтің айналасына бірігуге итермеледі. 
Осы күштердің және қалалықтардың көмегіне сүйене отырып, 1446 жылы 
Венгрия билеушісі болып сайланған Янош Хуньянди магнаттық лигаларды 
жойып, елдің ішкі жағдайын нығайтты. Ол 1456 жылы түріктерге Белград 
маңында соққы беріп, жеңіліске ұшыратты. Бұл түріктердің Орталық Еуропаға 
басқыншылығын ұзақ уақытқа тежеді.
Венгер мемлекетінің жағдайы Яноштың баласы Матиаш Корвин (1458 – 
1490 
ж.ж.) тұсында одан сайын нығайды. Ол венгер тағына сейм бойынша 
сайланды. Тұрақты жалдамалы армия құрып, орталық пен жергілікті жерлердегі 
әкімшілік-сот аппаратын нығайтты. Осы кезден бастап Венгрияда монархия 
түпкілікті қалыптасты.
Белсенді сыртқы саясат та жүргізді. Венгрияның шекарасы кеңейтілді. 
Чехиядан Моравия, Силезия, Габсбургтерден Австрия мен Штирияны тартып 
алды. Бірақ бұл жеңістер берік болмады. Матиаш Корвиннен кейін венгер 
тағын поляктық Ягелондар – Владислав, кейін Людовик иемденгеннен кейін 
магнаттар қайта күшейді. Сонымен қатар түрік басқыншылығының қаупі төніп 
тұрды.
Жиі соғыстар мен ішкі қайшылықтар шаруашылық жағдайды 
құлдыратты. Елде жаппай шаруалар көтерілісінің басталуына тек сылтау ғана 
керек болды. Ол түріктерге қарсы кресшілер жасағын жинау болды. 1514 жылы 
көктемде папа Х Лев крест жорығын ұйымдастырды. Оған халықтың қатысуын 
да шақырды. Шамамен 40 мыңдай кресшілер (куруцтар) жиналды. Олар 
шаруалар мен қала кедейлерінен құралды. Басында ұсақ дворян Дьердь Дожи 
тұрды. Олар крест жорықтарынан бас тартып, бірнеше қалаларды басып алады. 
Дожи Венгрияны республика деп жариялады. Бірақ, жеңіліске ұшырады. 
1514 жылы күзде тағы да сейм шақырылды: ол шаруалардың өту 
құқықтарын толық жойып, міндеткерліктерін өсірді; қару ұстауларына тиым 
салды.
Шаруаларды жазалау түріктермен соғыстағы қорғану қабілетін әлсіретті. 
1526 жылы Мохача түбіндегі шайқаста сұлтан Сүлейман Великолепный 
бастаған түрік армиясы венгер-чех әскерін талқандайды. Оңтүстік-Шығыс 
Венгрия түріктердің билігіне түсті, батысы Австрияға кетті. Трансильвания 
біраз дербестігін пайдалана отыра, Осман империясына вассалды тәуелділікті 
мойындады. Осылайша, Венгрия ұзақ уақытқа тәуелсіздігінен айырылды.
97 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет