Қамиева Г. Б. Орта ғасырлар тарихы оқу құралы АҚтау 2019



Pdf көрінісі
бет11/35
Дата08.02.2023
өлшемі1,41 Mb.
#167869
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35
Байланысты:
ҚАМИЕВА Г.Б.-ОҒТ-ОҚУ ҚҰРАЛЫ-2019

Бақылау сұрақтары: 
1.
ХІІ – ХІІІ ғасырларда король өкіметінің күшеюіне ненің әсері болды?
 
2.
ІХ Людовик реформаларының мазмұны қандай?
 
3.
Жүз жылдық соғыстың сылтауы және себептері қандай?
 
4.
Креси және Пуатье маңында жеңілудің Франция үшін салдары?
 
5.
Жүз жылдық соғыстың ақыры, Франция үшін оның нәтижелері қандай 
болды?
 
6.
Францияны саяси біріктіру қашан аяқталды? 
§ 2. 
ХІ – ХV ғасырлардағы Англия 
 
ХІ ғасырдағы Англияның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. ХІ 
ғасырдың ортасы – Англия тарихында күрт бетбұрыс кезең. Оны норман 
герцогы Вильгельм бастаған франк-нормандардың феодалдары жаулап алды. 
1066 жылы 15 мыңдық рыцарьлар әскерімен Вильгельм Англияның аумағына 
басып кірді.
1066 жылы күзде Вильгельм Англияның оңтүстігіне Гастингс портына 
жақын жерге келіп түседі. Ағылшын королі Гарольд нормандардың 
басқыншылығына тойтарыс бере алмай қалды. Жеке жасағы мен шаруалардың 
жаяу жасағынан тұрған әскері нормандардың ауыр қару-жарақты атты әскеріне 
қарсы төтеп бере алмайды.
Король Гарольд қаза табады. Вильгельм солтүстікке қарай жылжиды. 
Лондонды елдің қалған бөлігінен үзіп тастап, қоршауға алады. Астана 
басқыншыларға қақпаны ашып беруге мәжбүр болады. «Ақылгөйлер Кеңесі» 
Вильгельмді король деп жариялады. Алайда Вильгельм және оның 
барондарының өздеріне бүкіл елді бағындыруына бірнеше жыл кетеді. 
Вильгельмді заңды король деп танудан бас тартқан англосаксондық 
шонжарлардың жерлері тәркіленді, өздерін Англиядан қуды. Шаруалар франк-
нормандардың феодалдарына тәуелділікке түсті.
Англияның солтүстігі мен солтүстік-шығысында (Дат құқығы аймағы) 
1069 және 1071 жылдары басқыншыларға қарсы бағытталған ірі көтеріліс 
болды. Оны шаруалар да, феодалдар да қолдады. Көтерілістер қатал басып-
жаншылды.
66 


Бүкіл елді бағындырғаннан кейін англосаксондық шонжарлардың жерінің 
көбі нормандық жаулап алушылардың қолына өтеді. Епископтар толықтай 
Нормандиядан шыққан франктармен алмастырылды. Жердің көп бөлігі (барлық 
игерілетін жердің 
1
/
7
бөлігі) король доменіне айналдырылды. Вильгельм аң 
аулау үшін бірнеше ормандарды да жаулап алды. Олар кейін «корольдік 
қорықтар» деген атауға ие болды. Барондардың арасында жерді қайта бөліске 
сала отырып, король иеліктің шексіз бір қолға шоғырлануына жол бермеуге 
тырысты. Барондардың иелігі шексіз болды, алайда, елдің көптеген 
графтықтарында шашыратылып тасталынды және Франциядағыдай тұтас 
аумақты құрай алмады. Бұл олардың король өкіметіне қарсы позициясын 
әлсіретті. Барондар корольдің тікелей вассалдары болып табылды. Бүкіл 
феодалдарды вассалдық тәуелділікке түсірген Англиядағы корольдік өкімет 
кез-келген құрлықтық елдерге қарағанда күшті болды.
«Қорқынышты сот кітабы». 1086 жылы І Вильгельмнің үкімі бойынша 
жалпы жер санағы жүргізілді. Пергаментке жазылған тізім халық арасында 
«Қорқынышты сот кітабы» (санақты жүргізушілерден қаһарлы соттағыдай еш 
нәрсені бүгіп қалуға болмайтын еді) деген атпен таралды. Король 
қазынашылығы сеньориалдық және шаруа жерінің мөлшері туралы нақты 
мәліметтер алды. Бұл жер салығын алуға мүмкіндік берді. Ол «даттық ақшалар» 
деп аталды.
ХІ ғасырда Англиядағы шаруалардың негізгі бөлігін «Қорқынышты сот 
кітабының» мәліметтері бойынша 30 акр жер үлесі бар және қауымдық 
игіліктерді (орман, алқаптар, жайылымдар, өзен, тоғандар) пайдаланушы 
вилландар құрады. «Қорқынышты сот кітабында» мынадай санаттар 
дараланды: 
1.
бордарлар – 6-15 акр жер үлесі бар тәуелді шаруалар; 
2.
коттерлар – 2-3 акр ғана жер үлесі бар шаруалар; коттерлер әртүрлі 
қосымша жұмыстар атқаруға мәжбүр болды; олар ұсталық немесе ағаш 
кесушілік жұмыстарды жиі атқарды. Олардан кейін ауыл шаруашылық 
жұмысшылары – батрактар шоғырлана бастады.
3.
сарайлық шаруалар (сервтер) – жер үлесі жоқ, манордағы ең ауыр 
жұмысты атқарушылар. (Олар тәуелді шаруалардың соңғы санаты еді). 
Алайда, Англияда норман жаулап алушылығынан кейін де ерікті 
шаруалар сақталып қалды. Мәселен, елдің солтүстік-шығысында 1086 жылғы 
санақтан кейін де шаруалардың жартысы ерікті адам статусын сақтап қалды, 
жартысы сокмендер (ағылшынша, орта ғасырлық Англиядағы жеке басы бос 
шаруалар, Солтүстік және Шығыс Англияда кең таралды) болды.
Норман жаулап алушылығының маңызы: 
1.
англосакстардың кезінде басталған феодалдану үрдісін аяқтауға 
жәрдемдесті, ағылшын шаруаларын қанауды күшейтті; 
2.
сауда байланыстарын кеңейтіп, қалалардың тез өсуіне әсерін тигізді; 
3.
король өкіметін күшейтіп, елдің саяси бірлігін баянды етті және 
Англияда біршама бір орталыққа бағынған феодалдық мемлекеттің құрылуына 
көмектесті. 
67 


Англияда ең ірі жер иеленушілер мен шіркеулер корольды әрдайым 
қолдап отырды. Шіркеу үшін ерекше жеңілдіктер (дербес шіркеу соттарын 
ұстау құқығы) берді. Вильгельмді қала халқы да қолдады. Ол феодалдық өзара 
бақталастықтарға тиым салып, сауда мен қалалардың дамуына мүмкіндік 
жасады. Халықтың өзін қолдаған топтарына арқа сүйей отырып, Вильгельмнің 
мирасқорлары мемлекетті басқару жүйесін одан әрі нығайтты, оның орталығы 
король ордасы болды. Вильгельмнің кенже баласы І Генрих (1100 – 1135 ж.ж.) 
тұсында мемлекетті басқару ісі жөнінде құрылған тұрақты корольдік Кеңес – 
король куриясы маңызды роль атқарды. І Генрих қайтыс болғаннан кейін оның 
француз графы Анжу аймағының иесі Жоффруа Плантагенетке тұрмысқа 
шыққан қызы Матильда мен І Генрихтің немере інісі Стефан Блуаский 
арасында тақ таласы басталды. Елде феодалдық анархия жайлады. 1153 жылы 
ғана келісім жасалды. Келісім бойынша екі арадағы соғысқа тиым салынды 
және тақ Стефан қайтыс болғаннан кейін Матильданың баласы Генрих 
Плантагенет граф Анжуйскийге көшуі тиіс болды. ІІ Генрих Плантагенеттің 
билігі (1154 – 1189 ж.ж.) тұсында ағылшын корольдігінің құрамына 
Франциядағы анжуйлық отбасының иеліктері – Анжу, Мэн, Турень, Пуату, 
Аквитания кірді. ІІ Генрих ұсақ рыцарьлар мен қала халықтарына арқа сүйей 
отырып, феодалдардың қарсылығын басып, жалдамалы отрядтарын таратып 
жіберіп отырды. Мемлекет ішінде бір орталыққа біріктіруді нығайту ісінде ІІ 
Генрихтің жүргізген реформалары маңызды роль атқарды. Сеньориалдық 
соттың есебінен корольдік сотты нығайтуға тырысқан Генрих сот реформасын 
жүргізді. Реформа бойынша әрбір ерікті адам өзінің ісін белгілі мөлшерде 
ақшасын төлеп, воотчиналық соттың қарауынан енді корольдік сотқа бере 
алатын болды. Әскери реформа да жүргізді. Мәні: король пайдасына 
феодалдардың атқаратын әскери қызметін біршама қысқа мерзіммен шектеу. 
Қалған мерзімнің орнына феодалдар ерекше ақша сомасын – «қалқандық ақша» 
төлеуі тиісті болды. Бұл ақшаларға король рыцарьларды жалдап, барондардың 
феодалдық жасағына өзінің тәуелділігін азайтты.
ХІІ ғасырдың екінші жартысында Ирландияны жаулап алу басталды. 
Оқиғаның қарқын алған кезі 1169 – 1170 жылдарға сәйкес келді. Бұл кезде 
Ирландияда феодалдану үрдісі жүріп жатырған еді. 1171 жылы ІІ Генрих елге 
өз әскерімен келді. Ағылшын барондары аралдың оңтүстік-шығыс 
жағалауындағы ирландиялық жерлердің бір бөлігін басып алды және онда 
Ирландиядағы ағылшын иеліктерінің бекініс аудандарын ұйымдастырды. Кейін 
бұлар «Пейл» (дуалмен қоршалған деген мағына) деп аталды.
ХІІІ ғасырдағы Англия. «Еркіндіктің Ұлы Хартиясы». ХІІІ ғасырда 
Англияда егіншілік кәсібі жетіліп, барлық жерде 3 танапты егістік жүйесі 
таралды. Батпақтарды құрғату есебінен егістік жерлер мен мал 
жайылымдарының көлемі өсті. Қаладан деревняның бөліну үрдісі үздіксіз 
жүрді. ХІІІ ғасырдың аяғында Англияда шамамен 280 қалалық елді-мекен 
болды.
Бір орталыққа бағынған мемлекеттің қалыптасу үрдісі Англиядағы тап 
күресінің, қалалардағы әлеуметтік жанжалдардың және феодалдардың 
арасындағы қайшылықтардың шиеленіскен жағдайында жүргізілді. Әртүрлі 
68 


топтардың арасындағы саяси күрес өрістеді. Оның бірінші кезеңі ІІ Генрихтің 
кенже ұлы Безземельный деп аталған король Иоанның (1191 – 1226 ж.ж.) ел 
билеген кезіне жатады. Иоанн әкесінен мұраға қалған мемлекеттік аппаратты 
халықтың барлық топтарына қысым жасау үшін пайдаланды. Бұл оған қарсы 
оппозицияны күшейтті. 1202 – 1204 жылдардағы соғыстарда француз королі ІІ 
Филипп Август Иоанның Франциядағы біраз иеліктерін – Нормандия, Анжу, 
Мэн, Турень, Пуатудың бір бөлігін басып алды. 1214 ж. Ларош-о-Муана мен 
Бувин түбіндегі соғыстарда Иоанн одақтастарының жеңілуі бұл жерлерді 
қайтару әрекеттерін тежеді. 1207 жылы Папа ІІІ Иннокентиймен жанжалдасып 
қалған еді. 1213 жылы ол Папа алдында өзінің тәуелділігін мойындады. Оған 
жыл сайын 100 күміс марка төлеп тұруға міндеттенді. Бұған қарсы оппозиция 
көтерілді. 1215 жылы көктемде барондар мен қала халықтарының көтерілісі 
басталды. Корольге өздерінің талаптарын қойды. Талаптарды орындауға 
мәжбүр болған король 1215 жылы 15 шілдеде «Еркіндіктің Ұлы Хартиясы» деп 
аталатын актіге қол қойды.
«Еркіндіктің Ұлы Хартиясы» баптарының көпшілігі барондар мен шіркеу 
феодалдарының мүддесін көздеді. Король шіркеу сарайларының бостандығын 
сақтауды міндетіне алды. Хартияның рыцарьлар мен ерікті шаруалардың 
жоғарғы тобына берген жеңілдіктері аз болды. Барлық ерікті адамдарды 
корольдік шенеуніктердің қиянаттары мен шектен тыс айып-пұлдардан 
қорғауға уәде берілді. Корольдік сотқа өтініш беруге құқығы бар адамдар үшін 
Ұлы Хартия негізінде ІІ Генрихтың енгізген сот тәртібін сақтап қалдырды. 
Қалалар рыцарьлардан кең жеңілдіктер алды. Хартия тек Лондон және басқа 
қалалардың қолдарындағы еркіндік құқықтарына тимеді, ал қала халықтары 
үшін ауыр алым-салықтарды (талль) жинау жөніндегі король құқығына шек 
қойылмады. Өлшем мен таразының бірлігі орнатылды. Шетел көпестерінің 
Англияға еркін келіп-кетуіне мүмкіндік берілді. Бұл сыртқы сауданы 
дамытқанымен, қала халықтарына қолайсыз болды. Бұл олардың қолөнер мен 
саудадағы монополиясын шетелдіктердің пайдасына бұрды. Ағылшын 
халқының көп бөлігі вилландарға ешқандай құқық берілмеді.
Хартия іс жүзінде жүзеге асырылмады. Папаның барондарды бүлікшілдер 
деп жариялағанына арқа сүйеген Иоанн хартияны орындаудан бас тартады. 
Елде соғыс басталды. Иоанн қайтыс болады. Барондар таққа отырған оның жас 
баласы ІІІ Генрихты (1216 – 1272 ж.ж.) король деп таниды. Оның кезінде 
бұрынғы жанжал күшейе түсті. Үздіксіз алым-салықтар, Папамен достасып, 
оның елді еш бөгетсіз тонауына мүмкіндік берген ІІІ Генрихке қарсы жаппай 
наразылық басталды. 1258 жылы көктемде ІІІ Генрих Папа ІV Иннокентийдің 
азғыруымен Италияда соғыс арандатушылығын бастап, соған барондардан 
барлық табысының 
1
/
3
бөлігін беруді талап етеді. Ол жаппай наразылықтың 
басталуына алып келеді. Олар корольден реформа жүргізуді талап етті. Король 
көнуге мәжбүр болды. 1258 жылы маусымда Оксфордта шонжарлардың кеңесі 
жиналып, елде олигархтардың режимі орнады. Ол «Оксфордтық провизиялар» 
деп аталды. Барлық өкімет билігі 15 баронның кеңесіне беріліп, олардың 
келісімінсіз король ешқандай шешімдер қабылдай алмайтын болды. 
Оппозицияның өз арасында да жік пайда болды. 1259 жылы рыцарьлар дербес 
69 


саяси талаптар ұсынды. Барондар Симон де Монфор және граф Лестерский 
басқарған бөлігінің қолдауымен рыцарьлар мен ерікті шаруалардың жоғарғы 
тобын ірі феодалдардың озбырлығынан қорғаған «Вестминстерлік 
провизиялар» қабылданды. Оппозиция лагеріндегі қайшылықтарға үміт артқан 
ІІІ Генрих «Оксфордтық провизияларды» орындаудан бас тартады. Бұл 1263 
жылғы азамат соғысына алып келді. 1264 жылы 14 мамырда Льюс түбіндегі 
шайқаста король армиясы күйрей жеңілді. ІІІ Генрих пен оның үлкен баласы 
Эдуард тұтқынға алынды. Монфор Англияның жалғыз билеушісіне айналды. 
1265 ж. қаңтарда ол алғаш рет жиналыс шақырып, оған әр графтықтан екі 
екіден сайланған рыцарьларды, үлкен қалалардан екі екіден қала адамдарын 
қатыстырды. Бұл жиналыс ағылшын парламентінің бастамасы болды. Ол 
сословиелік-өкілдік жиналыс деп аталды. Корольді жеңу азамат соғысының 
тереңдеуіне әкелді. Оған вилландар да қосылды. Халықтық қозғалыстан 
үрейленген барондар корольмен келісімге келуге мәжбүр болды. Эдуард 
тұтқыннан қашып құтылады. 1265 жылы тамызда Ившем түбіндегі соғыста 
Монфор әскері талқандалып, өзі қаза табады. Монфорды қолдағандардың жерін 
жаппай тәркілеу жүргізіледі. Бұл қарулы қарсылықтар туғызды. Онда белсенді 
рольді шаруалар атқарды. Үстем таптың бақталас топтары корольмен келісімге 
келіп, 1267 жылы қозғалысты басуға көмектесті. ІІІ Генрих өкіметі қайта 
қалпына келді. Алайда, король мен барондар рыцарьлар мен дәулетті қала 
халықтарының қолдауынсыз халық бұқарасын басқарудың мүмкін еместігіне 
көздері жетеді. Сондықтан Англиядағы сословиелік өкілдіктің – парламенттің 
пайда болуы азамат соғыстарының нәтижесі болды. Парламенттің 
мәжілістеріне барондармен қатар рыцарьлардың, қалалардың өкілдері де 
қатысатын болды.
ХІV ғасырдағы Англияның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Уот Тайлер 
көтерілісі. ХІV ғасырдың аяғына таман ағылшын шаруаларының хал-жағдайы 
ауыр болды. ІІ Ричардтың тұсында (1377 – 1399 ж.ж.) қайта басталған 100 
жылдық соғысқа байланысты салынған алым-салықтардың көбеюі халықтың 
ашу-ызасын туғызды.
1377 жылы парламент біржолғы жаппай салық енгізді; 1379 жылы 
жаңадан, 1380 жылы 3 есе етіп жинап алды. Бұл көтеріліске себеп болды. 1381 
жылы Англияның оңтүстік-шығысындағы Эссекс графтығында басталды. 
Шаруалар көтерілісін деревня қолөнершісі Уот Тайлер басқарды. Эссекс пен 
Кенттің 2 үлкен отрядымен Лондонға жақындап келеді. Мақсаты ІІ Ричардпен 
кездесіп, өздеріне жеңілдіктерді өтіну болды. Шаруалар корольмен алғаш рет 
Майл-Эндте кездеседі. Корольге «Майл-Энд бағдарламасы» деп аталатын 
талаптар қояды:

басыбайлылықты, барщинаны жою, біркелкі төмендеу ақшалы рента 
енгізу;

Англияның барлық қалалары мен селолық жерлерінде сауда 
бостандықтарын беру;

бүкіл көтерілісшілерге кешірім жариялау.
Король талаптарды орындауға уәде берді, оларға грамоталар ұсынды. Уот 
Тайлер, Джон Болл бастаған біраз шаруалар қанағаттанбай, тарамастан, 
70 


Лондонда қалып қояды. Корольмен тағы да кездесуді талап етті. Король 
шаруалармен екінші рет Смитфильдте кездесуге мәжбүр болды. Шаруалар 
«Смитфильд бағдарламасы» деп аталған талаптар қойды. Жаңа талаптар 
біріншіден де жоғары болды:

корольдің барлық заңдарының негізінде «жұмысшылар туралы заңды» 
жою; 

шіркеу иеліктерінің жерлерін тәркілеп, шаруаларға бөліп беру; 

сеньорлар басып алған қауымдық жерлерді қайтарып беру;

басыбайлылық құқықты жою, сословиелерді теңестіру.
Феодалдар көтерілістерді қаталдықпен басып үлгерді. Дегенмен қол 
жеткізген жетістігі, яғни тарихи маңызы да болды: барщинаны жойды.
ХV ғасырдағы Англияның әлеуметтік-саяси дамуының ерекшеліктері. 
Уот Тайлер көтерілісінен кейін ағылшын деревнясын экономикалық қайта құру 
феодалдық қатынастардың жойылуына әкелмеді. ХV ғасыр бойында Англияда 
феодалдық жерге меншік монополиясы сақталып қалды. Бірақ ағылшын 
феодализмі ХV ғасырдың басында дамудың жаңа сатысына аяқ басты: ауыл 
шаруашылық өндірісінің орталығы помещиктік жеке меншік шаруашылықтан 
ұсақ тауарлы шаруалар шаруашылығына өтті. Феодалдардың жеке меншігіндегі 
шаруашылығы ХІV ғасырда басталған ауыр дағдарыстарды әлі басынан 
кешіріп, ХV ғасырда толық жойылуға жақындаған кезде шаруалардың жер 
иеленушілігі нығая түсіп, оның тауарлығы арта берді. Феодалдық жеке меншік 
сақталып қалған аудандарда барщиналық-басыбайлылық ұйымдарды жойып, 
кедейлердің жалдамалы еңбегін қанау жүрді.
Алайда, ХV ғасырда помещиктік шаруашылыққа тән негізгі бағыт – 
феодалдық жеке меншіктегі шаруашылықты жойып, кедейлердің жалдамалы 
еңбегін қанау болды.
ХV ғасырда ағылшын деревнясының өміріндегі ең маңызды өзгерістердің 
бірі – вилландардың негізгі көпшілігінің азаттыққа ие болуы болды. Олар екі 
санатқа бөлінді: 
1.
бұрынғы вилландардың ұрпақтары – «копигольдер» – көшірмесі 
бойынша ұстаушылар деп аталды; өйткені үлеске ие болғаны жөнінде 
қолдарында манориалдық сот хаттамасынан көшірме болды. Бұрынғы 
еріксіздердің сарқыншақтары сақталып қалды; үлестері үшін төмен дәрежеде 
белгілі ақшалы рента төлеуге, т.б. міндеткерліктерді атқаруға тиіс болды. 
2.
жерді ерікті түрде ұстаушылар – «фригольдер» – іс жүзінде жерге 
меншік иелері болып саналды. Жердің түпкі иесі феодалға ½ номиналды ақша 
рента төледі. Оларды корольдық соттар өз қарауына алды; парламент 
сайлауына қатысуға құқылы болды.
ХV ғасырда феодалдар табының арасында да жіктелу жүріп жатты. ХІІІ 
ғасырда және ХV ғасырда барщиналық пен басыбайлылыққа таласқан ірі жер 
иелері енді өз жер телімдерін ықшамдауға мәжбүр болды. Олардың жер 
ұстаушыдан алатын төмен ренталары күнделікті үйреніп қалған сән-салтанатты 
тұрмысына қажет қаржыны қамтамасыз ете алмады. Бұрынғы ақсүйектердің 
әулетінен құралған феодалдардың бұл бөлігі «ескі дворяндар» деп аталды. 
Сонымен қатар ағылшын феодалдарының арасынан ел экономикасындағы жаңа 
71 


прогресшіл құбылыстардың элементтерімен байланысқа түскен екінші топ өсіп, 
нығая түсті. Олар жаңа дворяндар деп аталды. Олар ХV ғасырда бір жағынан, 
ескі ұсақ және орташа вотчиналық жер иеленушілердің ХІІІ – ХV ғ.ғ. 
рыцарьлық өкілдерінен, бір жағынан, жерді пайдалануға ақшаны көбірек 
жұмсап, байыған шаруалар мен қала халықтарынан, яғни, осы арқылы дворян 
атағын алғандардан құралды.
Жаңаның ескімен күресі ағылшын өнеркәсібі мен саудасы үшін де тән 
нәрсе болды. «Жаңа дворяндар», шаруалардың жоғарғы тобы, қала халықтары 
бір орталыққа біріккен өкіметті одан әрі нығайтуға мүдделі болды. Ол бірқатар 
шаруашылық, бейбіт өмірді нығайту, шетелдіктермен сауда-саттықта өз 
мүдделерін қорғау, бұқара халықтың наразылығын басу үшін қажет болды. 
«Ескі дворяндар» бұған қарсы бағыт ұстанды.
1399 жылы солтүстік графтықтардың ұсынысы бойынша Плантагенттер 
әулетінің соңғы королі ІІ Ричард тақтан түсірілді. Барондар ІV Генрих деген 
атпен Генрих Ланкастерскийді (1399 – 1413 ж.ж.) таққа отырғызды. Оның 
тұсында реакциялық феодалдық ақсүйектердің ықпалы күшейді. Олардың 
қысымымен ІV Генрихтің баласы V Генрих (1413 – 1422 ж.ж.) ХІV ғасырдың 
аяғында толастаған жүз жылдық соғысты қайта бастады. 1422 жылы 
Франциядағы жүз жылдық соғыс өрлеп тұрған кезде V Генрих қайтыс болып, 
король тағы оның 1 жасқа толмаған баласы VІ Генрихке (1422 – 1461 ж.ж.) 
көшеді. Тақ төңірегінде Англияның ең ірі феодалдарының өкімет билігі үшін 
күресі басталды. Жүз жылдық соғыс біткеннен кейін 1453 жылы Франциядан 
жаулап алынған иеліктерден тек Калені ғана сақтап қалды. Бұған қарсы елде 
наразылықтар басталды. 1450 жылы Англияның оңтүстігінде орталығы Кент 
графтығы болған халықтық көтеріліс басталды. Оны тәжірибелі солдат Джек 
Кэд басқарды. Негізгі бөлігі шаруалар болды. Көптеген рыцарьлар мен қала 
халықтары да қосылды. Көтеріліс ойдағыдай жүрді, өздерінің талаптарын да 
қойды:

алым-салықты жеңілдету;

барондардың парламент сайлауы кезінде заңсыз қысым жасауын 
тоқтату;

король шенеуніктерінің зорлық-зомбылығына шектеу қою. 
Көтерілісшілер мен Лондон кедейлерінің бай көпестер мен қалалық 
өкіметке қарсы бағытталған әрекеттерінен қауіптенген қаланың дәулетті 
топтары қаруланып, Тауэр гарнизонының көмегімен қаладан көтерілісшілерді 
қуады. Осылайша көтеріліс басып-жаншылды. 
Кэд бастаған көтерілістің талқандалуы «жаңа дворяндардың» халықтық 
қозғалысқа үміт артуын тоқтатуға әкелді. Енді үмітті әулеттің алмасуына арта 
отырып, Ланкастерлерге қарсы король отбасының туыстары – Йорковтарды, 
сонымен қатар Англияның ең ірі жер иеленушілерін қолдай бастайды. 1455 
жылы әулетті жақтаушылардың арасында жанжал басталды. Ол тарихта 
«Алқызыл раушан» және «Ақ раушан» гүлдер соғысы деп аталды. Бұлай 
аталуы екі жақтың ел таңбаларындағы бейнелерге (Ланкастерлердің ел 
таңбасында алқызыл раушан гүлі, Йорковтарда – ақ раушан гүлі бейнеленді) 
байланысты болды. Соғыс 1485 жылға дейін созылды. Ланкастерлерді 
72 


феодалдардың көпшілігі, әсіресе, үлкен қарулы күштерге ие болған 
Солтүстіктің феодалдары, ал, Йорковтарды экономикалық жағынан неғұрлым 
жақсырақ дамыған Оңтүстік-Шығыстың феодалдары, сонымен қатар «жаңа 
дворяндар» қолдады. Көптеген феодалдар үшін соғыс тек тонаушылық сипатқа 
ие болды, олар бір майданнан екіншісіне оңай ауысып отырды. Біраз 
қақтығыстардан кейін Эдуард Йоркский 1461 жылы Лондонды басып алып, 
өзін король (1461 – 1483 ж.ж.) деп жариялайды. Оның кезінде де соғыс 
толастамады. ІV Эдуард қайтыс болғаннан кейін інісі Ричардтың бұйрығы 
бойынша Тауэрде тақтың заңды мирасқорлары – Эдуардтың жас балалары 
өлтірілді және тақты басып алып, ІІІ Ричард деген атпен (1483 – 1485 ж.ж.) ел 
биледі. Оған қарсы Ланкастерлер мен Йорковшыл барондардың бір бөлігі 
көтеріліс жасап, таққа жаңа үміткерлерді – Ланкастерлік отбасының кіші 
буынының өкілі Генрих Тюдорды ұсынды. 1485 жылы 22 тамызда Босфорт 
түбіндегі соғыста ІІІ Ричард жеңіліп, өлтірілді. Осы ақырғы соғыста Генрих 
Тюдор VІІ Генрих деген атпен Англияның королі болып жарияланды.
Осылайша ағылшын тарихында Тюдорлар әулетінің ел билеуі басталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет